Ашық сабақ. География. 7 сынып. Топырақ құрамы мен құрылымы
Физикалық география | Мектеп:№177 орта мектеп | Сыныбы: 7 а, б, в, г | |||||||||||||||
Мерзімі: | Оқушы саны: | Мұғалімнің аты - жөні: Даурбаева Сая | |||||||||||||||
Тақырып: Топырақ құрамы мен құрылымы | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 7. 3. 4. 1. Топырақ құрамын және құрылымын анықтау (тәжірибе көрсету). Топырақ құрылымын графиктік түрде көрсету. 7. 1. 1. 3. Географиялық дерек көздерімен жұмыс істеу(карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Топырақ құрамын және құрылымын анықтап, құрылымын графиктік түрде көрсетіп талдау | ||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Топырақ дегеніміз және оның түрлерін, топырақтанушы ғалым В. В. Докучаев туралы біледі. Топырақ кесіндісінің графикалық сызбасын жасай алады. Топырақ эрозиясының себептерін анықтап, салдарын жазады, қорғау шараларын ұсына алады. | ||||||||||||||||
Тілдік міндеттер Диалогқа/жазылымға қажетті тіркес | Менің ойымша топырақ... қабаты. Топырақ қалыптасттыратын факторларға... жатады. Топырақтың құрылымы... қалыптасады. | ||||||||||||||||
Терминдердің мәнін ашу | Пәнге қатысты лексика мен терминология: Топырақ, қарашірік, жел және су эрозиясы, мелиорация, агротехникалық шаралар | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, химия | ||||||||||||||||
АКТ қолданудағдылары | Интернет бейнематериалын қолданып, топырақ құрамына талдау жүргізіп, зерттеп қорытындаы жасау. | ||||||||||||||||
Бастапқы бөлім | Биосфера | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабаққұрылымы | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет | Дереккөздері Ресурстар | |||||||||||||||
Басы Білу және түсіну 4 минут | (Б) І. Қызығушылықты ояту кезеңі. 1) Бастапқы стимул. Суретке қарап тақырыпты анықтайық. (С) Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. (оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру) | Презентация Power Point Интернет ресурстары | |||||||||||||||
4 - 15 минут Әр топқа тәжірибе жасауға 5 минут уақыт беріледі. Қорғауға 3 минут | 2. Мағынаны тану кезеңі. (С) Мұғалім оқушыларға ашық сұрақ қояды. Топырақ ұғымын қалай түсінесіңіздер? Оқушылардың пікірін тыңдап, талдау жасау арқылы дұрыс жауапқа бағыттайды. Топырақ - өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ эрозиясы дегеніміз (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы нәтижесінде құнарының азаюы. Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық - ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. (С) Оқушылар топырақты қалыптастырушы факторларды анықтап, сыни тұрғыдан өз ойларын суреттердегі бейнемен салыстыру арқылы дұрыстығына көз жеткізеді. (Д) Оқушылар В. В. Докучаевтың топырақтанушы ғалым ретінде оқып үйренеді. (Т) Оқушылар топырақ құрамын анықтауға тәжірибе жасайды. Оқушыларға алдын ала қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. 1 Топ. Жетістік критерийі: 1. Оқушылар тәжірибе жасайды. Бір кесек топырақты стакандағы суға салып, не болғанын зерттейді. 2. Топырақтың су эрозиясына ұшырайтынын анықтап қорғау шарасын ұсынады. Тәжірибе 1. Бір кесек топырақты стакандағы суға саламыз. Көпіршіктер көрінді ме? Не байқадық? (Жауабы: Оқушылар бұл тәжірибеден топырақтың құрамында ауа бар екенін айтады). 2 Топ. Жетістік критерийі: 1. Бір уыс топырақты темір қалбырға салып қыздырып, қандай өзгеріс болғанын зерттейді. 2. Топырақ ауадағы жел эрозиясына ұшырайтынын анықтап, қорғау шараларын ұсынады. Тәжірибе 2. Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырамыз. Оның үстіне шыныұстаймыз. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Оқушылар осы тәжірибе арқылы топырақтың құрамында су бар екенін анықтайды. 3 Топ. Жетістік критерийі: 1. Топырақты көбірек қыздырып, қандай құбылыс болғанын зерттейді. 2. Топырақтың құрамында қарашірік бар екенін анықтап, шаруашылықтағы маңызын түсіндіреді. Тәжірибе 3. Топырақты одан әрі қыздыра түсеміз. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? (Жауабы: Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар). 4 Топ. Жетістік критерийі: 1. Шірінді жанып біткен топырақты суға араластырады, сәл тұндырады. Шыны стаканда болған өзгерісті зерттейді. 2. Топырақтың құрылымын анықтап түсіндіреді. Тәжірибе 4. Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырамыз. Лайланған суды тұндыруға қояйық. (Жауабы: Біраздан кейін тұнбаның астында құм, оның үстіне саз шөгеді). Мұғалім топырақтың құрамы туралы бейнематериал ұсынады. Оқушылар өз жауаптарын бейнематериалдағы жауаптармен салыстырып қорытынды жасайды. (Ж) Оқушылар топырақ кесіндісінің графикалық сызбасын салады. (Қб) Топырақ эрозиясының себептері мен салдары анықтап, қорғау шараларын ұсынады Рефлексия. «Бағдаршам» Бүгінгі сабақты түсінбедім Қызыл Сабақтың кейбір тұсын түсіндім. Сары Бүгінгі сабақ маған ұнады, барлығын түсіндім. Жасыл. Үй тапсырмасы: «Жергілікті жердің топырағын зерттеу» Хабарлама дайындау | Топырақтың құрамын анықтаудағы тәжірибе https://www. youtube. com/watch? v=mJUvJNnH4Jo | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ - ны қолдану Құндылықтарменбайланыс (тәрбие элементі) | |||||||||||||||
Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын. Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. | Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 2A Заттардың кұрылысы мен қасиеттері | Мектеп: №177 мектеп | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты - жөні: Даурбаева Сая | ||||||||||||||||
Сынып: 5 а, ә | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері» | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5. 3. 1. 4. физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - «физикалық құбылыс» түсінігін біледі; - «химиялық құбылыс» түсінігін біледі; - физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды түсінеді; - Берілген өзгерістерді неліктен химиялық немесе физикалық құбылысқа жатқызғандығын дәлелдеп, негіздей алады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - физикалық құбылыстың белгілерін көрсете алады; - химиялық құбылыстардың белгілерін атап өте алады; - физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды белгілейді; - физикалы және химиялық құбылыстарды ажырата алады және өз таңдауын дәлелдеп, негіздей алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - құбылыстарды сипаттағанда негізгі терминдерді дұрыс қолдана алады; - физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін атай алады; - кейбір заттардың қасиеттерін сипаттай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: заттың агрегаттық күйі, өзгеріс, физикалық құбылыс, химиялық құбылыс Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Агрегаттық күйі бойынша заттардың жіктелуі: …, …, …. … заттар бөлшектерінің арақашықтары …. заттардың бөлшектері арақашықтарынан артық/кем. Табиғаттағы құбылыстар... және... болып жіктеледі. Егер … өзгеретін болса, бұл құбылыс …. Кейбір заттар жылуды/электр тоғын жақсы өткізеді, мысалы … …. заттар көбінесе аққыш болады. Егер зат судың бетіне ………, оның тығыздығы судың тығыздығынан … | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет - ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | 3. 3. 1. 1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу 3. 1. 1. 2 Заттарды агрегаттық күйі бойынша сипаттау | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0 - 1 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен амандасады, кім бар - жоғын тексереді. | ||||||||||||||||
