Филология. Реферат. Қазақ жəне түркі тілдеріндегі түбірдің фонологиялық дамуы

Oinet.kz 12-09-2020 943

Бүкіл адамзат болмысының қалыптасуы қаншалықты күрделі де ұзақ даму жолынан өтсе, онымен бірге біте қайнаса дамитын тілінің қалыптасуы да соншалықты күрделі тарихты басынан кешіреді. Тілдің негізін қалаушы ең кішкентай бөлшегі болып табылатын əрбір дыбыс та ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі. Даму барысында дыбыстар жаңа сапаға ие болуының нəтижесінде өзгерістерге түседі. Ал бұл процесс халықтың өмірімен тығыз бірлікте жүріп отырады да, өз кезегінде əр халықтың лексикалық қорының дамуына тікелей əсер етеді. Фонологиялық жүйенің құрылу механизмінің күрделілігінен жəне даму процесінің өте ұзақ мерзімді қамтитындығынан дыбыс сəйкестіктерінің негізгі себебін анықтау да қиын мəселе болып табылады.

Кез келген халық өзінің бар болмысын тілінде сақтап, тіршілігіндегі өзгерістерін тілі арқылы жеткізіп отырған. Осындай халық тарихымен тығыз байланысты тіл сол халық туралы барлық ақпараттарды жинақтай отырып, өзіндік ішкі даму заңдылықтарымен дамиды. Бұл ішкі даму заңдылықтары тілдің барлық қатпарларын қамтиды. Дыбыстардың тарихи өзгерістері фонетикалық заңдылықтарын, ал грамматикалық формалар арқылы тілдің дамуы оның грамматикалық заңдылықтарын қамтиды. Дегенмен тілдегі кез келген заңдылықтарды сол тілді иемденуші халықтың тарихымен тікелей байланыстырып шешу мүмкін емес. Тіл үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп отыратын тарихи категория. Қалыптасу процесі өздігінен жүрмейді, сыртқы

факторлармен қатар белгілі бір ішкі заңдылықтарға бағынады. Мұндай заңдылықтар бүкіл тілдік жүйені қамтумен қатар оның шағын-шағын жүйелерін де іске қосып отырады. Ішкі даму заңдылықтарының лексикадағы көріністері өз алдына бір шоғыр. Солардың ең негізгілері деп төмендегі құбылыстарды танимыз. Фонетика түбірлес сөздердің көптеген проблемаларын шешуге көмектеседі. Əсіресе, тарихи түбірлес сөздерді топтастыру барысында туындайтын мəселелер фонетикалық құбылыстар арқылы түсіндіргенде ғана шешімін табады. Бүгінде түркологияда тіл дамуының белгілі бір кезеңінде мағына түрлендірудің өнімді тəсілін дыбыстардың өзгерісі іске асырғандығы белгілі. Дыбыстардың ауысуы белгілі бір заңдылықтар жүйесін құрап жəне осы тəсілден туындаған тарихи түбірлес сөздер сөздік қорымызда сақталғандықтан, түбірдің даму барысын, сол арқылы тілдің дамуын анықтауда бұл фонетикалық заңдылықтардың тигізетін көмегі шексіз. Түбірлес сөздер өздері жасалуына негіз болған алғашқы түбір мен бүгінгі тілдік сұраныста жасалған, пайда болу үстіндегі немесе қолданылып жүрген екіншілік, үшіншілік, төртіншілік жəне т.б. жаңа атауды таңбалаған тілдегі барлық туынды сөздерді қамтитындықтан, фонетикалық заңдылықтардың түбірлес сөздердің қорын анықтауда пайдасы зор. Фонетикалық жолмен жаңа сөз жасау қазіргі сөзжасамда белсенді қолданылмағанымен, тілдің тарихи дамуында белсенді рөл атқарғандығына тілімізде кездесетін тарихи түбірлес сөздерді топтастыру барысында көз жеткіземіз. Дыбыстардың алмасулары белгілі бір семантикалық жүк арқалағандықтан, тарихи түбірлестерді жасауға үлес қосқан.

Түбірлес сөздер түбірдің ұзақ уақыттық эволюциялық дамуында сол кезеңнің амал-тəсілдерінен жасалатын туынды сөздер болғандықтан, түбірлес сөздер жасалуында кездейсоқ құбылыстар болмайды. Сондықтан фонетикалық заңдылықтарды тілдік фактілерді зерттеуде түбірлестердің тілдегі толық бейнесін жасап, жүйелеу барысында əрдайым есепке алып отыру қажет. Мысалы: тынық тұнық; көлік – күлік; ауа əуе; жұта – жүде жəне т.б. сөздер тілімізде көптеп кездеседі. Бұлардың əр қайсысы тілдің тарихи даму барысыда бір-бір түбірлес сөздер парадигмасын жасауға негіз болады. Тектес, əр тектес сəйкестерді əңгіме еткенімізде протезалық, эпентезалық дыбыстарға соқпай өте алмағанымыз белгілі. Енді сол дыбыстардың сыналық, қыстырмалық қызмет атқарған элементтердің лингвистикалық жай-күйіне тоқтала кетелік.

й. Бұл ежелгі дəуірде таза дауысты и-ден пайда болған сонор фонема. Аллофондары жоқ, ең тұрақты дыбыс. Мұның протеза, эпентеза бола алатыны анық. Етістің –ур//-үр жұрнағы да дауыссыздан аяқталған түбірлерге тікелей жалғанды да (бар+ур, бер+үр, т.б) дауыстымен аяқталған түбірлерге й эпентезасы арқылы қосылады. Мысалы, Билиглиг кераглиг сөзин сөзайлур Кераксиз сөзин көмүп кизлайүр Билигсиз не айса айур уқмадин Аның өз тили өз башыны йейүр (Білімді керек сөзді айтады керексіз сөзін көміп жасырады Білімсіз не айтса ұқпай-түсінбей айтады (Йүгінеки, 1985, 27). «Сөзла», «кизла-», «йе-» түбірнегіздері мен –үр жұрнағының аралығындағы й эпентезасы екендігі екінің біріне түсінікті болса керек.

Сыналық, қыстырмалық дыбыс ретінде қызмет ету-й-дің табиғатынан пайда болған өзіне тəн қасиет. Осыдан да болу керек сөз құрамындағы белгілі бір дауыссыз дыбыс айтылуда сəл-пəл қиындық тудырды дегенше, немесе ол əлдеқандай себептерден редукция, элизияға ұшырады дегенше, й эпентезасы орнына барып тұра қалады. Турасын айтқанда, ол алфавиттегі барлық дауыссыз дыбыстарды алмастыра алады. Атам заманнан басталған осы процесс біздің заманымызға дейін жалғасын тауып келеді. Мысалға тарихи жазба ескерткіштеріндегі сөзле(говорить, рассказывать) (ДТС, 512), өг (разум, мысль) (ДТС, 378), қод(класть) (ДТС,451), қутад(становиться счастливым) (ДТС 472) есімшенің жұрнағы -мадын (ДТС, 657), қанда (қайда), қарар(қарай) (1, 1983,130-131 бб.) еб (жилище, становище) (ДТС, 162) формалары қазіргі қазақ тілінде – «сөйле-», «ой», «қой», «құттай», «-майын», «қайда», «қарар», «үй».

Бұл мысалдардан й-дің з, г, д, н, р, б дыбыстарын ауыстырып тұрғанын көреміз. Бұл шамамен алғанда соңғы бір-екі мың жылдың көлемінде болған өзгерістер.

