Эпитафия дегеніміз не?
Эпитафия (грек. epіtaphіos – қабір үстіндегі) – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау. Ол көбіне көлемі шағын өлең түрінде жазылады. Әдебиетке ежелгі заманда эпиграмманың бір түрі ретінде енген. Орта ғасыр, өркендеу, классицизм дәуірлерінде өлген адамның атақ-даңқын білдіру үшін қолданылып, кейін ескерткіштік мәнге ие болған. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жазулар Э-лық мәнге де ие. Қазақ әдебиетінде Абай, Жамбыл, Жұбан Молдағалиев, т.б. Эпитафия үлгілерін жасаған.