Өзбекәлі Жәнібеков және тарихи мұралар
01-11-2020
Тарихи лексика – тіл білімінің мәнді де маңызды салаларының бірі. Негізгі зерттеу нысаны – лексика, оның даму жолдары мен қалыптасу заңдылықтары. Тарихи лексика тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші халықтардың бастан өткізген тарихи дәуірлер мен жүріп өткен жолдарына қатысты тілдік бірліктердің шығу тегін, қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдерінің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді. Тарихи лексика тіл фактілерін тарихи тұрғыдан зерттеуді негізгі нысанаға алады. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланысты сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына, салт-сана, әдеп-ғұрыпына экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттеуді қажет етеді. Әрбір тілдің лексикалық қоры, қат қабат сөз байлығы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен байланысты, сол халықтың халық болып дами, қалыптаса бастаған кезеңдердің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын мұрасы болып саналады.
Тарихи лексика – халық тарихындағы түрлі кезеңдер мен оқиғалардың, қатынастардың белгі-қасиеттерін бойына сақтаған мол қазынасы, этнос тұрмыс-тіршілігінің, әлеуметтік-саяси жағдайының, оның тарихының, мәдениетінің баға жетпес мұрасы. Түркі тілдерінің тарихи жазба деректері қазақ тілінің тарихын таразылауында, халықтың рухани-материалдық байлығын, жаңа тарихын зерделеуінде зерттеу көздерінің табылмас қайнар көздерінің бірі – тарихи лексика.
Тіл қоғаммен бірге жаралып, бірге өмірс сүрсе, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері тарихи жазба жадыхаттарда айқындалып, сақталған. Лексикологияның дамуы соңғы жылдардағы зерттеулердің тілдік негізі экстралингвистикалық бағыттың (тарихи, этнографиялық т.б.) маңызды айқындалғандығының дәлелі. Сонымен қатар, тарихи дәуірлердегі халықтың материалдық және рухани мәдениетіне қатысты қалыптасқан тілдік бірліктердің дамуы негіз бола алады. Тарихи лексиканы кешенді зерттеу арқылы анықталған ғылыми ізденістердің мәні зор. Этностың тарихи дамуындағы, материалдық және рухани мәдениетін бейнелеу тілдің тарихи лексикасының ерекше маңызын көрсетеді, бұл бұған дейін лексикологияны зерттеу, жинау тек тіл тарихын жасау тұрғысынан ғана қарастырылды дегенге мегзейді.
Тіл адам баласының қолымен жасалған мәдени, рухани және материалдық байлығын сөз арқылы атап көрсетеді. Сөз – заттың таңбасы, ұғымның аты, сөз бар жерде ұғым бар, ұғым мағынамен ұштасып, ойлаумен қабысып, өзара тығыз байланысып отырады. Сөздің мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы. Лексикалық сөз – аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік (единица). Сөздің лексикалық бірлік ретіндегі басты қасиеті – белгілі тарихи кезеңде қалыптасқан ұғымды білдіріп, атап, оны ұрпақтанұрпаққа жеткізуші қызметін атқаруы.
Қазақ тілінің тарихи қалыптасуын зерттеп, соның негізінде қазақ тіл білімінде тарихи лексикология мен семасиологияның негізін салған ғалымдардың бірі ретінде Ғ.Мұсабаевтың аса ден қойып, өнімді еңбек еткен саласы – қазақ тілінің тарихы. Тіл тарихы мен ел тарихын, сөз тарихы мен табиғатын зерттеу – өмір бойы сөз мәніне зер салу мен жинақтап анықтау ғылыми зерттеудің негізі болған. Сөйлеу тіліндегі көне тілдің сарқыншағы, көрінісі ретінде сақталып қалған ертедегі ру тілдерінің қалдықтары, көнеленген қат-қабаттары бар. Бұған қосымша, қазақ халқының әр кезде көрші халықтармен қарым-қатынасын көрсететін ауыс сөздер де табылады.
Тарихи лексика – тіл білімінің мәнді де маңызды салаларының бірі. Оның негізгі зерттеу нысаны – лексика, оның даму жолдары мен қалыптасу заңдылықтары. Тарихи лексикология тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші халықтардың бастан өткізген тарихи дәуірлер мен жүріп өткен жолдарына қатысты тілдік бірліктердің шығу тегін, қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдерінің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.
Тарихи лексикалогия тіл фактілерін тарихи тұрғыдан зерттеуді негізгі нысанаға алады. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланысты сол халықтың мәдениетіне, дүниетанымына, салт-сана, әдеп-ғұрыпына экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттеуді қажет етеді. Өйткені әрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен байланысты, сол халықтың халық болып дами, қалыптаса бастаған кезеңдердің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады. Әрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу – оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-сипатын ескере отырып қарастыру, жалпылама емес, нақтылы объектімен байланыстыру. Ал бұлардың бәрі тарихи лексикологияның бір тілдегі нақтылы объектісі болып саналса, оның туыс және туыстас тілдердің лексикасын зерттеуге байланысты проблемаларының шеңбері бұдан әлдеқайда кең болатыны түсінікті [1, 65].
Тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу объектісі мен белгілі тәсілдері бола тұрса да, оның дербестігінен гөрі ғылымның басқа салаларымен байланысты, астарластығы ерекше көзге түседі. Айта кетуіміз керек, ол мәселе қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи этимологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі-жарымды еңбектерді есептемегенде, бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері жан-жақты қаралып, толық анықталып, зерттелген жоқ.
