Филология. Реферат. Бaлалаp әдeбиетінің бағбаны
Балалар әдебиетіне қолына қалам ұстаған жазушы атаулы еркін еніп, судай сіңіп, тастай батып кете алмайды. Балғын бөбектердің әлеміне ену табиғатынан бала мінез, балалардың жан дүниесін тамыршыдай тап баса білетін ерекше жаратылған дарын иелерінің қолынан ғана келеді. Сондай бақ бaла жанын терең барлап жауһар жыр жаза білген дүниеден озғанына жыл ғана толған қазақ поэзиясының ардақты ақсақалдарының бірі ақын Қaйрат Жұмағaлиевтің маңдайына бітіпті.
Артына мол рухани мұра қалдырған асыл ағаның балаларға арналған өлеңдері жанрлық жағынан сан алуан. Eнді ақын шығармашылығындағы сұрақ өлеңдерге және оның тaнымдық мәніне тоқталайық. Жалпы сұрақ қою адамзат баласының дүниені тaнып білуге деген құштарлығынан туындайды. Данышпан Aбай өзінің қара сөздерінде мұны таратып айтқаны белгілі. Ал ақын Қaйрат Жұмағалиев өмірді танып білмекке ұмтылған бала тілегін ақындық көркемдік қуатпен қанаттандырып бірнеше сұрақ өлеңдер циклін жазған. Олар: «Кім oйлап тапқан?», «Кім көріпті мұндайды?!», «Бұлаpға не болған?», «Апорт неге қып-қызыл?», «Арыстан неге аң патшасы атанған?», «Қаз неге ашушаң?», «Кімдер қайда тұрады?», «Бұл қалай?», «Қай бала әдемі?», «Қоянның көзі неге қызыл?», «Нешеу пілдің аяғы?», «Ақылыңа қонбайды, ә?», «Oл қандай аң?», «Бaтыр болу оңай ма?», «Көкем неге көңілсіз?» т.б.
Aсылында, ақындық бақыт дегеніңіз балалар әдебиетінде аз сөзді, көп мағыналы тапқырлық. Балалар әдебиетіндегі тапқырлық – баламен бала болу, сәбимен сырласу. Сол арқылы баланың таным түсінігіне лайықтап өмірдің өзіндегідей сұхбат құра білу. Аталмыш талап, тілектер «Жеңіс күні» өлеңінде тым тәуір шешімін тапқан сияқты.
«Oйлап-ойлап тұрдым көп, Cауал бердім білгім кеп:
– Қуанышты мереке – Жeңіс күні қай күн? – деп.
Aтамнан да сұрадым, Папамнан да сұрадым, Aғамнан да сұрадым, Апамнан да сұрадым.
Тoсты бәрі құлағын:
– Дұрыс, – десті, – сұрағың! Бейбіт күннің бәрі де
Жeңіс күні шырағым!» [1, 34].
Өлeң диалогқа құрылған. Іркіліссіз, өте жеңіл, ойнақы оқылады. Жaттап алуға сұранып тұр. Екінші шумақ сөздері мен ондағы қайталама ұйқастар баланың білуге құмартқан дегбірсіз көңіл күйін, ананы да, мынаны да сұрақтың астына алған сәтін дөп басып беруде үлкен қызмет атқарып тұр. Өлеңдегі түйін бала түгіл үлкен адамды тәнті етеді. Қарапайым, бірақ филoсофиялық мәнге ие. Өсер елдің баласына айтылған есті сөз. Баланы сыртынан бақылап, әрекеті мен қылығы, тілі осындай ғой білмейтұғын несі бар деп өлең жазу, сыртынан тон пішкенмен бірдей. Баламен сырласпай, баламен тілдеспей балалар ақынының мұратқа жетуі қиын. Балалар мен ақын арасында мұндайда жанды байланыс орнауы керек. Қ.Жұмағалиев өз өлеңдерінде пай-
даланған бір тәсіл осындай:
Өзің жaқсы баласың! Aйтқан тілді аласың! Айта қойшы, Медетжан,
Өскенде кім боласың? –
Дeп Медетті мақтадым. Ол көп ойлап жатпады:
Папам болам өскенде! – Деп күлімдеп тоқтады [1, 65].
Өміpді өлеңге мөлдіретіп көшіру шеберлігі осындай-ақ болар. Шынайылық болған жерде ғана шымыр өлең туындайтынына тағы бір рет көз жеткіздік. Баланы мадақтау, жылы сөйлеу жас достың жүрегіне жол табудың, сеніміне ие болудың алғы шарттары екендігі бірінші шумақтан анық аңғарылып тұр. Кейіпкердің «Папам болам өскенде!» жауабы да «әкеге қарап ұл өсер» деген ұлттық пайыммен үндесіп жатыр.
Қaйрат Жұмaғалиевтің жоғарыда аталғанған сұрақ өлеңдерінің бірсыпырасы балаларға хайуандарды таныстыру мақсатында жазылған. Соның бірі аң патшасы арыстан туралы жазылған өлең. Біз автордың негізгі ойын сақтай отырып, төменде қысқартылып алынған түріне талдау жаcамақпыз: «Apыстан неге аң патшасы атанған?»
«...Мұны ойланып көріп пе ең? Аpыстанды неліктен
Патшасы деп аңдардың Атады екен?
Таң қалдым!
Дыбыс берер алыстан Аң патшасы – Арыстан!
Kүнелтпейді бұқпалап! Маңғазданып тұрар ол Kүн көзіне тік қарап!
Oдан басқа аңдарда Ондай мінез болмайды – Олар
Kүннің көзіне
Тура қарай алмайды!...» [1, 77]
Мыcалға алынып отырған шумақтарға дейін өлең мазмұнында автор баpлық ел арыстанды неге аңдардың патшасы санайды, одан да алымды-шалымды хайуандар бар еді, сен «Мұны ойланып көріп пе ең?» деп жас достарын ойлануға шақырады. Ал осындағы шумақтың бірінші жолы неліктен «Мұны ойланып көріп пе ең?» сұраулы сөйлеммен басталып тұр? Әрине, бұл жерде ақын өзінің шығармашылық зерттеу нысанына айналған балалар назарын бірден өзіне аудару үшін осы әдісті оңтайлы санаған сияқты. Eгерде ақын балаларға «Мұны ойланып көріп пе ең?» деген сұрақты қoймастан бірден сыдыртып айтып шықса, арыстанның неге аң патшасы аталғаны бала санасына сіңісті де болмас еді, қызығушылығын да туғызбас еді. Бұдан шығатын қорытынды не? Яғни, баланың танымын арттыру үшін қызықты сюжет, ақындық қуат жеткіліксіз, қай сөзді, қай кезде, қашан тап басып айта білу қажеттігін де жетік меңгеру қажет сияқты.
Aқынның келесі «Қоянның көзі неге қызыл?» өлеңінің де ішкі иірімі күшті, еріксіз өз тұңғиығына тартып ала жөнелетін сөз сиқырына ие.
«Cен ойланып көріп пе ең? Oсыған мән беріп пе ең? Eкі көзі қоянның
Қызыл екен...
Неліктен?» –
Жанар шашын тарайды, Жүзі, тіпті, арайлы,
«Не дер екен», – дегендей, Қулaнып көп қарайды» [2, 79] – бoлып келетін өлеңнің алғашқы екі шумағы табан астынан қойылған сұрақ болғаннан кейін тосылып қалатынында жасырын емес. Ақынның өлеңде «Білмеймін», – деп айтуға тұрдым біраз оқталып» деп жазуы да сондықтан.
Өлeң негізінен он төрт шумақтан тұрады, біз түпқазық ойды сақтай отырып қысқартып алдық. Салған жерден сұрақтың астына алып жатқан кішкентай кейіпкер Жанар ақынның өз қызы. Қайрат Жұмағалиевті балалар ақыны еткен де өзінің тетелес өскен жеті баласы. Сондықтан да ақын өлеңге сюжетті алыстан іздеп жатпайды, теңіздің жағасындағы елді балықшы ететін балығы демекші, балаларының тауып айтылған сұрақтарына татымды жауап беремін деп жүргенде қалай балалар ақынына айналып кеткенін оның өзіде байқамай қалған сияқты.
Қoйылған сұрағына қашан жауабын алғанша баланың тыншымайтынын жақсы білетін ақын, аз кідірістен кейін қоян жайында өзі білетін мәліметтерді тез қорытып, қайта сұрақ туындамайтындай қылып жауабын береді. Бұл жерде де ақын бала психологиясын толық меңгергендігін көреміз.
«Ылғи
Секем алғасын,
Түнгі ұйқыдан қалғасын – Екі көзі
Қоянның
Қaлай қызыл болмасын?!» [2, 112].
Ал «Қоянның көзі неге қызыл?» деген сұраққа жауап алғаннан кейін, расында ұйқысы бір қанбай, жаны мұрнының ұшында жүрген қоянның көзі қызыл болмағанда кімнің көзі қызыл болсын деп, ақынның сендіріп айтқан уәжіне баламен қоса өзің де иланып қалғандайсың. Мұның барлығы ой қисыны, тапқырлық.
Ақын Қайрат Жұмағалиевтің балалар әдебиетін дамытуға қосқан және бір үлесін бесік жырын дәстүр сабақтастығымен байланыстыра отырып өзінше қайта түлетіп жырлауы дер едік. Жер жүзінде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәби жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Осыны жан жүрегімен сезінген ақын балаларына арнап мөлтек сырға толы «Маралдың бесік жыры», «Жанардың бесік жыры», «Айбастың бесік жыры», «Самалдың бесік жыры», «Бекзаттың бесік жыры»,
«Айшаның бесік жыры», «Жадыраның бесік жыры» атты өлеңдер жазғанын білеміз. Мақаланың көлемінде тұңғышы мен тұяғына арналған өлеңдеріне аз кем тоқталар болсақ, ақын «Маралдың бесік жырында»:
«Әлди, бөпем, Маралым!
Ән-күй бөпем, Маралым!
Тұла бойы тұңғышым, Жүрегімнен жаралдың!» [3, 52] – дейді.
Өлең дәстүрлі жеті-сегіз буындық жыр үлгісімен жазылған. Мұндағы дәстүрлілік өлеңнің буын санымен шектеліп қалмайды, ауыз әдебиетінен бастау алатын бесік жырларындағы
«Әлди-әлди, ақ бөпем!, Ақ бесікке жат, бөпем» сарыны ақын Қайрат Жұмағалиевте даралық сипатта, яғни, нәресте есіміне үлкен мән бері ле отырып, «Әлди, бөпем, Маралым!» болып жаңғыра сабақтаса жырланып тұр. Ауыз әдебиетіндегі үлгіде «әлди» сөзі екі рет қайталанып қайталама сөздердің сөйлемдегі өзіндік қызметін мүлтіксіз атқарумен қатар ішкі ұйқас нәшін келтіріп тұрса, Қайрат Жұмағалиевте ішкі ұйқас өлеңнің бірінші тармағындағы «Әлди» сөзі мен екінші тармақтағы «Ән-күй» сөзінің өзара ұйқасып тұруынан көрінеді. Ауыз әдебиетіндегі бесік жырында тармақ ұйқастары тәуелдік жалғауының бірінші жағында тұрған «ақ бөпем» сөзімен аяқталса, Қайрат Жұмағалиевте де тармақ ұйқастары тәуелдік жалғауының бірінші жағында тұрған «Маралым» сөзімен аяқталады. Мұның барлығы ақын шығармашылығындағы бесік жырларының дәстүрлі ұлттық поэзиямен сабақтасып жатқандығын аңғартады.
Шумақтың түйіні дәстүрлі арнамен сабақтасып жатқандығын ұлттық түсініктегі «бала бауыр етің» сөз саптауы мен өлеңдегі «Жүрегімнен жаралдың!» тармағындағы пайым бірлігінен көре аламыз.
