Ашық сабақ. Математика. Евклид өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 08-10-2019 871

"Евклид және оның «негіздері"
Александриялық ұлы математикатердің алғашқы қарлығашы Евклид еді. Ол біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басында Александрияға шақыртылып, онда математикадан сабақ берді. Евклидтің өмірі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы тек екі аңыз сақталған, оның біріншісі, Птоломей патшаның геометрияны бейнетсіз оп-оңай білдіретіндей жол бар ма? деген сұрағына Евклид «геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ» деп жауап қайтарыпты. Екінші аңыз бойынша бір шәкірт Евклидтен геометрияны оқу не пайда береді деп сұраған көрінеді. Сонда Евклид қызметшіні шақырып алып: «Оқудан пайда тапқысы келіп тұр екен, мына балаға үш теңге беріңдерші», - депті.
Евклид математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішінде атақты «Негіздерден» басқа «Берілгендер», «Оптика», «Катоптрика» (айналар теориясы), «Сектио канонис» (музыка теориясы), «Феномондар» (теориялық астрономия) т.б. бар. Алайда ғылым тарихында Евклид ең әуелі «Негіздер» (Начала) деп аталатын математикалық еңбектің авторы ретінде бағаланды.

Реферат. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану
Филология. Реферат. Бұқаралық коммуникация тілінің әлеуметтік проблемалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу