Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Бұл мақалада дискурс жəне оның түрлеріне қатысты пікірлер, мəтіннен айырмашылығы, лингвистикадағы алатын орны жайлы мəселелер қарастырылды. Диcкурстың өзіне тəн айқындауыш белгілері көрсетілген. “Дискурс” термині француз тіліндегі “discurs” “сөйлеу”, ағылшын тілінде “discourse” – “талқылау, сөйлеу ” деген мағынаны білдірсе, қазіргі кезде “айтушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз” деген мағынаға ие. Дискурста мəн, құндылық, бейне, пікір, менталды жəне виртуалды білім тасымалданады. Сондықтан да ол лингвистиканың да, философияның да, əлеуметтанудың да, психологияның да жəне өзге де пəндердің зерттеу нысаны бола алады. Негізгі өзекті болып отырған мəселе, дискурстың түрі – саяси диcкурс. Саяси дискурстың тууына себепші болған ғалымдар əртүрлі ғылым салаларында еңбектер жаза отырып, саяси дискурс мəселелерін зерттеуге ат салысты. Оның қоғамдағы рөлі мен лингвистикадағы ерекшелігі жайлы көптеген дəлелдер мен еңбектер қалдырды.
Қазіргі заман лингвистикасында адам танымы мен ой-өрісі құрылымын тіл арқылы тануға жəне бағытталған зерттеулер көрініс беруде. Бүгінгі таңдағы ақпараттың молдығы, лингвистикадағы сұранысқа сай ашылған жаңалықтар, жаңа ақпараттар, адам факторы мен оның тілі арасындағы кешенді байланыстың жаңа сатыға көтерілуі септігін тигізуде. Осы бағыттағы лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны ретінде танылған жоғары сатыдағы бірлігі мəтіннің өткен ғасыр ғылымындағы динамикалық сипатын ерекшелеуге аса назар аударылуында болып отыр. Осымен байланысты “дискурс” аталатын динамикалық мəтінді жаңа түрде танып – білу мақсатында мəтін лингвистикасы мен дискурс теориясы деп аталатын бағыттар, бірақ бір-бірімен өте тығыз байланыста бағыттар анықталуда. Бұл екі бағыттың зерттеу нысандары мен өзара айырмасы ажыратылып болған жоқ, өйткені зерттеу кезінде əр түрлі анықтамалар, тұжырымдамалар көрсетілуде. Қазіргі ғылымда біз дискурстың көптеген анықтамасын кездестіреміз. [1, 12-17].
“Дискурс” термині тіл білімінің тарихында 70-80 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бұл күндері дискурс “мəтін”, “сөйлесім”, “функционалдық стиль” сияқты терминдермен бір қолданылып жүргенін білеміз. Осы орайда 1978 жылы Т. Н. Николаеваның берген анықтамасына сүйенсек: “Дискурс – лингвистикалық мəтіндегі көп мағыналы термин. Ең маңыздысы:
Байланысқан мəтін.
Мəтіннің ауызшажазбаша формасы.
Диалог.
Мəн-мағынасы бірдей пікір алысушы топ.
Ауызша немесе жазбаша сойлеу ”.
Е. Ф. Киров: “Дискурс – бұл тарихынан бастап сол жəне басқа мəдениеттің қабырғасындағы, сол жəне басқа тілде айтылған жəне жа-
зылғанның барлығы. Оның мəні тереңде, тіл мен тілдік форма коммуникациясы дамып, зерттеліп жатыр жəне болашақта да солай жалғасады”, деп көрсетеді.[2].
Мəтін лингвистикасының негізін қалаушылардың бірі, голландық лингвист ғалым Теон Ван Дейктің пікірінше: “Дискурс” термині мəтіннің статикалық күйінен динамикалық күйін зерттеуге көшуі. 1950 жылдар Эмил Бенвенист айтылым теориясын қалыптастыра отырып, француз лингвистикасында дəстүрлі түрде қолданылып жүрген “дискурс” терминін жаңа мағынада – сөйлеушіге тəн айтылымның сипаттамасы ретінде қолданды.
Дискурс – адамға тəн қарым-қатынастың бірі. Ол мəтінмен тығыз байланысты, бірақ бір емес. Г. Смағұлова “ Шешендік сөздердің дискурсы” атты еңбегінде дискурс пен мəтіннің қарым-қатынастағы негізгі ерекшеліктерін салыстырмалы түрде былай көрсеткен:
Дискурс Мəтін
Қарым-қатынас акустикалық Қарым-қатынас визуалды түрде жүзеге асырылады. тұрғыда жүзеге асады.
Қарым-қатынас тілдік жəне тілдік Қалыпқа түскен сөйлеу əрекеті. емес амалдар арқылы жүзеге асады.
Қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен жеке түрде сөйлесе алу Қарым-қатынасқа түсушілердің арасында жекелеген мүмкіндігі болады. байланыс болмайды.
Қарым-қатынастың жүзеге асуы мен оны қабылдау бір мезетте, кеңістік Қарым-қатынастың тууы мен оны қабылдау əр кезеңде, пен уақыт жағдайында жүзеге түрлі кеңістік пен уақыт жағдайында жүзеге асырыла асырылады. береді.
Демек дискурс белгілі бір уақыт аралығында өтеді.
Қарым-қатынастың жүзеге асуы үнемі екі адамның (сөйлеуші мен тыңдаушы) Қарым-қатынастың жүзеге асуында жанды контакт жоқ. бетпе-бет,кезек-кезек алмасып отыруы,
жанды контакт арқылы жүзеге асырылады Мəтін – когнитивтік əрекеттің жемісі.
Дискурсқа ағымдылық сипат тəн, ол Мəтін – тілдік материалдың статикалық қалпы, коммуниканттар арасындағы үздіксіз көрсеткіші.
процесс. Мəтін – дискурсқа “дайын өнім”.[3, 19]
А. Əділова дискурс пен мəтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын төмендегідей келтіреді:
Дискурс автор интенциясына, стиль ерекшеліктеріне байланысты сұрыпталып алынатын тілдік құралдардың жиынтығы.
Дискурс мəтінге қарағанда кең ұғымды қамтиды. Ол сөйлеу үдерісі.
Дискурс нақтылы уақытпен ажырамас бірлікте, ал мəтін тек мəдени кеңістікте өмір сүреді, уақытқа тəуелді емес, кез келген кезде екінші бір дискурста өзектенуі мүмкін.
Дискурсты қайта туындатуға болмайды, ал көркем мəтін қайта туындауға қабілетті əрі бейім.
Дискурс ақпаратты беру тəсілі болса, мəтін ақпаратты сақтаушы, жинақтаушы, жаңа мəн тудырушы көпқырлы, көпқабатты құрылым.[7, 235]
Дискурс – шынайы өмірде нақты бір коммуниканттар арасында, нақты уақытта, белгілі бір орында орындалған сөйлеу əрекеті. Яғни, сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың əрқайсысына шынайы өміріндегі оқиғалардың тізбектеліп тілге көшуі мен сол арқылы дискурс нəтижесі мəтінге айналып, тілде сақталуы.
Дискурстың негізгі ерекшеліктері:
Тақырыптық байланыс, яғни, бір тақырып – дискурс төңірегіндегі мазмұнның жиналуы;
Жағдаяттылық, коммуникативтік қарымқатынас саласына сай, дискурс нақты мəселе төңірегінде құрастырылады;
Жылдамдылық, кейбір жағдайда тақырып өзгеріске ұшырай алады;
Əлеуметтік бағыттылық;
Əртектес құрылымдылық;
Мəтін шекарасының белгіcіздігі; Дискурстың мазмұндық толықтылығын коммуникативтік жағдаят пен тақырыптық байланыс орындаса, вербалсыз сигналдар, атап айтқанда, мəтіннің аяқталғаны, үзілістер, басқа тақырыптарға көшу арқылы білінеді. Сондықтан да дискурсты коммуникациялық қарымқатынастан тыс талдау мүмкін емес.[4, 10-11].
Дискурс туралы айтылған пайымдаулар мен тұжырымдар дара айырмашылықтары бар бірнеше бағытты қалыптастырды.
Бірінші бағыт өкілдері “дискурс” терминін таза лингвистикалық аспектіде қолданғанды жөн санайды. Бұл бағыттағы зерттеушілер дискурсты “сөйлеу”, “ мəтін”, “диалог” сияқты дəстүрлі ұғымдарды нақтылап дамыту үшін қолданады.
Екінші бағытқа француздық структуралистердің пікірлерін жатқызуға болады. Олар дискурсты стиль ұғымымен байланысты қарастыра отырып, тілді əлеуметтік қарым-қатынас субъектісін нақтылауға атсалысатын құрал ретінде таниды.
Үшінші бағыттағы неміс ғалымы Ю. Хабермас “Дискурс национальности” деген еңбегінде: “дискурс – шындық өмірден алшақтауда жүзеге асатын коммуникацияның ерекше түрі. Дискурс бұл сөйлеу əрекетінің көрінісі”-дейді. “Дискурс” терминінің күрделенуіне байланысты ғылымда əлі тұрақтанған анықтама қалыптасқан жоқ. Осыған орай дискурс ұғымы прагмалингвистика, функционалды лингвистика, лингвостилистика, лингвомəдениеттану тұрғысынан түрлі анықтамаларға ие. Дискурс ұғымын Ю. Хабермас “Коммуникативтік компетенция теорисына дайындық” атты еңбегінде пайдаланып, оған мынадай белгілер тиесілі деп қарастырады: “Дискурс – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде дискурс – уақыттың мəдени-тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада дискурс қандай да болмасын мағынаны, құнды іс-əрекеттің нақты тілдік шындығын айтады.”[3, 17-18]
Дискурсадамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен бірлігін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды. Сөйлеу арқылы ғана дискурстың дамуы өрбіп, түрлері ерекшеленеді. Қазіргі кезде ғылыми сипат алған дискурстың бірнеше түрлері бар. Бұларды толық немесе аяқталған деп айтуға болмайды. Себебі, бұл бағытта əртүрлі тілдерде, олардың қызмет ету аясына қатысты көптеген зерттеулер жүргізілуде: 1) əскери дискурс; 2) газеттік дискурс; 3) Саяси дискурс; 4) бала дискурсы;
5) өнертану дискурсы; 6) магиялық дискурс;
бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы;
ғылыми (академиялық) дискурс; 9) парфюмерлік дискурс; 10) педагогикалық дискурс;
11) поэтикалық дискурс; 12) публицистикалық дискурс; 13) жарнамалық дискурс; 14) спорттық дискурс; 15) техникалық дискурс; 16) террористік дискурс; 17) феминистік дискурс;
18) көркем дискурс; 19) экономикалық дискурс;
20) электрондық дискурс; 21) этикалық дискурс; 22) заңи дискурс жəне т.б. [5, 232]
Дискурс тілдік феномен ретінде өзі əртүрлі ауысымдардан (мəтін, интеракцияға қатысушылар) тұрады да, осы ауысымдардың қатынасы мен бірігуіне байланысты дискурстың түрлері (типтері, топтары) пайда болады. Осындай типтердің бірі – іскери дискурс. Іскери дискурсты жан-жақты қарастырған Г.Г.Бүркітбаева оған мынадай анықтама береді: «Іскери дискурс – белгілі бір адамдар тобымен белгілі бір коммуникативтікинтеракциялық жағдайда жүзеге асқан дискурстың арнайы жанрларда көрініс тапқан нақты ұғымы». Іскери дикурс – ұжымдық ортада, қызмет бабында, ресми қатынастағы əңгімелерде қолданылатын сөздің ерекше түрі.[8, 235]
Осы сияқты дискурстың тағы бір кең тараған түрі – ғылыми дискурс. Негізінен қарымқатынастың жазба түрінде жүзеге асады, ал ғылым білім саласындағы негізгі жаңалықтары ғылыми мақалаларда жүзеге асады. Қазіргі таңда ғылыми дискурстың ауызша түрі семинар, конференция, дөңгелек үстел, симпозиум тəрізді түрлерінің өтуімен бұрынғыдан гөрі жанданып, ерекшеленіп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы – мəтін қолданыла келе тілші, теледидар, радио, ғаламтор, пресса арқылы таратылады. Мысалы: тілшілер, саясаткерлер, кəсіпкерлер (көбіне БАҚ мамандарының көмегімен) т.б. жазған сұхбат, газеттегі аналитикалық мəселелерді жатқызуға болады. Тілшілер қарастыратын жағдайларында тыңдаушылардың назарын мəселеге аударып, оның шешілу жолын ұсынады. Дискурстың басқа түрлеріне қарағанда саяси дискурс барлық халықтың мəдениетінде қазіргі кезде кең етек жая қойған жоқ. Саяси дискурс дискурстың институционалдық түрінің бірі. Егер дербес дискурс қабырғасында сойлеуші өз ішкі жан дүниесінен шыққан ойдың иесі болса, институциондық дискурста сөйлеуші əлеуметтік ортаның өкілі боп табылады. Саяси дискурс – билікті одан əрі бекіте түсу жəне оның бар екендігін көрсету мақсатындағы ауқымды дискурс.
