Ашық сабақ. География. 5 сынып. Физикалық және химиялық құбылыстар

Oinet.kz 07-10-2018 1377

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5. 2A Заттардың кұрылысы мен қасиеттері
Мектеп: №177 мектеп
Күні:Мұғалімнің аты - жөні: Даурбаева Сая
Сынып: 5 а, әҚатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: 

Сабақ тақырыбы«Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5. 3. 1. 4. физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады.
Сабақ мақсаттарыОқушылар:
«физикалық құбылыс» түсінігін біледі;
- «химиялық құбылыс» түсінігін біледі;
- физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды түсінеді;
Берілген өзгерістерді неліктен химиялық немесе физикалық құбылысқа жатқызғандығын дәлелдеп, негіздей алады.
Бағалау критерийлері Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
- физикалық құбылыстың белгілерін көрсете алады;
- химиялық құбылыстардың белгілерін атап өте алады;
- физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды белгілейді;
- физикалы және химиялық құбылыстарды ажырата алады және өз таңдауын дәлелдеп, негіздей алады.
Тілдік мақсаттарОқушылар:
- құбылыстарды сипаттағанда негізгі терминдерді дұрыс қолдана алады;
- физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін атай алады;
- кейбір заттардың қасиеттерін сипаттай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
заттың агрегаттық күйі, өзгеріс, физикалық құбылыс, химиялық құбылыс
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Агрегаттық күйі бойынша заттардың жіктелуі: …, …, ….
… заттар бөлшектерінің арақашықтары …. заттардың бөлшектері арақашықтарынан артық/кем.
Табиғаттағы құбылыстар... және... болып жіктеледі.
Егер … өзгеретін болса, бұл құбылыс ….
Кейбір заттар жылуды/электр тоғын жақсы өткізеді, мысалы …
…. заттар көбінесе аққыш болады.
Егер зат судың бетіне ………, оның тығыздығы судың тығыздығынан …
Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық
Пәнаралық байланыстарФизика
АКТ қолдану дағдылары Интернет - ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 
Бастапқы білім3. 3. 1. 1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу
3. 1. 1. 2 Заттарды агрегаттық күйі бойынша сипаттау
Сабақ барысы 
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекетРесурстар
Сабақтың басы
0 - 1 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады, кім бар - жоғын тексереді.

2 - 7 минСабақтың тақырыбына шығу.
Күнделікті өмірде біз көптеген құбылыстарды бақылаймыз. Мысалы, жаңбыр жауады, көктемде қар ериді, Жазда жапырақтар көк - жасыл түсті болып, күзде сарғаяды да, жерге түсіп шіриді. Нәтижесінде қара топыраққа айналады. Бұл жерде айтылған құбылыстарды қандай құбылыстарға жатқызуға болады?
Сабақтың мақсатына шығу.
Проблемалық тапсырма
Сабақтың ортасы
8 - 20 мин
21 - 38 мин
Мұғалім:
Физикалық және химиялық құбылыстардан басқа құбылыстарды білесіңдер ме?
Болжаммен оқушылардың жауабы:
Табиғи, биологиялық, социалдық, экономикалық
Мұғалім:
Алдымен «құбылыс» түсінігін қалыптастырайық. «Құбылыс» терминін сіздер қалай түсінесіздер?
Бірнеше оқушы өздерінің болжамдарын келтіреді.
Мұғалім:
Ал енді «құбылыс» түсінігінің анықтамасын жазып алайық.
Слайд 3
Объектіде немесе объектілер тобында болып жатқан өзгерістер құбылыс деп аталады.
Оқушылар анықтаманы дәптерлеріне көшіріп алады.
Мұғалім:
Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу бүгінгі сабақтың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Сіздер атап қткен құбылыстарды бір бірінен қалай ажыратып алуға болады? Мысалы, дәрігер қалайша бір ауруды басқа аурудан ажыратып алады?
Болжаммен оқушылардың жауабы:
Белгілері бойынша.
Дұрыс! Егер адам жөтелсе, ол туберкулезбен ауырады деп айтуға бола ма?
Болжаммен оқушылардың жауабы:
Жоқ.
Мұғалім:
Ал егер адам жөтелсе, және температурасы жоғарылап кетсе?
Болжаммен оқушылардың жауабы:
Жоқ
Мұғалім:
Дұрыс! Сол сияқты, физикалық және химиялық құбылыстарды да бірнеше белгілері бойынша ажыратып алуға болады.
Сонымен, химиялық құбылыстардың белгілерін жазып алыңыздар:
Слайд 4
Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
Тұнбаның түзілуі немесе жойылып кетуі
Газдың бөлінуі немесе сіңірілуі
Иістің өзгеруі
Дәмнің өзгеруі
Жану және жарылыстар
Мұғалім:
Сонымен, қорытындылайық, физикалық және химиялық құбылыстарды бір бірінен қалайша ажыратып алуға болады?
Болжаммен оқушылардың жауабы:
Химиялық реакциялардың белгілерін келтіреді.
Мұғалім:
Ал физикалық құбылыстарға заттың агрегаттық күйінің, пішінінің, түрінің, түсінің өзгеруі жатады. Яғни, физикалық құбылыс нітижесінде жаңа зат түзілмейді.
Келесі бейнебаянды бақылайық:
Слайд 5.
Жаңа білімді бекіту үшін келесі тапсырмаларды алдымен жұптарда, кейін сыныппен бірігіп талқылаймыз.:
Құбылыстарды физикалық және физикалық екенін анықтаңыз:
- Сұйық су буға айналады,
- Сұйық су мұзға айналады,
- Асқазан тамақты қорытады,
- Уқалаған кезде ағаш қызады,
- Уқалаған кезде ағаш тұтанады,
- Оттың ішінде шыны балқиды,
- Ошақта ағаштар жанып кетеді.
Слайд 6
Келесі сұрақтардың жауаптарын жылдам беруге тырысыңыздар.
Слайда 7 - 16
Мұғалім:
Ал енді жұптарда келесі тапсырмалар парағындағы тапырмаларды орындаймыз.
Жаттығулар жинағындағы тапсырмаларды жеке орындаймыз:
1 - 23 – 1 - 27, 1 - 30, 1 - 31
жаттығулары
Ноутбуктер
Интербелсенді тақта және презентация.
Тапсырмалар парағы
А. Е. Темірболатова Химия: Есептер мен жаттығулар жинағы. ЖББ 8 сыныптары арналған оқу құралы. 
Сабақтың соңы
39 - 40 мин
Мұғалім:
Біздің сабақ аяқталуға жақындады. Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарайық. Бүгінгі сабақта өз жұмыстарыңызды қалай бағалайсыз? Сіздер үшін не жаңалық болды және өзіңізге пайдалы білім алдыңыз ба?
Мұғалім оқушыларға рефлевсивті парақтарды таратады. Оқушылар парақтарды толтырады да, мұғалімге тапсырады.
Оқушылар кейбіреулері сабақтың бағасын ауызша береді.
Мұғалім:
Осымен сабақ аяқталды. Үй жұмысы
§ 4, 5. 15 бет, 1 - 8 жатт., 16 бет, 1 - 7 жатт.
Сабақ үшін рахмет, сау болыңыздар! 
Рефлевсивті парақ
Презентация,
Edmodo. com сайты
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  
Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
- физикалық құбылыстың белгілерін көрсете алады;
- химиялық құбылыстардың белгілерін атап өте алады;
- физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды белгілейді;
- физикалы және химиялық құбылыстарды ажырата алады және өз таңдауын дәлелдеп, негіздей алады.
Жұптық жұмыстың бағалау;
Формативті бағалау.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс - әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? 
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Комедия дегеніміз не?
Ашық сабақ. География. 7 сынып. Дүниежүзі халқының діни құрамы. Таралу аймағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу