Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Әбу Әли ибн-Сина өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 08-10-2019 1054

Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина. Ол 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы Афшана қыстағында тәжіктің отбасында дүниеге келген. Бұл тұста Бұқар Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Әбу Әлиді бес жасында Бұқардағы мектепке оқуға береді. Әбу Әли он жасында құранды түгел жатқа айтатын болады, грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқарға белгілі философ Натилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары бойынша дәріс (сабақ) алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып-үйренуге кіріседі.
Ол, әсіресе, медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей-ақ білгін, зерделі оқымысты атанады.
Он сегіз жасында Әбу Әли Аристотельдің данышпандық мұраларын игеруге кіріседі.
Хорезмнің саяси жағдайы, Махмұд Ғазнауидің озбырлықтары Әбу Әлиді Хорезмнен де кетуге мәжбүр етеді. Тарихшылардың айтуынша, Әбу Әли өзінің ғылыми-философиялық трактаттарының басым көпшілігін осы кезеңде жазған. Олар – «Медицина негіздері», «Сауығу кітабы» т.б

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Әбу Насыр әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы
Филология. Баяндама. Тілді лингвомәдени тұрғыда қарастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу