Мадригал дегеніміз не?
Мадригал (madrigal), әдетте полифониялық және сүйемелдеусіз орындалатын 16-17 ғасырлардағы вокалдық камералық музыканың түрі. VIII—IX ғасырларда әуендік стиль және григорияндық ән бірікті, бұған үлкен көңіл бөлген — ең ірі орта ғасыр музыкатанушысы (теоретик) Гвидо де Ареццо (XI ғасырда оның еңбектерінде көп дауыста айтудың түрлері жазылған). XIII ғасырдың соңына дейін Италия музыкасы (әуені) монодиялық болды. Бір дауыстан көп дауысқа өту Италияда XIII ғасырдың соңында, XIV ғасыр басында жүзеге асырылып, Италия музыкасының жаңа өрлеуінің негізі болды (бұл дөуір музыка трактаттарында Ars nove деп аталды). Бұл өнердің негізгі ошақтары Флоренция, Венеция, Падуя болды. Мадригал, качча, баллата көп дауысты Италия музыкасының жанрын білдіреді. Жоғары топ (зиялы) музыкасы рухани дүниеге әсер етті.Француздық ШАНСОН және итальяндық фроттоланың (frottola; «ойдан шығару») әсерімен Италияда пайда болып, дамыды. Негізінен үш-алты дауысқа жазылды. Зиялы қоғамда кең таралып, еркектер мен әйелдер тең дәрежеде ойнайтын, әуесқойлар да мадригалдарды орындаған. Мәтіндері әруақытта ғашықтық туралы болды, олардың арасында өлеңдері музыкаға түскен көп танымал ақындар ПЕТРАРКА, Т.ТАССО және Б.ГВАРИНИ бар. Италиядағы ең үлкен мадригалистер О.ди ЛАССО, Л.МАРЕНЦИО, Д.К.ДЖЕЗУАЛЬДО және К.МОНТЕВЕРДИ. Авторлары танымал ағылшын мадригалдары: Т.МОРЛИ, Т.УИЛКЕС және Дж.УИЛБИ.