Ашық сабақ. Информатика. Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
9 сынып
Тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
(Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру).
ІІ. Өткен материалды қайталау
«Мен саған – сен маған» - стратегиясы.
(Оқушылар бір - біріне өткен сабақтын тақырыптары бойынша сұрақ қояды).
1. Нақты X айнымалысын сипаттау: Var x: real;
2. Символдық айнымалылар Паскаль тілінде... типіне жатады? String;
3. Егер L - бүтін, S - тұрақты, P - нақты сандар болса, VAR түйінді сипаттаймыз? const S=2: Var L: integer; p: real;
4. LENGTH (S) функциясы... S жолдық айнымалысының таңбасының санын есептеу;
5. UPCASE (Символ) функциясының қызметі? Латынның кіші әріптерін үлкен әріптерге ауыстырады;
6. Бір жолға неше символ жазуға болады? 255 - тен аспауы керек;
7. Символдық мән әрқашан... белгісінің ішіне алынып жазылуы керек апостроф;
8. Жолдың бірнеше таңбасын өшіру үшін..... функциясын қолданамыз?
DELETE;
9. INSERT (S1, S2, N) процедурасының қызметі......... S1 жолын S2 жолының N орнынан бастап енгізу;
V. А, В, С – деңгейінде тапсырмалар беру. (Карусель стратегиясы арқылы тексеру);
А - деңгейі
1. Енгізілген сөз тіркесі оңнан солға, солдан оңға оқығанда бірдей оқылатынын немесе оқылмайтынын анықтайтын программа құру. Мысалы: «қазақ», «көк», «нан», т. с. с
Program esep;
Var s1: array [1…50] of char;
N, I, k: integer; s: char;
Begin
Write (‘нүктемен аяқталатын мәтін енгіз’);
N: =0; k:=0;
While s < > ‘’ do
Begin
Read (s); n: =n+1; s1 [1]:=s;
End;
K: =o
For i: =1 to (n - 1) div 2 do
if s1 [i] < > s1 [n - i] then k:=1;
if k=0 then write (‘теріс оқылады’)
else write (‘теріс оқылмайды’);
end.
Программаның нәтижесі:
1) нүктемен аяқталатын мәтін енгіз
мектеп – енгізілген мәтін
экрандағы жауап – теріс оқылмайды.
В - деңгейі
1. Берілген мәтінде барлық «ми» буынын «ка» буынына ауыстыру программасын құру.
Program esepC;
Var s: string;
N, k: integer;
Begin
Writeln (‘berilgen matindi engiz’);
Readln (s); N: =1; k: = length (s);
For n: =1 to k do
If Copy (s, n, 2) = ‘ми’ then begin delete
(s, n, 2); insert (‘ка’, s, n);
Write (s); end;
End.
Программаның нәтижесі:
berilgen matindi engiz
микстура – енгізілген мәтін
какстура – шыққан мәтін
С - деңгейі
1. Берілген мәтінде барлық бос орын символдарын алып тастау программасын құру.
Program esepB;
Var s: string;
N, k: integer;
Begin
Writeln (‘berilgen matindi engiz’);
Readln (s); N: = 1; k: = length (s);
While n<k do
If s [n] = ‘’ then begin delete (s, n, 1);
K: = k - 1 end else n:=n+1;
Write (s);
End.
Программаның нәтижесі:
1) berilgen matindi engiz
Мен Қазақстанда тұрамын – енгізілген мәтін;
2) МенҚазақстандатұрамын – шыққан мәтін.
2. Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.
Program austir;
Var s: string;
k: byte;
begin
readln(s);
for k:=l to length (s) do
s[K]: =Upcase (s[k]);
writeln(s);
end.
VI. Сабақты бекіту (Компьютерде тест орындау).
І нұсқа
1. Паскаль тілінде мына мысалдың мағынасын жазыңыз. B= A+10
А) A+10: B В) B:=A+B С) A:=B+10 Д) 10+A:=B
2. INTEGER операторы қандай типке жатады?
А) нақты Б) бүтін + В) логикалық С) тіркестік Д) мәтіндік тәрізді тип
3. Мына программаны орындағанда A=5, B=4, A=b+4 жауабы неге тең?
А) A:=5; B=9; Б) A:=4; B: 8; В) F:=8; B:=7; С) A:=5; B;=4 Д) A:=8; B:=4 +
4. Енгізу операторын көрсетіңіз.
А) WRITE. Б) GOTO. B) IF… THEN C) READ + D) TEXT.
5. FOR…TO… ДО бұл қандай операторлар?
А) шартты көшіру Б) шартсыз көшіру В) циклдің шартты ауысуы. С) Қайталану циклінің алдын - ала белгілі саны. + Д) Қайталау циклі.
6. REAL операторы қандай типке жатады?
А) бүтін Б) логикалық В) нақты + С) тіркестік Д) мәтіндік тәрізді тип
7. BOOLEAN операторы қандай типке жатады?
А) бүтін Б) тіркестік В) мәтіндік тәрізді тип Д) нақты С) логикалық +
8. Мына операторларды орындағанда х айнымалысы неге тең?
х:=4;
Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция. жүктеу