Голланд тілші ғалымы Теон Ван Дейк: “саяси дискурсты əлеуметтік ортадағы, нақты айтқанда саясаттағы жанрдың бір түрі” деп көрсетеді. Үкіметтегі сараптаулар, парламенттегі дебаттар, партиялық бағдарламалар, саясаткерлердің сөздері,т.б. мұның барлығы саясат шеңберіндегі жанрлар. Саяси дискурс – бұл саясаткерлердің дискурсы. Саяси қатынаста саяси акт пен саяси орта сақталған кезде ғана дискурс ‘саяси’ болады. Саяси дискурстың қоғамдағы мақсаты азаматтарды жасалатын ісінің саяси дұрыстылығына сендіру. Қоғам мүшелерінің саясатқа сенімін арттыра отырып, ниетін оятып, іске көшуге жаңа бағыттар ұсынылуы арқылы жүзеге асады. Саяси ортаның сөйлеушісінің сөзі неғұрлым өтімді, нақты, сенімді болуы қажет. Т Ван Дейк: “ саяси дикурстың идеологиялық сараптамасына парламентте өтетін дебаттың қызықты материал болатындығын айтады, өйткені ол саяси партия өкілдерінің əлеуметтік танымын көрсететін нақты көрінісі”.
Саяси дискурс – күнделікті өмірдегі құбылыс. Билікке талас – ең маңызды тақырыбы жəне қатынас төңірегіндегі саяси ортаға негізделген уəж болып табылады. Өмірде қоғам қаншалықты ашық, демократиялы болса, соншалықты саясат тіліне көп көңіл бөлінеді. Саяси дискурсқа саясаттағы адамдар ғана емес, тілшілер, саясаттанушы жəне қайраткерлерде қызығады.
Саяси дискурс мəселесінің тууына себепші болған ғалымдар саяси қатынас, герменевтика, əлеуметтану, семиотика, саяси дискуссия төңірегіндегі жазылған еңбектері аса маңызды рөл атқарды. Олар: Т. Ван Дейк, Д. Говард, Г. Ласуэлла, М. Маклюэна, Ф. Уэбстер, М. Фуко, Ю. Хабермас т.б. Ресей ғалымдарының ішінде: М.М. Бахтин, Ю.М. Лотман, И.П. Смирнова, Ю. Руднева т.б. Қазақстандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде де дискурс теориясының мəселелері арнайы зерттеу нысанына алынып та, өзге мəселелерді сөз ету барысында да талданып жүр. Атап айтсақ: Смағұлова Г.Н., Ерназарова З.Ш, Əзімжанова Г., Есенова Қ., Жұмағұлова Б.С., Бүркітбаева Г., Садирова К.Қ., т.с. с көптеген ғалымдар қарастырған.
Соңғы он жылда саяси дискурс төңірегі лингвистердің үлкен зерттеу обьектісіне айналды. Саяси дискурсты танып-білу қызығушылығы тіл біліміндегі жаңа бағыт – саяси лингвистиканың тууына себепші болып отыр. Саяси лингвистиканың қазіргі тіл білімінде зерттелуінің өз ішінде өзгешелігі бар жаңа бағыты болып табылатындығы: əлеуметтік лингвистердің жетістігі (тілдің функционалдық жағынан зерттелуі), мəтін лингвистикасы (мəтіннің жан-жақты зерттелуі), когнитивтік лингвистика (тілдік тұлға т.б зерттелуі), стилистика (тілдің көркемдегіш амал-тəсілдерінің, қолдану аясының зерттелуі); ауыз əдебиетімен (халық шығармашылығының ауыздан шығарылып, ауызша таралуы) ұштасуы. Осы жайттарды айта отырып, саяси дискурс өзінің ерекшелігімен жəне формаларымен саяси ғылымның ғылыми категорияларының ішінде маңызды əрі тұрақты орын алатындығын айтуға болады.[6, 2-9]
Əдебиеттер
1 Садирова К.Қ. Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. – Ақтөбе, 2008. – Б. 12-17. 2 http // www.krugosvet.ru.discourse.
Ақтанова Л. Дискурс, мəтін, сойлесім,тіл мəселелері. – Б. 10-11.
Макаров М.Л. Основы теории дискурса. – М.: Гнозис, 2003. – 280 с.
Смағұлова Г.Н. Шешендік сөздердің дискурсы. – Алматы, 2008. – Б. 17-18.
Грачьяевич Э. Политический дискурс как средства политической коммуникации. – Б. 2-9.
Əділова А. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдық репрезентациясы, семантикасы, құрылымы фил.ғыл.докт.диссертациясы. – Алматы, 2009. – 235 б.
Бүркітбаева Г. Деловой дискурс. Онтология и жанры – А: Ғылым, 2005. – 235 б.