Біз бұларды тарихи жазба ескерткіштердің көмегі арқасында ғана анықтап отырмыз. Тарихқа белгісіз дəуірде дауыссыздарды алмастырған й эпентезасы қазір əбден қалыптасып сіңісіп кетті. Оның сына, қыстырма дыбыс екені аңғарылмайды да. Сондай-ақ «сайра-» сөзінің түбірі «саб» (сөз) екендігі, «жайна-» деген. Сөздің түбірі«жаз» (жыл мезгілі), «түйне-» деген сөздің түбірі «түг» (түйін) екендігі қазіргі қоғам мүшелеріне беймəлім. Осы типтегі толып жатқан түбірлерді этимологиялық

зерттеулердің негізінде ғана анықтауға болады.

Жоғарыда келтірілген фактілер мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді: й-дің сөз құрамындағы (əсіресе бір буынды түбірлердегі) кезкелген дауыссызды алмасытру қасиеті оның сыналық, қыстырмалық табиғатныан пайда болған ерекшелік. Бұл құбылысқа келешекте тиісінше назар аударылуы қажет.

У Бұл дыбыстың в аллафоны қазіргі тілдерде протезалық қызмет атқаруға бейім. У сонары ежелден протезалық, эпентезалық қызмет атқарып келеді. Бірақ бұл дыбыс п, б дыбысына өзгеріп қалыптасып кеткендіктен байқалмайды.

Ақ деген мағына беретін «үрің» сөзі ескерткіштерде дауыстыдан басталған. Ал семантикасы осыған жуық «бор-бөз» сөздерінде дауыстыдан басталған. Б-ның сапалық сын есімдерінің түр-түсті білдіретін тақырыптық семантикалық тобына қатысы жоқ. Демек, «бор», «бөз» сөздері құрамындағы б протезалық фонема 

Өрілген шашты бұрым деп атайды. Кейде өрім дейміз. Арқан сөзіндегі ар түбірі мен өрім сөзіндегі өр сөзі варианттас. Ар да өр де дауыссыздан басталмайды. Ұрым сөзінің құрамындағы б-протеза.

Тілдік дамуға əсер ететін үнемдеу құбылысы. Бұл тілдің жүйесін қамтиды. Фонетикада «элизия», «апакопа», гаплолия, лексикада «метонимия», морфологияда «сіңісу» кіріккен сөздер т.б. алмасуларды, дыбыстар сəйкестігін, фонетикалық варианттарды, эпитезаны, метатезаны жəне т.б. құбылыстарды фонетикалық заңдылықтар негізінде ғана түсіндіре аламыз. Бұлар фонетикалық жағынан дамыған түбірлестерді айқындауда елеулі қызмет атқарады.

Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстардың түсіп қалуы элизия деп аталады (2, 16). Мысалы, торы ат торат, қайын аға –қайнаға. Ал тарихи тұрғыдан кейбір дыбыстар əр түрлі себептермен элизияға ұшырайды да, бірте-бірте айтылмайтын дəрежеге жетеді. Элизияның бір түрі – апакопа. Мұнда сөздің соңындағы дыбыс түсіп қалады.Тілдің даму барысында қазақ тілінде аталған сөздің соңындағы – ғ дыбысы айтылмайтын болған. Ұлығұлы, кішік-кіші.

Сөйлеуші дыбыстау органдарына күш түсірілмеуін көздеуі салдарынан дыбыстарды ғана емес буындарды да түсіріп айтады. Мысалы,болып-боп, келіп-кеп, барамын-барам.

Туысқан түркі тілдеріндегі лексикалық айырмашылықтар ең алдымен ықшамдалу ,қысқару нəтижесінде пайда блоған. Мысалы Оғуллақ сөзінің-лақ болып өзгеруі т.б. осыны көрсетеді. Түбірлес сөздер парадигмасының жасалуы тіл дамуының ұзақ процесін қамтиды. Сөздің құрамындағы дыбыстық

 Әдебиеттер:

  1. Ибатов Ə. Сөздің морфологиялық құрылымы. – Алматы, 1983. –148б

  2. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Алматы, 1967.–264 б.

  3. Сағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар Алматы, 2009.-502 б.

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Тірек сызбалар
Филология. Реферат. Антропонимдердің лингвомəдени ерекшеліктері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу