Қисса дегеніміз не?
Қисса (араб.: - әңгіме, аңыз) - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен тазалықты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр ретінде Қисса араб, парсы, әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы енген.