Реферат. Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 08-10-2019 1100

Бейімбет Майлин шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні
Бүгінгі күні Елбасы «Рухани жаңғыру – Болашаққа бағдар» атты мақаласының өзі үшінші жаңғыруға бет алып отырғанымыздың дәлелі «Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылы 21 қарашадағы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осындай сөздермен басталады. Бұны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп қабылдаймыз. «Ұлы Дала тұлғалары» деп атағандай біз де әдебиет майталмандарын ұмыт қалдырмай, олардың еңбектерін оқушыларға зерттетіп, өте құнды екенін білім алушылардың санасына жеткізу біздің басты міндетіміз деп білемін.
Бейімбеттей біртуар жазушының шығармашылық тағдыры мен адами тағдыры теңдес емес. Ол айтарын айтып үлгермеген, жазарын жазып тауыспаған, жүректегі батпан шерді тұтастай тарқатып бере алмай кеткен боздақ. ХХ ғасырдың 30 - жылдарындағы лаулаған отқа зар заманның құйын - желі ұшырып түсіргенде, ақ мақтадай лап етіп жанып, отты шеңгелдің орамынан шыға алмай қала берген есіл ер. Бейімбет сан қырлы жазушы. Ол әдебиеттің барлық саласына араласып, барлық жанрда қалам тартқан адам. Әдебиеттің бір саласы – балалар әдебиеті. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім - тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап - ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой - арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавттар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң - тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.
Бейімбеттің балаларға арналған екінші бір дастаны «Кемпірдің ертегісі» аталғанмен, ертегі емес. 1916 жылдың азаттық оқиғасынан бір көріністі алға тартады. Бірақ бұл оқиғаны тартымды жеткізу үшін Бейімбет бала Асылбекке әжесінің аузынан ертегі етіп айтқызады. Бала кейіпкер Асылбектің сөздері дастанға енгізер есік, кіріспе тәрізді. Содан әжесі Асылбекке әкесі, өзінің ұлы Қайранбайдың июнь жарлығына байланысты ел наразылығы қау еткен көтеріліс кезінде халықтың жауы, өзін он жыл қанаған болыстың басын алған батырлығын ертегі етіп шертеді. Шынында да Қайранбайлардың ерлігі ертегідей емес пе. Бейімбеттің поэзиядан басқа жанрларда тікелей балаларға, балдырғандарға арналған шығармалары көп емес. Бірақ, қаламгердің осы азғана асыл мұрасының өзінде кейінгі қазақ жазушыларынан үлкен үлгі, тартылған жол бар еді. Алыптар тобының атсалысуымен қаз тұрып, бой тіктеп алған қазақ кеңес әдебиеті содан кейін - ақ кең өріске шыққан болатын».-[3].
Сонымен, көркем сөздің шебері Б. Майлин балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар» (1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923), «Қағынғыр – ананың ашуы» (1926), «Қос жетім» (1933), «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Өтірікке бәйге» (1922) деген өлеңдері мен әңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық қозғалысы жөнінде әңгіме айтуды өзіне міндет етіп қояды. Поэма балалардың ерлік істерге деген құлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси тақырыпта жазылған шығармалардың тәрбиелік күші осында. Бейімбеттің «Тәй, тәй, қаз, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923) деген өлеңдерінде ана қамқорлығы мен бала тәрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой - қиялын шарықтатып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі – ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б. Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады. Тәй, тәй, тәй!.. Қаз, қаз, қаз!.. Қарағым, апыл - тапыл басқанға мәз, Қосылып балалармен ойнауына, Жарқырап көкорайлы келді ғой жаз, - дейді және келесі шумағында оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ана тілегі баланы алға қарай талпынтады. Өлеңі арқылы жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше қажет екендігін құптайды, балаларға арналған халық өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі.
«Байшұбар» (1923), «Өтірікке бәйге» (1922) шығармаларында адамның ақыл - парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал - айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп - оңай құтылып кетеді. Балалар ықыласын өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалық тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға қалдырады, өздерінің көзқарасын, пікірін білдіруге және белгілі бір қорытындыға келуге үйретеді. Оқиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Екі қарақшы бірінен - бірі шошынады. Құдай - ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қыла жолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз - кем тілек етсем дағы, - деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім, Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жан ұшырады. Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады. [4]
Балалар әдебиеті - жас буынның сана - сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
Бұл мақалада Б. Майлиннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда балаларды тәрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырылды. Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушымыз Б. Майлин шығармалар жазды, қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етті. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті. Б. Майлин шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні зор. Олардың шығармаларының қай - қайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар

Реферат. Латын әліпбиіне көшу- рухани тәуелсіздік жолы
Реферат. Заманауи тәрбие теориясы туралы түсініктемелік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу