Ашық сабақ. География. Австралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары

Oinet.kz 07-10-2018 908

Сабақтың тақырыбы: Австралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;
2. Оқушыларға материк туралы мағлұматты жан - жақты беріп, ой - өрістерін кеңейту;
3. оқушыларға берілген мәліметті игерте отырып, экологиялық тәрбиеге баулу;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, атлас, кескін карта, түрлі - түсті карандаш, сызғыш
Пәнаралық байланысы: тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А. амандасу, түгелдеу
Ә. құралдарын тексеру
Б. назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Африканың байырғы халқының саны жағынан қандай нәсіл өкілдері құрайды?
2. Негрлердің бет пішіні қандай?
3. Эфиоптар қандай нәсілдердің ұрпақтары?
4. Еуропалық тектес нәсілдерге кімдер жатады?
5. Африкада қандай елдер таралған?
6. Материктегі шаруашылығы даму дәрежесі жоғары қай мемлекет?
7. Атлас тауының ең биік нүктесі қалай аталады?
8. Солтүстік Африка мемлекеттері қандай пайдалы қазбаларға бай?
9. Бойра деген не?
10. Оңтүстік Африка мемлекеттерін атаңдар
11. Крюгер ұлттық паркі қай мемлекетте орналасқан?

ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру
1. Африканың табиғат ерекшеліктері қандай?
2. Африканың басқа материктермен салыстырғанда табиғаты қандай?
3. Африкада қандай табиғат зоналары таралған?
4. Қай табиғат зонасы Африканың 40 пайыз жерін алып жатыр?
5. Саванналарда қандай өсімдіктердің түрлері өседі?
6. Паркті саванналар қай жерлерде таралған?
7. Африка материгіне қандай жануарлар тән?
8. Саяхатшы ағашы деп неге аталады?
9. Қандай шөлдер орналасқан?
10. Қандай төзуге қиын ыстық жел соғады?
11. Материктің аралдарын атап, картадан тауып көрсетіңдер
12. Мәңгі жасыл кипарис қай табиғат зонасында өседі?

ІҮ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындау
1. Дүние жүзінде неше материк бар?
2. Материктерді атап картадан көрсетіңдер.
3. Материктерді аудан бойынша қалай реттейміз?
4. Әр материктің қандай ерекшелігі бар?
5. Көлемі ең кіші материк?

Ү. Жаңа сабақты меңгерту
Аустаралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдар
Мен қоса есептегенде 7, 6 млн км. Материк атауы латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді. Оңтүстік тропиктік шеңбер оны дәл ортасынан кесіп өтіп жатыр.
Австарлия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Материкті жан - жағынан сулар шайып жатқанмен, оның көпшілік бөлігінде жауын - шашын аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.
Жер бедері онша күрделі емес. Негізгі бөлігін гондваналық платформа алып жатыр. Тек шығысынында Үлкен суайырық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана тән палезойлық қатпарлық құрылым тән болады
Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір, уран, цирконий кендеріне бай. Австралияның оңтүстік - шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.
Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрық жотасы ұзақ уақыт үгілу мен мүжілудің нәтижесінде аласарып, жақпарлы тауға айналған. Тау тектоникалық
Жарылыстар арқылы жекелеген жоталарға бөлінген. Таудың тек оңтүстік бөлігі ғана Тынық мұхит геосинклиналды белдеудегі қозғалыстар әсерінен аздап көтерілген.

ҮІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
1. Аустралия материгінің ауданы қанша?
2. Орташа биіктігі қанша?
3. Ең биік және ең төменгі нүктелерін ата
4. Ең биік және ең төменгі нүктелерін картадан тауып көрсетіңдер
5. Шеткі нүктелерін атаңдар
6. Шеткі нүктелерін көрсетіңдер

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту
1. Жерінің көпшілігін қандай платформа алып жатыр?
2. Жерінде қандай пайдалы қазбаға бай?
3. Материктен қандай арал бөлініп шыққан?
4. Қандай тау жүйелері бар?
5. Австралия Альпісі деп неге аталады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
Австарлияның жер бедері мен географиялық орны туралы оқу
ІХ. Бағалау

Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің
география пәні мұғалімі Сугурова Айнаш Мырзагалиевна

Драма дегеніміз не?
Роман-эпопея дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу