Реферат. Бөлшек туралы түсінік

Oinet.kz 08-10-2019 2103

Реферат тақырыбы Бөлшек туралы түсінік
Ерте кезде адамдарға сауда - саттық және түрлі есептеу жұмыстарында бөлшектер мен үлестерді есептеу қажет болған. Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп атаған. Бөлшектер туралы түсініктің дамуында үш түрлі бөлшектер ұғымы қалыптасқан.
1. Бірлік бөлшектер (аликвоттық бөлшектер)
2. Жүйеленген бөлшектер. Жүйеленген бөлшектің алымы кез келген бүтін сан, бөлімі тек 10 санының немесе 60 санының дәрежелері ғана болған.
3. Жалпы түрдегі бөлшек. Жалпы түрдегі бөлшектің алымы да, бөлімі де кез - келген натурал сан болады.
Бөлшектердің мұндай әртүрлілігі есептеу және өлшеу жұмыстарында көптеген қиындықтар туғызады. Бөлшек ұғымының дамуы ғылым мен сауда - саттық жұмыстары өркендеген елдерде: Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Римде қалыптасады. Ертеде әр түрлі елдер бөлшек сандарды белгілеуде өздерінің түрліше символдарын енгізді.

Реферат. Автомобиль қозғалтқыштары
Шығарма. Эссе. Армысың! Балқаш – Алакөл.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу