Филология. Реферат. Бұқаралық коммуникация тілінің әлеуметтік проблемалары
Мақалада бұқаралық коммуникация тілінің әлеуметтік-психологиялық проблемалары, тілдің әлеуметтік саралану мәселесі мен қоғамның әлеуметтік саралану проблемалары сияқты өзекті мәселелер қарастырылған. Тілдегі әлеуметтік және ішкі құрылымдық құбылыстардың өзара әрекеттесімі тіл туралы ғылымның маңызды бағыттары ретінде көрсетілген. Сөйлеушінің тілінде көрініс табатын басты әлеуметтік белгілер ретінде – жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, қоршаған ортасы мен аймағы, жынысы сияқты т.б. факторлар аталса, әлеуметтік нормалардың, қалыптың, ынталандырудың, уәждің, бағдардың, әлеуметтік бақылау тетіктері – әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік психологиялық жүйенің элементтері ретінде берілген.
Бұқаралық коммуникация тек ақпарат жеткізудің көзі ғана емес, ол өзі жеткізіп отырған ақпаратына көпшілік оқырманды сендіру мен сол көздеген мақсаты бағытында тәрбиелеу жүгін де қоса атқара алады. Осы тұрғыдан келгенде газет ұжымдық үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы қызметін де атқара алады. Газеттің сан қырлы қоғамдықәлеуметтік қызметін дөп басып, дәл таныған ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы кезінде «Газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газеті жоқ жұрт, басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керек, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды»,– деп, мерзімді басылымдар қызметінің сан қырын танып барып айтқаны ақиқат [1, 27].
Қазіргі қоғамда ақпарат көздерін таратудың телекоммуникация, интернет сияқты заманауи құралдары шығып, кең қолданысқа енгенімен, мерзімді басылымдардың, соның ішінде, газеттердің де әлеуметтік-коммуникативтік қызметі Ахаңбергендәрежедентөмендейқоймағаны даусыз. Алғашқы қазақ газеттері ұлт тарихында, мәдениетінде ерекше құндылықтарға ие болса, «әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті» [1, 30].
«Қай тілдің болмасын лексикалық жүйесін тек сол тілдің сөздік құрамының ішкі даму заңдылығының нәтижесі деп қарауға болмайтыны белгілі. Бұлай ету әлеуметтік фактордың әсері мен ықпалын елемегендік болар еді. Сонымен қатар аталған мәселеге бұлайша қарау тілдің құрамдас бөліктері: фонетика, морфология, синтаксистердің ішкі даму заңдылықтарын лексикаға формальды (механикалық) түрде таңа салушылыққа әкеліп соғады. Әдетте, фонетикадағы, синтаксистегі өзгерістерді қоғам дамуының бір ғана кезеңімен байланыстыра қарауға болмайды. Ал лесика болса, аталғандардан өзгешелігі, әлеуметтік өмірдің дамуымен тығыз байланысты. Мәселен, қоғамда өндірістің, шаруашылықтың, өнер мен ғылымның, техниканың т.б. дамуы мен ондағы жаңалықтар тікелей сол халық тілінің сөздік құрамында із қалдырып отырады. Ал тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымдарындағы өзгерістер оның тарихи даму барысында біртіндеп пайда болады. Бұларда ішкі құрылыс заңдылығы басым болады да, ал лексиканың дамуында шешуші рольді әлеуметтік фактор атқарады» [2, 20-21].
Тілдің лексика саласының өзгергіштігі, оның қоғамдық-әлеуметтік ортамен тығыз байланыстылығы өте ертеден байқалған. Тіл мен әлеумет арасындағы қатынас туралы алғашқы деректер Xvii ғасырдың басына жатады. Испаниядағы Саламанк университетінің мұғалімі Гонсало де Корреас өз кезінде «Тілдің диалектіден басқа, тұрғындардың жас ерекшеліктері немесе өмір сүру деңгейіне байланысты әртүрлері бар, яғни ауыл тұрғындардың, қарапайым тұрғындардың, зиялылардың, тарихшы-ғылымдардың, қарттардың, дін өкілдерінің, әйелдердің, еркектердің және, тіпті, жас балалардың тілдерінде өзіндік ерекшелік болады» – деп жазып кеткен.
Әлеуметтік топтар тіліндегі айырмашылықтарды бүгінгі күні «әлеуметтік диалектілер» терминімен атайды. Негізінен, бұл «әлеуметтік диалектілер» жалпыхалықтық тілден лексикасы арқылы ерекшеленетінін, оған кәсіптік-лексикалық жүйелер, топтық және корпоративтік лексикалар, әртүрлі ұжымдарға тән жаргондар, әлеуметтік топтарға тән шарт ты тілдер т.б. жатады. Кеңес лингвистерінің еңбектерінде тілдің бұлайша әлеуметтік саралануын қоғамның таптық құрылымға жіктелуінің тілдегі көрінісімен байланыстыра қарау үрдісі байқалады: «әлеуметтік диалектілердің болуы – түптің түбінде қоғамның таптық саралануынан туындайды, алайда әлеуметтік сараланудың нақты формалары белгілі бір таптың өкілдерінің тікелей және бір жақты белгілеріне тәуелді емес». [3, 32]
Тілдің әлеуметтік саралану мәселесі қоғамның әлеуметтік саралану проблемаларымен тығыз байланысты. Әлеуметтік лингвистика ны зерттеуші орыс ғалымдары әлеуметтік саралану қоғамдық өмірдің әртүрлі тарихи және әлеуметтік жағдайларда түрлі нақты мазмұнға ие болатын маңызды бөлшегі болып табылатынын көрсетеді. Тілдің әлеуметтік саралануында қазіргі қоғамның жай-күйі ғана көрініс алып қоймайды, сонымен қатар осы құрылымның өткен уақыттағы өзгеруі мен оның түрлі даму кезеңдеріндегі құрылымның өзгешеліктері де көрініс табуы мүмкін. Тілдің құрылымын суреттеуде оның әлеуметтік сипаты тұрғысынан, біз оның өткені мен келешегін, атап айтқанда, әлеуметтік дамуының барлық әлеуеттік болашағын ескеруіміз қажет.
Маркстік әлеуметтануда қоғам әлеуметтік және табиғи саралануға ажыратылған. Табиғи саралану адамдардың жасы, жынысы, нәсілі сияқты т.б. белгілеріне негізделсе, әлеуметтік саралану өндірістік қатынас негізінде пайда болды. Өндірістік қатынас жүйесіндегі әлеуметтік теңсіздік жайлаған қоғамда табиғи саралану әлеуметтік сараланумен тығыз жымдасады. Оның мәртебесінің әлеуметтік теңсіздікпен тікелей қатынасы анық көрінеді.
Өндірістік қатынас қоғамның таптарға бөлінуіненегізделеді,алолөзкезегіндеәлеуметтік қабаттар мен әлеуметтік топтарды қамтиды.
Тілдің әлеуметтік саралану проблемаларының негізгі аспектілерінің бірі – қоғамның әлеуметтік құрылымы мен тілдің құрылымының арасындағы қатынас болып табылады. Тілдің әлеуметтік саралану мәселелерін теориялық негіздеу әлеуметтік тілші-ғалымдардың қоғам құрылымын қалай түсінуімен тығыз байланысты. Оларды таптардың, әлеуметтік топтардың, қабаттардың, сондай-ақ кәсіби, мәдени және басқа да топтардың сандық ара қатынасы мен бөлінуі қатты қызықтырады. Осыған байланысты тілші-ғалымдардың ең негізгі бағыты әлеуметтік құрылымның көп деңгейлі үлгілеріне негізделеді.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен экономикалық даму халықтың әлеуметтік құрамына көп өзгерістер енгізді. Халықтың әлеуметтік жағдайы оның тіліне де зор ықпал жасады. Соған орай тілдің функциональдыкоммуникативтік қызметінде де түрлі әлеуметтік жіктеліс пайда болып, сөздер қызметі мен қолданылуы аясына қарай бірнеше функциональды стильдерге саралана бастады. Бүгінгі тілдегі әлеуметтік факторлар тілдің өмір сүруі мен дамуының көп қырлы формаларын туғызып, түрлі әлеуметтік топтардың тілдік қолданыстардағы ерекшеліктерін қалыптастырды. Тілдіңәлеуметтіктұрғыдансаралануы оның функциональды қызметіне де әсер етеді. Оның жұмсалымдық-әлеуметтік стартификациясы адамдар арасындағы нақты жағдайларды қамтамасыз ететін функциональды стильдерде көрінеді. Алайда, тіл мен әлеумет арасындағы байланыстың күрделілігі, көпқырлылығы мен жалпылығы тілдің әлеуметтік жіктелуін қоғамның әлеуметтік жіктелуінің толық көшірмесі ретінде қарастыруға жол бермейді. Белгілі бір әлеуметтік топтардың тілі сол ұжым немесе орта қолданатын тілдік құралдардың жиынтығын қамтитын әлеуметтік-коммуникативтік жүйені құрайды.
Тілдің табиғатын, оның мәні мен қызметінің заңдылықтарын және тарихи дамуын танудың басты жолы – бұл тілдің ішкі заңдылықтарының мәнін танумен қатар, оның әлеуметтік табиғатын да тану жолы. Тілдің әлеуметтік мәнін дұрыс тану – тілдің тарихи дамуы, қызметі мен өзара әрекеттесімінің заңдылықтарын тану үшін; қоғам мен жеке индивидтің тілге әсерін тану үшін; қоғам мен индивид өміріндегі тілдің рөлін тану үшін; тілдің адам дамуының өткені, бүгіні мен болашағына әсерін тану үшін – негізгі мәнге ие болады.
Кейбір зерттеушілер рөл, дәреже сияқты әлеуметтіккатегориялардытілдіңстилистикалық тарамдалуына әсер етуші факторлар деп қарастырады. Чеш ғалымы Й.Краус өзінің стиль қалыптастырушы факторларды зерттеу жіктемесіне төмендегі ерекшеліктерді негізге алады: 1) тілдік қатынас пен оның функциясы мен байланысты; 2) сөйлеушінің тыңдаушыға бейімделуімен байланысты; 3) сөйлеушінің жеке бағалауымен байланысты. Ал Петербург лингвисі К.А.Долинин адамның іс-әрекетінің рөлдікқұрылымынтілдіңфункционалды-стилистикалық саралануымен байланыстырады. Оның ойынша, функциональдық стильдер дегеніміз: «бұл кең түрде қолданылатын сөйлеу жанры, яғни әлеуметтік рөлдер – ақын, саясаткер, журналист, кәсіпкер т.б. сияқты сөйлеу нормаларының құрамына кіретін мәтіндер тобы» [4, 12]. Бұл нормалар – басқа рөлдік іс-әрекет нормалары сияқты сөйлеу субъектісі (автор) қандай мәтін айтқанын, қандай мақсатқа бағытталғанын, тыңдаушы одан не күтетінін, сонымен қатар, қоғамның сөйлеушіге қоятын талаптарын анықтайды.
Тілдің әлеуметтік жіктелуін қоғамның тек таптық бөлінісіне ғана қатысты қарастыру оны толық қамти алмайды. Сөйлеушінің тілінде көрініс табатын басты әлеуметтік белгілер ретінде мыналарды атауға болады: жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, қоршаған ортасы мен аймағы, жынысы, т.б. Сондай-ақ, әлеуметтікмәдени және әлеуметтік психологиялық жүйенің элементтері – әлеуметтік нормалардың, қалыптың, ынталандырудың, уәждің, бағдардың, әлеуметтік бақылау тетіктерінің тілге тигізер әсерін де ескеру қажет.
Тілдегі әлеуметтік және ішкі құрылымдық құбылыстардың өзара әрекеттесімі тіл тура лы ғылымның маңызды мәселелеріне жатады. Шетел тіл білімінің кейбір өкілдері ішкі құрылымдық факторларды әлеуметтік факторлардан бөліп қарастыруға ұмтылып жүр. Мәселен, Х.И.Ульдаль «адамдық фактордың» тілге әсерін, яғни әлеуметтің, қоғамның тілге әсерін жоққа шығаруға тырысты. «Адамдық фактордың»,яғниәлеуметтікжағдайлардыңтілге әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені тілдің құрылымы адамдардың сөйлеу әрекеттерінің барысында қалыптасады. Әлеуметтік факторлар тілдің өмір сүруі мен дамуының көп қырлы формаларын туғызып, түрлі әлеуметтік топтардың тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерін қалыптастырады. Бейтаныс адамдармен сөйлескен алғашқы минутта-ақ, сөйлеу дағдылары мен мәнеріне қарай олардың қай жерден екенін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, өзі мен қоршаған орта туралы қандай ойда екенін, білімі мен мәдениетінің деңгейін, қаншалықты ақылдылығы мен білімпаздығын аңғаруға болады. Бұған тілші-ғалым И.П.Лысакованың төмендегі сөзі толық дәлел бола алады: «Кез келген адамның сөйлеу тілінде оның әлеуметтік-таптық ерекшелігі, жасы, білімі, қызмет түрі, тұрғылықты жері, жынысы, қатынастың жағдайы, түрі, тақырыбы, мақсаты, сипаты көрініс табады» [5, 18].
Тілдіңкоммуникативтікқызметатқаратынын барлық ғалымдар құптайды. Тілдің әлеуметтік мәні оның осы қызметінде жан-жақты көрінеді. Коммуникативті қызмет адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасуының, әлеуметтік организм мен материя қозғалысының жоғары әлеуметтік формасы ретіндегі адамзат қоғамының өмірге келуінің, өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады.
Тілдің әлеуметтік табиғатына келсек, ол тек қана көпшіліктің, барша қауымның пікір алысу құралы немесе қоғамдық қатынасты іске асырушы құрал ғана емес, сонымен қатар ол еңбек ету процесінде адамның әлеуметтік жақтан дамуының қажетті компоненттері мен шарты және адамзаттың төл туындысы болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілдік проблемаларын зерттеуді үш негізгі бағытқа топтастыруға болады: 1) тілдің (сөздің) бұқаралықкоммуникацияжүйесіндегірөлінзерттеуге (әлеуметтік психология); 2) тілдің осы салада қолданудан туындайтын ішкі құрылымдық ерекшеліктерін талдауға (таза лингвистикалық тәсіл); 3) бұқаралық коммуникацияның соңғы жылдары өзектілікке айналған әлеуметтік проблемаларын зерттеу [6, 360].
Әлеуметтік-психологиялық бағыт бұқаралық коммуникация тілін идеологиялық және эстетикалық әсер ету құралы ретінде қарастырып, қоғамдық көзқарастың қалыптасуындағы тілдің рөліне ерекше назар аударады. Әлеуметтікпсихологиялық зерттеулерде қатынас процесінің қалыптасу проблемалары өзектілікке айналып, шындықтың таңбалармен берілу ерекшеліктері (мағынаның деңгейі), бұл таңбалардың өзара қатынасы (синтактика деңгейі) мен тиісті таңбалардың мағыналық қабылдану ерекшеліктерін (прагматика деңгейі) зерттейді. Сонымен бірге, тіл (сөз) мазмұнды жеткізуге мүмкіндік беретін және аудиторияға әсер ету тәсілдерінің бірі болып табылатын осы таңбалардың жеке түрі ретінде қарастырылады. Бұқаралық коммуникация тілі таза лингвистикалық аспектіде функциональды стильдердің бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда бұқаралық коммуникация тілі «кіші тіл» ретінде немесе әдеби тілдің ерекше нұсқасы ретінде ұғынылады. Мұнда тілдің бұқаралық коммуникация жүйесінде немесе оның бір түрінде қолданылуына негізделген түрлі деңгейіндегі лингвистикалық-стилистикалық модификациясы алғашқы орынға шығарылады. Бұл бағытта осы модификацияларды бұқаралық коммуникацияның әртүрлі салаларында қолданылуының өзара, сондай-ақ әдеби тілдің жалпы нормаларымен салыстыруға басты назар аударылады.
Бұқаралық коммуникация тілінің проблемаларын әлеуметтік-психологиялық және таза лингвистикалық тәсілмен қарастыру бұқаралық коммуникациядағы тілдің рөлі және бұқаралық комуникацияның тілдің дамуындағы рөлі деген ұғымдарды түсіну тұрғысынан бір-бірінен ерекшеленеді. Әдетте, бұл екі бағытты зерттеу таза теориялық және қолданбалы проблемаларды шешумен байланысты. Лингвистикалық тәсіл бұқаралық коммуникация мәтіндеріндегі әртүрлі таза лингвистикалық ерекшеліктерді анықтайды да, бұл тілдік құбылыстардың сыртқы факторлармен қатынасын анықтау оның мақсатына жатпайды және тілдік ерекшеліктердің мазмұнды қабылдауға әсері туралы мәселе қоймайды, бұқаралық коммуникациядағы тілдің қостілділікті дамыту факторы ретіндегі рөлін қарастырмайды.
Әлеуметтік-психологиялық тәсіл қоғамдық пікірдің қалыптасуындағы тілдің рөлін маңызды мәселе деп атайды, алайда аталған мәселелерді шешуге көңіл бөлмейді. Сонымен бірге, осы бағыттар шеңберіндегі негізгі міндеттерді қарастыру тым формальды және бұқаралық ақпарат жүйесінің қызметіндегі нақты жағдайларға қатыссыз жүргізіледі.
Бұқаралық коммуникацияның тілін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеу бұқаралық коммуникация саласындағы тілдік саясатқа, тілдің өмір сүруі мен әдеби тілдің даму ерекшеліктері, сондай-ақ тілдің нормалануы на және ана тілі мен екінші тілдің бұқаралық коммуникация құралдары арқылы таралуына қатысты көптеген мәселелерді қамтиды. Бұл тұрғыдан келгенде «бұқаралық коммуникация тілі» терминінің мәні әлеуметтік-психологиялық және таза лингвистикалық бағыттарға қарағанда әлдеқайда кең ұғымда қарастырылады.
Таза лингвистикалық құбылыстарды талдау тілдің бұқаралық коммуникация саласындағы қызметіне негізделген ішкіқұрылымдық ерекшеліктерді талдаумен байланысты. Мұндай ішкіқұрылымдық ерекшеліктердің ең маңыздылары ретінде төмендегілерді атауға болады: 1) бұқаралық коммуникация құралдарының типологиясы; 2) мазмұнның (мәтіннің) тақырыптық құрамы; 3) бұқаралық коммуникацияның әрбір түрінің ішкі жанрлық ерекшелігі; 4) белгілі бір аудиторияға бағытталу; 5) авторлық және редакциялау процесі, сондай-ақ бұқаралық коммуникацияның түрлеріне қатыссыз, алайда осы саладағы лингвистикалық модификациялардың қалыптасуын көрсететін құбылыстар, атап айтсақ: қос және көптілділік жағдайында тілдердердің өзара әсер ету процесі; ұлттық қостілділіктің таралуы; аудиторияның білім цензінің көтерілуі; әлеуметтік дамудың жалпы үрдістері (урбанизация, халықтың әлеуметтіккәсіптік саралану динамикасы); орталықтандыру процесі және мерзімді басылымдар, телевизия мен радио бойынша жергілікті комитеттердің жұмыстарын жетілдіру және т.б.
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу, ең әуелі, тілдің бұқаралық коммуникация саласында қолданылуының шарты мен көлемін зерттеуді көздейді. Мұнда аудиторияның әлеуметтік лингвистикалық сипаты, сондай-ақ осы салада тілдің қоғамдық қызметінің дамуы ескеріледі. Әлеуметтік лингвистикалық тәсіл бұқаралық коммуникацияның тілдік проблемаларын белгілі бір жағдайда кешенді қарастыруға мүмкіндік береді, алайда таза лингвистикалық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерді оның механикалық бөлшегі деп есептеу қате пікір болар еді. Әлеуметтік лингвистикалық тәсіл барысында таза лингвистикалық талдаудың әдістемелік амалдары мен әлеуметтік зерттеулердің әдістемесін қолдану бұл бағыттардағы нәтижелерді талдап қорытуға және олар қозғамайтын проблемаларды қарастыруды көздейді.
Әдебиеттер
Момынова Б. Газет лексикасы: жүйесі мен құрылымы. – Алматы: Арыс, 1999. – 228 б.
Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: Мектеп, 1978. –144 б.
Жирмунский В.М. Проблемы социальной дифференциации языков // Язык и общество. –М.: Наука, 1968. – 27-53 с.
Долинин К.А. Стилистика французского языка. – Л.: Просвещение, 1978. – 344 с.
Лысакова И.П. Тип газеты и стиль публикации. – Л.: Изд. ЛГУ, 1989. – 181 с.
6 Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. – М.: Наука, 1977. – 382 с.