Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Доспамбет жырау өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 08-10-2019 1082

Доспамбет жырау (XVI ғасыр)

Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.
«Азаулының Стамбулдан несі кем» деген жолдарынан Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.
Өз толғауларында ақын өзін «Ер Доспамбет» деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол «астына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол «күңіреніп күн түбіне жортқан», «садақ тоған сайгез оқ өткеріп», «арғымақтың талдай мойнын талдырып» көп жорықтарды бастаған. Сол жорық шайқастарда батыр басына талай қауіп қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қалған. Ол жайында ақын:
Айдаматке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан
Зырлап аққан қара қан
Тиылмайды жонның уақ тамырдан
Жара бір қатты, жан тәтті
Жара аузына қан қатты
Жағдайсыз жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан.
деп, сол бір қатерлі шақты бейнелеген.

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Шалкиіз жырау өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Қазтуған жырау өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу