Филология. Баяндама. Тілді лингвомәдени тұрғыда қарастыру
Тіл мен сана арақатынасына байланысты теорияларға сүйенсек, тіл - дүниенің адам санасында сәулеленген сұлбасын сыртқа шығару, белгілі бір формуға түсіріп бейнелеу құралы. Тілді танудың антропоцентристік парадигмасы бойынша, адам санасы мен ойлау процесіндегіқұбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады. А. Байтұрсынұлы ойлаудың екі түрін көрсетеді:тиісінше ойлау, түйісінше ойлау. Тиісінше ойлау: заттың «бойына біткен сипатын»ғана ойлап, сол тұрғыда сөзбен беру, яғни қазіргі ғылыми тілмен айтсақ, нақты шындық болмыстың тіл арқылы баяндалуы, түйісінше ойлау: зат туралы «адамның қосқан, таңған сипаттары», яғни зат, құбылыс туралы сөйлеушінің көзқарасы, танымы, ұғып қабылдауы тұрғысынан сөз етуі. Ойлау мен сөйлеудің бұл түрінде тілдің коммуникативтік, информативтік қызметімен қоса мағыналық реңкі (модальділігі), эмоциясы, эстетикалық қызметі, бір сөзбен, танымдық-поэтикалық табиғаты көрініс береді. Сондай-ақ ғалым тілдің (ойлаудың) тиіс жағына көрік керек емес, нақты шындық керек, түйіс жағына көріктеу, әдемілеу қажет, ол қиял шығаратын сөз дейді. А.Байтұрсынұлы тіл арқылы танылатын ойлаудың эстетикалық, логикалық негізімен қабылдауды дәлелдейді.
«Тіл-адамзаттың дүниені сапалық меңгерудегі тарихи жолы қатталған дыбыстық кітабы. Адамзаттың дүниені тану жолындағы түрлі ізденістері, белгілі бір ұлттық, халықттың табиғатына тән ерекшелігі, қоғамдық даму сатысы, тарихи тағдыры мен іс- тәжірбиесі тілден көрініс табады. Тіл-дүниені танудың формасы бола алады, бірақ дүниенің ерекше формасы бола алмайды. Тіл-дүниеге және адамға бағытталған екіжақты субстанция, ол әрі объективті, әрі субъективті ». Адамның санасында сәулеленетін әлем, ғалым бейнесі объективті дүниенің көшірмесі, сонымен қатар ол жеке адамның санасында бейнеленетіндіктен, субъективті сипатқа ие. Тіл-адам қарым-қатынасынан адманың дүние(ғалым, әлем) туралы ьанымы мен көзқарасының тілде бейнеленуі туралы мәселе туындайды. Тілдің тұтас не жекеленген бөліктерінің қызыметіне талдау жасау тілде берілетін дүние туралы ақпараттардың мәнін танудың методологиялық мәселелерін шешумен байланысты. Тілде бейнеленген ақпарат жалпы адамзаттың әлемді адамзаттың әлемді практикалық меңгеруінің нәтижесі ретінде бағалана ма, бұл-көптеген лингвистикалық мектептердің жауап табуға ұмтылатын мәселелері деуге болады. Тілдің объективтілік, субъективтілік сипаты туралы мәселе лингво-философиядағы тілдік- танымдық мәселелерді қозғайды. Тілдің «субъективтілік» сипаты туралы идеяны қолданатын концепциялар арасында лингвистикалық қатысымдылық теориясы көрнекі рөл атқарды. Бұл ілім Сепи-Уорфтың гипотезиясы аясында қалыптасқан. Гипотезаның теориялық негізгі тілдің тек формалдық, семантикалық жағына емес, рухани ұйымдастырылуына, семантикалық мәніне, ұлттық субъективті сипатына бағытталды . Ойлауды, одан да кеңірек қабылдауды немесе осы тілде сөйлеушінің әлем бейнесін танытатын тідің сыртқы ғана емес,ішкі табиғатының ұлттық субьективтік сипатын таныту лингвистикалық қатысымдылық теориясының негізгі мәнін құрайды.
Тілді ұлт тарихымен, концепт арқылы көрінетін мәдениетімен,салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыруымыз қажет.Ұлттың тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс тіршілігін,салт-дәстүрін, ұстанымын, сенімін, дүниені қабылдауын сол ұлттың тіліндегі көне сөздер, фразеологизмдер, сақталған этнографизмдермен архетип түбірлері арқылы зерттеліп, қазақ тілтанымының негізін құрады. Бұл негізде Р.Сыздықованың, Ә.Қайдардың, Е.Жанпейісовтың тарихи танымдық зерттеулерін тілге тиек етуге болады.Танымдық лингвистикалық зертеулер негізінен тілдік тұлға мәселесіне қатысты, концептілік құрылымды танытумен байланысты, дүниенің тілдік бейнесі мәселесін талдау арқылы, тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет қарым-қатынасын сипаттау бағытында көрініс береді.Тіл-мәдениет-өркениет үштігінің ұлттық дүние бейнесін жасаудағы негізгі константа бола алады.Тіл мен мәдениеттегі құндылығы- концепт болу үшін белгілі бір мәдениетте өзекті, бағалы, өте ауқымды тілдік бірліктерді қамтитын мақал-мәтелге, поэтикалық, прозалық мәтінге тақырып бола алатын ақиқат құбылыстар болу керек. Концептілер өзі танылатын мәтінде, ситуациялар мен білімде символ эмблема бола алады.Д.С.Лихачевтың анықтауы бойынша концептілер адамның санасында белгілі мағыныға сілтеме ретінде және азаматтың жалпы тілдік тәжірибесінде әлеуметтік,тарихи нұсқаушы ретінде туындайды.
Концепт қатпарлы құрылымнан тұрады, әрбір қатпары түрлі дәуірдегі мәдениеттің жемісі, қалдығы болып табылады. Концепт қабаттары шамамен негізгі, қосымша, ішкі формадан тұратын белгілерімен сипатталады. Негізгі, белсенді қабатқа жалпы ұлттық белгілер енеді, қосымша, пассив қабат жеке субмәдениет өкілдеріне қатысты белгілерді қамтиды, концептінің ішкі формасы (күнделікті тұрамыста таныла бермейтін, тек мамандарға ғана белгілі, бірақ концептінің берілуінің ішкі таңбалық белгісінен саналады). Айталық, қазақтың ұлттың болмысында түйе малының қандай орыны бар екен жалпы ұлттық мәдениеттен хабары бар кез-келген адам білуі тиіс. Бірақ осы түйе туралы ұғымды ұлттық мәдени концепт ретінде қарастырсақ, ол туралы танымның бірнеше когнитивтік қабаттардан тұратынын байқауға болады. Түйе концептісіне қатысты негізгі ұғым: «түйе қазақ халқының көшпелі тұрмысында әлі көлік, әрі сусын, әрі тамақ, әрі киім, төсеніш орнына пайдаланған қасиетті төрт түліктің бірі», «түйе шөлге шыдамды» тәрізді түсініктерге құрылады. Ал түйенің шұбаты өкпе ауруларына, шудасы буын ауруларына, жүнінен тоқылған белдік құяң ауруларына ем екендігі туралы мәлімет немесе түйенің ботасын он екі ай көтеретінін, бір ішкенде 60-100 литірге дейін су ішіп, айлап шөлге төтеп бере алатынын, түйенің ботасының енесінен туа сала тұрып кететінін түйе шаруашылығымен айналысатын немесе түйе туралы арнайы білімі бар мамандар ғана білуі мүкін. Түйе туралы бұдан да тереңірек білім діни-мифтік таныммен астарласады, оны біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін.Қайтыс болған адамды түйеге артып жерлеуге апаратынын, бірақ түйенің құлағын міндетті түрде тас қылып байлап тастайды екен.Түйе - пайғамбарды Мединадан Меккеге апарған қасиетті көлігі болған.Сондықтан «түйе»сөзінің тарихи-этимолмогиялық астары бар ішкі форманың концептісі деп қабылдауға болады.Концепт мәселесі сөз мағынасы ғана емес,сөзге байланысты этимологиялық білімдер жинағы.
Концептіні мәдениеттің микромоделі ретінде қарастырамыз.Мәдениеттің ұйтқысы бола отырып, концепт экстралингвистикалық, прагматикалық, яғни тілден тыс ақпараттарды білдіреді. Лингвомәдениеттанымдық аспектіде концепт ұлттық дәстүр, фольклор, дін, өмірлік тәжірибе тәрізді факторлардың нәтижесі болып табылатын практикалық қолданыстағы ұғым.