Атақты дәрігер үйқамаққа алынды
30-09-2020
Леонард Эйлер
(1707-1783)
XVIII ғасырдың ұлы математигі. Швейцарияда туған. Ұзақ жылдар Россияда тұрып, жұмыс істеген, Петербург ғылым акдемиясының мүшесі. Эйлердің зор ғылыми мұралары математикалық анализге, геометрияға, сандар теориясына, вариациялық есептеуге, механикаға және басқа математиканың қосымшаларына қатысты алған тамаша нәтижелерден тұрады.
Рене Декарт
(1596-1650)
Француздың ұлы философы, математигі. Аналитикалық материяны жасаушылардың бірі. Айнымалы шамалар ұғымын енгізген. Оның идеялары көптеген өзінің ізбасарларын – «картезианшыларды» (Декарттың латынша аты – Картезий) тапты. Негізгі еңбектері – «Геометрия», «Рассуждение о методе».
Исаак Ньютон
(1643-1727)
Ағылшынның ұлы ғалымы. Г.Лейбницпен бір мезгілде математикалық анализ негіздерін жасады. Классикалық механиканы жасаушы. Ньютонның аса көрнекті жаңалықтары оптикаға, физика мен математиканың басқа да салаларына жатады. Оның ең басты еңбегі – «Математические начала натуральной философии» - табиғат жөніндегі ғылымдардың дамуына аса үлкен ықпал етті.
Лейбниц Готфрид Фридрих
(1646-1716)
Немістің ұлы ғалымы. Философ, математик, физик, юрист, тіл зерттеуші. Математикалық анализді құрушы (Ньютонмен қатар). Үлкен математикалық мектептің негізін салуші. Лейбниц идеялары математикалық логиканың дамуына зор ықпал жасады.
Ферма Пьер
(1601-1665)
Француз математигі және юристі. Өз заманының ірі математиктерінің бірі. Ферма сандар теориясы саласында да көрнекті жұмыстар істеді. Аналитикалық геометрияны құрып, сол арқылы аса үлкен нәтижелерге қол жеткізген.
Коши Огюстен Луи
(1789-1857)
Француздың көрнекті математигі. Анализ саласындағы бірқатар тамаша теоремаларды, комплексті айнымалылы функциялар теориясын, дифференциалдық теңдеулер теориясын және т.б дәлелдеді.
Георг Кантор
(1845-1918)
Неміс математигі. Кантордың идеялвры мен жұмыстары математиканың тұтас дамуына, онығ негіздерін түсінуге зор ықпал етті. Шексіз жиындар теориясына, нақты сандар теориясына қатысты бірқатар тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Вейерштрасс Карл Теодор Вильгельм
(1815-1897)
Математиканың әр түрлі салаларынан классикалық теоремаларды дәлелдеген неміс математигі. Вейерштрасстың математикалық анализді негіздеу жөніндегі жұмыстары, шын мәнінде, сындарлы қатаң теория құруды аяқтады.
Риман Георг Фридрих Бернхард
(1826-1866)
Неміс ғалымы, ХІХ ғасырдың ірі математиктерінің бірі. Сандар теориясы мен комплекс айнымалысы бар функциялар теориясында тамаша жаңалықтар ашты. Евклидтік емес жаңа геометрияның негізін салды, ол римандық геометрия деп аталады. Коши алған нәтижелерді жалпылайтын интеграл теориясын жасады.
Пафнутий Львович Чебышев
(1821-1894)
Орыс математигі және механигі. Оның әлемге танымал зарттеулеріфункциялардың көпмүшеге жуықтау теориясына («Чебышев көпмүшелері» ең жақсы жуықтау) интегралдық есептеуге, ықтималдықтар теориясына, механизмдер теориясына қатысты.
Джон Непер
(1550-1617)
Ағылшын математигі. Логарифмдерді ойлап тапқан, математика қосымшаларының дамуына зор ықпал еткен және көптеген ұрпаө есептегіштерінің жұмысын жеңілдететін тұңғыш логарифмдер кестесін құрған.