Лексикалық сөз де жалпы адам баласына тән ат қою амал-тәсілдері арқылы уәждену негізінде жасалады, ат қоюда тіл иесі белгілі ұғым, заттың көзге түсер ерекше белгі, қасиеттерін негізге алады, уәжге сүйенеді. Тонды – сөзі "қауызды" деген мағынаны білдіреді, яғни қабығы алынбаған, тазартылмаған бидай. Мұндағы ат қоюға таңбалауға негіз – өмір шындығы – тон, киім, бұл жерде қарапайым атау ғана емес, мағына дамуы, ауыс мағынаның пайда болуына әкеліп отыр. Бұдан атау зат пен құбылысты таңбалап, атап қана қоймайды, оны ой-сана елегінен өткізу арқылы сезініп барып таңбалық, аталымдық дәрежеге жетеді деп түсіну керек. Ұғымның атау болып қалыптасуында адамзаттың танымдық әрекетінен бастап, толып жатқан тілдік құбылыстардың қатысатыны анық.
Сонымен, этнолингвистика ұлтты тану мақсатын көздейтін ғылым, бұл мақсатта ұлт тілі арқылы этногенез және этнос тарихын, этнос тарихындағы әр алуан қатынастар арқылы пайда болған тілдік процестерді, этностың қалыптасып, дамуындағы тілдің қызметі мен ролін, этностың дәстүрлі мәдениетінің ойлау әрекетінің тілдегі көрінісін, семантикасын этностың дүниетаным ерекшелігін, ділін анықтап, оның өзгелерден айырмашылығын, өзіндік таңбасын көрсетеді. Тұтастай алғанда, бұл этнос атты күрделі ұғымды толық танып, біртұтас келбетін сомдауға мүмкіндік береді [2, 92]. Осыған байланысты тайпалар тарихы, кейбір семантикалық белгілерден басталған этнолингвистиканың бағыттары – сан тарау.
Тіл тарихы халықтың тұрмыс-тіршілігінің, өмір сүру қалпының, шығу тегінің тарихи кезеңдерінің, шығу негізінің белгісі болып табылатын тіл әлемі – оның баға жетпес байлығы. Тарихи лексика – осы мұраның негізгі бөлігі, ұлт тілі тарихы дереккөзінің тармағы. Тарихи лексика – тіл үшін әдеби тілдің негізгі бөлігі ғана емес, әр тілдің өзара туыстығы жағынан жақын немесе біршама алшақтау тілдердің арасындағы ортақтық, туыстықты ажыратып, айқындаумен бірге, шығу тарихы жағынан көне соқпақтардың көмескі іздерін табу жолдарының да бағалы құралы. Себебі түркі тілдерінің шығу тегі бір, түркілердің ортақ Отаны Алтайдан басталған Дешті-Қыпшақтың сүрлеулерінде жатыр [3, 28]. Осыған орай, түркі тілдері тарихи лексикасының құрамын анықтауда ғалымдар оның: жалпытүркілік және одан тарайтын (туындайтын) негізі мен тарихи қарым-қатынас нәтижесінде пайда болған қабаттарына назар аудара келіп, тарихи лексикада түркі халықтары қарым-қатынасының тарихи тамырын байқататын қабаттардың барына көп көңіл бөлген.
Тарихи лексиканы зерттеу барысында туыстас халықтардың тарихымен салыстыра қарастыру өте тиімді болып келеді. Түркі тілдерінің туыстық жақындығы, өмір сүру жағдайының жақындығы жалпыхалықтық лексикадан ғана көрінбейді, тарихи лексика элементтері оның айқын мысалы бола алады [4, 78]. Түркі тілдерінің бірінде кездесетін тарихи сөз лексикалық норма болуы мүмкін.
Тарихи лексика – тіл тарихы туралы жалпы тіл білімінің бір саласы. Зерттеу обьектісі – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер, яғни жүйеленген әдеби тіл ескерткіштерінің де, халықтық сөйлеу тілінің де өзгерістері мен даму заңдылықтарының негізін анықтайды. Тарихи лексика жазба ескерткіштер тілін зерттеп қана қоймай, жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірлерде болған тілдің сипатын жобалауға да ұмтылады. Тарихи лексика өз зерттеулерін бүгінгі тіл фактілеріне талдау жасаудан бастап, сол қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде мұндай әдіс – ретроспективтік әдіс деп аталады. Жазба әдеби тілдің өзі халық тілі негізінде қалыптасатындығын, сондықтан оның құрамында бірнеше нұсқалар мен жарыспа элементтер болатынын былай қойғанда. Ол ауызекі сөйлеу тілімен тағызы қатынаста, тығыз байланыста болады. Тарихи лексиканың мақсаты – біртұтас халық, ұлт тілінің қалыптасу үдерісін айқындау болып табылады. Тарихи лексиканың да өзіндік даму жолы, ерекшелігі бар, алайда қазақ этносы тарихының әр кезеңін бейнелейтін, әр алуан қарым-қатынас, көрші елдермен байланыс, материалдық және рухани байлығының мән-мазмұны, өзіне тән бояуымен сақтап жеткізуші көздің бірі – этнолингвистикасы екені даусыз.
Әдебиеттер
Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. – М., 1964. – С. 221.
Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. І, ІІ, ІІІ. – М., 1969. – С. 160.
Мутьий И., Османов М. Маһмут Қәшқәрийниң жути, һаяти вә мазари тоғрисинда // Уйгур тили бойичә тәкшүрүшләр. – Алмута, 1988. – С. 40.
Сыздыкова Р.Г. Изучение казахского языка в дооктябрьский период // Развитие казахского и советского языкознания. – Алма-Ата, 1980. – С. 250.