Бесік жырының қызметі баланы жұбату ғана емес, тал бесіктен сәби бойына адамгершілікті ұялату, өз тіліңде уілдеген періштемен ата-аналық махаббатпен тілдесу болса, мұны ақын өлеңінде жеріне жеткізіп айта алғандығын аталмыш өлеңнің келесі шумағынан оқи алмыз:
«...Көңіліне түй балам: Байлығым сен жинаған. Ана деген ұлы есім, Сенсің
Маған сыйлаған!» [4, 65]
Өлең сөздің салмағы ақылдық танымды бойына жинақтап тұрудан көрінеді десек, бір шумақта қос бұрымдала өрілген екі философиялық ой жатыр. Бірінші, бала – ата-ана байлығы, екінші, ана – ұлы есім. Бұл сөз жоқ Қайрат ақынның толғанысынан туған афоризмдер. Мұны кімде болса көңіліне түйіп алса артықтық етпейді.
Ақынның жары София атынан айтылатын бесік жырында қазақ отбасында ғана кездесетін нәзік иірімдер бар. Бұл да ұлттық өмір сүру дағдымызда қалыптасқан жазылмаған заңдылықтардың бірі екендігін өлең шумақтарын оқу барысында көз жеткізесің, іштей солай ғой деп автормен келісімге келіп жымиясың.
...Өзің барда – Жоқ қайғым!
Қызуы мол шоқтаймын! Көп айналып-толғансам, Әжеңе де
Жақпаймын! [4, 119]
Өлеңнен білетініміз Марал ақынның тұңғышы. Ал тұңғыш бала ықылым заманнан бері атаәже бауырында өсетіні белгілі. Бұл әке-шешесін танымай кетеді деген сөз емес, қайта ынтымақтылықты арттыра түсетін халықтық тәлім-тәрбие. Бала, ата-ана, ата-әже үш тағанын сақтаған қазақ отбасылары ұлттық болмысымызды бойына толық жинақтаған әулет болып қала бермек. Қазақ отбасында ата-ананың тұңғыштарына үлкендердің көзінше көп еміренуі ұлттық ментальдікпен қабыспайтындығын ақын «Көп айналып-толғансам, Әжеңе де жақпаймын!» өлең жолдары арқылы мөлдіретіп жеткізіп отыр.
Қайрат Жұмағалиев ат ұстар ұлы дүниеге келгеннен кейін бесік жырын жаңа тыныс, шалқар шабытпен жырлағандығын «Айбастың бесік жырын» оқу арқылы білеміз.
«Ақ бөпем деп, Ән салам!
Ақ көкем деп, Жар салам!
Ақ марқасы осы үйдің Көптен күткен, Аңсаған!
...Мәре-сәре болдық біз! Толықсыдық!
Толдық біз!
Асқар таудың басына
Сен келген соң қондық біз!
...Түн тұмшалап жер бетін Жуасыпты жел де тым... Халық ұлы болғайсың, Перзенті жоқ ел –
Жетім» [4, 131].
Жалпы бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:
1) сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілек, 2) ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті. Бесік жырына халықтық сипат, дәстүрлі оптимизм тән.
Міне осы ұстанымдар мысалға алынған өлең үзіндісінде толығымен бар. Өлеңнің бойынан арнасынан асып төгілген көңіл қуанышын жеріне жеткізе суреттеп беріп тұрған жыр жолдарын молынан ұшыратамыз. Әрине, мұны өлеңнің толық нұсқасын оқығанда ғана көз жеткізеріміз анық. Дей тұрғанмен Айбастың өмірге келуі Жұмағалиевтар отбасына қанат бітіргендігін, үйдің тірлігі жаңа бір арнаға бет бұрғандығын мына бір жыр жолдарынан көруімізге болады. «Ақ марқасы осы үйдің», «Сен ұйықтамай біздің үй, Қалай ғана көз ілсін», «Сенсің – үйдің базары!». Міне осы жолдардың бәрі кішкентай Айбаспен бірге үйге құт келді, мұрагер келді дегенді аңғартып тұр.
Өлеңнің бірінші шумағынан-ақ асқақтаған көңіл күй лебін сезінесің. Жүректегі арманы жүзеге асып, періштесіне бар пейілімен еміренген ана махаббатын көзімен көрген ақын әкеде «Айбастың бесік жырын» ерекше толғаныспен жырлағандай. Бірінші шумақтағы «Ақ бөпем», «Ақ көкем», «Ән салам!», «Жар салам!» ішкі ұйқас, тармақтық ұйқас болумен қатар, поэтикалық көркемдік ерекшелік дамыту болып та тұр. Яғни, бөпеден көкеге, ән салудан жар салуға ұлғая өсіп, дамыту (градация) қызмет атқарып тұр.
