Элегия дегеніміз не?

Oinet.kz 07-09-2020 979

Элегия (грек. elegeia - мұңды ән, жыр) –  лирикалық поэзияның жанры, медиативтік немесе эмоциалық мағынада (әдетте мұңды боп келеді), жалпы айқындауыш композициясы бірінші жақта айтылатын көлемі орташа жыр. Элегия Грецияда б.з.б. 7 ғасырда дами бастады. Элегияның бастапқыда моральдік-саяси маңызы мен мағынасы басым болды, кейіннен эллинистік және Рим поэзияларында (Тибул, Овидий) махаббат тақырыбына көп көңіл бөліне бастады. Ескі Элегияның негізгі формасы - элегиялық дистих. Жаңа еуропалық болып есептелді. Романтизм мен оның алдыңғы кезеңі Элегияның кең өріс алған кезі болды (А. Ламартин, Э.Парни). Кейіннен Элегия бірте-бірте жанрлық айқындылығын жоғалта бастады. 19 және 20 ғасырдың 2-жартысында Элегия деген сөз топтамалардың тақырырыбы ретінде ғана қолданылды (А.Фет, А.Ахматова). Элегия өзінің мазмұны, кейбір өзгешелігі жағынан қазақ әдебиетінде Абай Құнанбайұлы, Б.Кулеевтің кейбір шығармаларынан кездеседі. Қ.Аманжоловтың "Балалық шақ туралы", "Өтеді күндер", Ә.Тәжібаевтың "Мұң туралы", "Көңіл күйі", "Арман" атты өлеңдерінде Элегиялық сарын бар. Элегия -  ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса. Ежелгі Грекия мен Римде әр түрлі тақырыптағы элегиялар туып, алғашқыда олар лирикалық, сатиралық және жауынгерлік сипатта болды. Кейінірек мұң аралас лирикалық ән-толғау түріндегі муз. туындылар ғана элегия деп аталды. Қайта өркендеу дәуірінде элегия еуропалық елдердің музыкасы мен әдебиетінде де тарала бастады. 17 ғасырда элегия жеке музыкалық жанрға айналды. 18 – 19 ғасырларда элегия музыкасында махаббат сезіміне орай туған сағынышқа толы, сүйіктісінен айрылып, жалғыздық тақсіретін тартқан жандардың көңіл-күйін білдіретін вокальдық әндер өмірге келді. Мысалы, А.П. Бородиннің "Алыстағы атамекен жағалауына" мен С.И. Танеевтің “Құйқылжып күзгі жапырақтар құйылған сәтте” атты романстары, Ж.Массненің фортепьяно мен виолончельге қосылып айтатын дауысқа арнаған “Элегиясы”, П.И. Чайковскийдің ішекті аспаптар оркестріне жазған серенадасындағы "Элегия", С.В. Рахманиновтың фортепьяноға арналған “Элегиясы”, т.б. 19 ғасырдың ортасында аспаптық муз. Э. шығармаларын Ф.Лист, Э.Григ пен Г.Форе сынды, т.б. композиторлар жазды. Қазақ музыкасында Э. элементтері Е.Г. Брусиловский (“Қыз Жібек” пен “Жалбыр”), А. Жұбанов пен Л. Хамиди (“Абай”) және Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың (“Еңлік – Кебек”) опералық туындыларынан бой көрсетті.

Ашық сабақ. География. Атмосфера қабаты
Эпиграмма дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу