Ашық сабақ. Информатика. Графикалық программаларда шығармашылық жұмыс жасау
Графикалық программаларда шығармашылық жұмыс жасау
XXI ғасыр компьютердің ғасыры. Олай болса, азаматтардың барлығы компьютерді игеру өмір талабы. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсат жас ұрпақты жай ғана оқытып қана қою емес, сонымен бірге даярлау. Ғылымның өсіп – өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу – тәрбие пайдалану қажет. Оқу процесін гуманизациялауды, жаңа технология мен озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған білім беру жүйелерінің алдын ең маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін өзі дамытып жетілдіре алатын жеке кәсіби маман даярлау аса маңызды.
«Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру» мамандығы бойынша оқу бағдарламасына енгізілген Corel DRAW, Adobe Photoshop, 3Ds MAX программаларды оқытылады. Осы графикалық программаларды оқытуда мақсат ЭЕМ операторы – қазіргі заман талабына сай, компьютердің мүмкіншіліктерін кеңінен қолдана алатын жеке кәсіби маман даярлау.
Графикалық программалардың мүмкіндіктері әртүрлі, дегенмен олардың құрылымы негізінде ортақ принциптер бар. Сол себепті векторлық, расторлық және үш өлшемді бейнелерді салу жолдарын көрсетуді екі бөлімге бөлдім: теориялық және тәжірибелік.
І. Бірінші бөлімнің мақсаты бейнелерді құрудың теориялық мәселелерін қарастыру.
1. Графикалық бейнелерді көрсету әдістері: векторлық, расторлық және үш өлшемді.
Adobe Photoshop – расторлық бейнелерді өңдеуге ең танымал программалардың бірі. Бұл программаларда расторлық кескіндерді жасау және өңдеу арқылы жоғары сапалы кескін (фотосуреттер) коллаж құруға әр түрлі бейнелерден қызықты, ерекше эффектілер алу үшін қолданылады.
Расторлық программалар суретті қалыптастыратын жүздеген және нүктелермен жұмыс істейді. Расторлық бейне мозаика сияқты өте ұсақ элементтер – пиксельдерден тұрады. Расторлық сурет тор көз дәптер бетіне ұқсайды, оның әр беті белгілі бір түспен боялады және осындай бояу нәтижесінде бейне қалыптасады.
Corel DRAW – векторлық графиканың негізі болып қарастырылады. Геометриялық фигуралардың векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер компьютер жанында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салынған уақытта программа оның радиусын, центрінің координаттарын, сызықтың түсі мен фигураларды бейнелеуге болады. Векторлық суреттің параметрлерін масштабтауға болады. Осының нәтижесінде сүреттің сапасы өзгермейді.
Corel DRAW векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық бейнелерді өзгерту мен жасаудың көптеген жолдарын қамтиды. Программа интерфейсі қолдануға өте қолайлы және алынатын кескіннің сапасы жоғары болып келеді. Программа қарапайым болғандықтан, оны меңгеруі оңай және қолданушы – ның интерфейсі ыңғайлы болып табылады. Векторлық және расторлық графиканың құралдарын оқып – үйрену кезінде барлық жұмыстар нақты графикалық кескіндерді құру және өңдеу мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта компьютерлік технология әлемінде үшөлшемді графикалық программаны зерттеу ерекше орын алады. Үшөлшемді программаны құрастыру үшін графикалық модельдеу программасы бойынша терең білім қажет. Осындай программалардың бірі 3D STUDIO MAX болып табылады. Бұл программа дүние жүзінде ең көп таралған. 3D STUDIO MAX – ті кинофильмдер мен теледидар үшін анимациялар мен арнайы әсерлер үшін қолданылады. Сонымен қатар. 3D STUDIO MAX – ті дизайнерлер мен архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. 3Ds MAX – жұмыс жасау форматы – max.
2. Түстер және оны сипаттаудың әдістері
Түстерді компьютерге шығаруға мүмкіндік беретін, түстер сипаттамасы үшін арнайы құрал тағайындалған – ол түстер моделі. Оны компьютерлік графикада нәтижелі пайдалану үшін түс нүктелері электрондық сәуле әсерімен жарық береді Ол нүктелердің көлемі өте кіші (шамамен диаметрі – 0, 3 мм). Әр түрлі нүктелердің бірігіп жарқырауынан басқа түстер пайда болады. Компьютер экранының әрбір шыққан жарық мөлшерін басқара алады. Сондықтан бояу нүктелерінің жарық қарқындығын өзгерте отырып мыңдаған түрлі бояулар алуға болады. Бір сөзбен айтқанда таңдалған түс негізгі үш түстең жарықтарынан
жасалады. Олар қызыл, жасыл және көк, егер олардың әрқайсысының қарқындығы 100 пайызға жетсе ақ түс пайда болады. Ал барлық үш жоқ болған жағдайда қара түс пайда болады. Компьютер мониторында қолданылатын аддитивтік түстер жүйесін RCB аббревматурасы деп атайды. Субтрактивті түстер жүйесі негізі мынадай түстерден тұрады: көгілдір, сары және күлгін. Осы үш түсті қолдану арқылы қара, қызыл, жасыл және көк түстерді алуға болады. Бұл негізгі түстерді әр түрлі мөлшерде араластыру арқылы көптеген басқа түстерді алуға болады.
3. Графикалық файлдар форматтары
Бейнені сақтау мәселесі оларды соңынан өңдеу үшін өте маңызды. Барлық қосымшалар үшін жарамды, біркелкі графикалық файлдар форматы жоқ және болуы мүмкін емес. Бірақ кейбір форматтар белгілі бір бөлімдер үшін стандартты болып қалыптасты. Графикалық файл форматтарын ажырата білу бейнені тиімді сақтау және әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасуды ұйымдастыру үшін өте маңызды.
Графикалық файл форматы сыртқы тасуыштағы графикалық деректерінің көрсетілуі және орналасу әдістері. Пайдаланушыға графикалық деректердің сақталуы туралы ақпаратты білудің қажеті жоқ. Дегенмен векторлық және растрлық формат ерекшеліктерін ажырата білу бейнені тиімді сақтау үшін маңызды. Векторлық файл форматтарының қарапайым графикалық объектілерді тұрғызуға арналған суреттерді сипаттайтын, командалар жиынтығы бар.
Растрлық формат файлының ерекшеліктері:
Бейне өлшемі – суреттің көлденең және тік бағыттағы пиксельдер саны;
Биттік тереңдік – бір пиксель түсін сақтау үшін пайдаланатын бит саны;
Сүретті сипаттайтын деректер сол сияқты кейбір қосымша ақпарат.
Әртүрлі форматтағы расторлық графика файлындағы бұл ерекшеліктер түрлі әдістермен сақталады.
ІІ. Екінші тәжірибелік бөлімнің мақсаты - Corel DRAW векторлық, Adobe Photoshop – расторлық және 3Ds MAX үш өлшемді программалардың ерекшеліктерін қарастыру және тәжірибе жүзінде үйрету.
БҚО, Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылы «Е. Ш. Орақбаев атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Информатика пәні мұғалімі
Шарипкалиев Тимур Нурмангалиевич