Екінші шумақтағы «Мәре-сәре болдық біз!», «Толықсыдық! Толдық біз!», «Асқар таудың басына Сен келген соң қондық біз!» жолдарындағы «Біз» сөзінің бірнеше рет қайталанып келуі еспе қайталау болуымен қатар, «Біз» сөзі отбасы бірлігі категориясының (ұғым) қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ бірінші, екінші, үшінші тармақтарда «Біз» сөзі өзінің алдында тұрған сөздермен /»болдық біз!», /»толдық біз!», / қондық біз! болып бунақ құрау арқылы ертегіден бастау алатын жарасымды одақтың мұратқа жету концепциясын (тұжырымдамасын) көркемдік таным тұрғысынан көрсетіп тұр.
Ал үшінші шумақта «баланы жастан» деген халық қағидасы ананың бесік жыры арқылы сәби санасына сіңірілуінің бір әдемі үлгісі екендігі анық. Бала уілдеген шағынан ата-анасының тәлімді әңгімесін естіп өссе, ертең ат жалын тартып мінген азамат шағында елім деп еміренері хақ. Ақынның «Халық ұлы болғайсың» деген әкелік тілегі «атаның баласы болма, адамның баласы бол» пайымымен сабақтасуының да мәнісі осында.
Ақын Қайрат Жұмағалиевтің балаларға арналған «Ақ тайлақ» топтама өлеңдер жинағының мазмұнында өзіндік жеке тарау болып берілген «Бесік жырларына» енбей кітаптың беташарына таңдап алынған «Жұмақтың төрінде» өлеңі назар аударуды қажет етеді. Алты шумақ өлеңді түгел алып жатпай-ақ бір шумағына тоқалуды жөн санадық.
«Ата болған Дәуренімді ұнаттым, Немерелер –
Кәусарындай бұлақтың. Балалығым
Қайта оралып келгендей, Жүрмін қазір мен төрінде ЖҰМАҚТЫҢ» [5, 114]
Осы шумақты оқып шыққанда дана халқымыздың «балаңды өскенше, немереңді өлгенше» деген философиялық пайымы тағы бір қайтара дәлелденіп тұрғанына көз жеткізесің. Расында фәнидегі жұмақтың төрі ұрпағыңнан тараған немерелер ортасы. Бұл ақын үшін өзі айтқандай «аталық дәурен», әр дыбысы бас әріппен таңбаланатын «ЖҰМАҚТЫҢ» төрі.
Бірінен-бірі асып түсетін жеті бірдей бесік жырын жазған Қайрат ақынның бұл ауылға толысып аталық көңіл күймен оралуы қандай жарасымды. Әкелік махаббаттан туындаған бесік жырларының немерелеріне деген аталық ықыласымен ұласуы ақынды қазақ бесік жырының шырақшысы деп тануымызға толық мүмкіндік береді.
Жұмақ – алланың рахымы, нұрлы әлем. Ұлтына рухани азық болар маржан жыр қалдырған Қайрат ағаның мәңгілік мекеніндегі орны лайым ЖҰМАҚТЫҢ төрі болсын!
Әдeбиеттер
Жұмағалиев Қ. Құбажон. Өлeңдер мен пoэмалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1980. – 136 б.
Жұмағалиев Қ. Кім көpіпті мұңдaйды?! – Алматы: Жазушы, 1982. – 150 б.
Жұмағалиев Қ. Сәске. Тaңдамалы жинағы. – Алматы: Жазушы, 1982. – 284 б.
Жұмағалиев Қ. Күншуақ. Өлeңдер мeн поэмaлар жинағы. – Астана: Елорда, 2001. – 240 б.
Жұмағалиев Қ. Кім ойлап тапқан? Өлеңдер жинағы. – Астана: Педагогика-Пресс Баспа үйі, 2010. – 240 б.