2 - 7 мин | Сабақтың тақырыбына шығу. Күнделікті өмірде біз көптеген құбылыстарды бақылаймыз. Мысалы, жаңбыр жауады, көктемде қар ериді, Жазда жапырақтар көк - жасыл түсті болып, күзде сарғаяды да, жерге түсіп шіриді. Нәтижесінде қара топыраққа айналады. Бұл жерде айтылған құбылыстарды қандай құбылыстарға жатқызуға болады? Сабақтың мақсатына шығу. | Проблемалық тапсырма | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 - 20 мин 21 - 38 мин | Мұғалім: Физикалық және химиялық құбылыстардан басқа құбылыстарды білесіңдер ме? Болжаммен оқушылардың жауабы: Табиғи, биологиялық, социалдық, экономикалық Мұғалім: Алдымен «құбылыс» түсінігін қалыптастырайық. «Құбылыс» терминін сіздер қалай түсінесіздер? Бірнеше оқушы өздерінің болжамдарын келтіреді. Мұғалім: Ал енді «құбылыс» түсінігінің анықтамасын жазып алайық. Слайд 3 Объектіде немесе объектілер тобында болып жатқан өзгерістер құбылыс деп аталады. Оқушылар анықтаманы дәптерлеріне көшіріп алады. Мұғалім: Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу бүгінгі сабақтың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Сіздер атап қткен құбылыстарды бір бірінен қалай ажыратып алуға болады? Мысалы, дәрігер қалайша бір ауруды басқа аурудан ажыратып алады? Болжаммен оқушылардың жауабы: Белгілері бойынша. Дұрыс! Егер адам жөтелсе, ол туберкулезбен ауырады деп айтуға бола ма? Болжаммен оқушылардың жауабы: Жоқ. Мұғалім: Ал егер адам жөтелсе, және температурасы жоғарылап кетсе? Болжаммен оқушылардың жауабы: Жоқ Мұғалім: Дұрыс! Сол сияқты, физикалық және химиялық құбылыстарды да бірнеше белгілері бойынша ажыратып алуға болады. Сонымен, химиялық құбылыстардың белгілерін жазып алыңыздар: Слайд 4 Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі Тұнбаның түзілуі немесе жойылып кетуі Газдың бөлінуі немесе сіңірілуі Иістің өзгеруі Дәмнің өзгеруі Жану және жарылыстар Мұғалім: Сонымен, қорытындылайық, физикалық және химиялық құбылыстарды бір бірінен қалайша ажыратып алуға болады? Болжаммен оқушылардың жауабы: Химиялық реакциялардың белгілерін келтіреді. Мұғалім: Ал физикалық құбылыстарға заттың агрегаттық күйінің, пішінінің, түрінің, түсінің өзгеруі жатады. Яғни, физикалық құбылыс нітижесінде жаңа зат түзілмейді. Келесі бейнебаянды бақылайық: Слайд 5. Жаңа білімді бекіту үшін келесі тапсырмаларды алдымен жұптарда, кейін сыныппен бірігіп талқылаймыз.: Құбылыстарды физикалық және физикалық екенін анықтаңыз: - Сұйық су буға айналады, - Сұйық су мұзға айналады, - Асқазан тамақты қорытады, - Уқалаған кезде ағаш қызады, - Уқалаған кезде ағаш тұтанады, - Оттың ішінде шыны балқиды, - Ошақта ағаштар жанып кетеді. Слайд 6 Келесі сұрақтардың жауаптарын жылдам беруге тырысыңыздар. Слайда 7 - 16 Мұғалім: Ал енді жұптарда келесі тапсырмалар парағындағы тапырмаларды орындаймыз. Жаттығулар жинағындағы тапсырмаларды жеке орындаймыз: 1 - 23 – 1 - 27, 1 - 30, 1 - 31 жаттығулары | Ноутбуктер Интербелсенді тақта және презентация. Тапсырмалар парағы А. Е. Темірболатова Химия: Есептер мен жаттығулар жинағы. ЖББ 8 сыныптары арналған оқу құралы. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 39 - 40 мин | Мұғалім: Біздің сабақ аяқталуға жақындады. Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарайық. Бүгінгі сабақта өз жұмыстарыңызды қалай бағалайсыз? Сіздер үшін не жаңалық болды және өзіңізге пайдалы білім алдыңыз ба? Мұғалім оқушыларға рефлевсивті парақтарды таратады. Оқушылар парақтарды толтырады да, мұғалімге тапсырады. Оқушылар кейбіреулері сабақтың бағасын ауызша береді. Мұғалім: Осымен сабақ аяқталды. Үй жұмысы § 4, 5. 15 бет, 1 - 8 жатт., 16 бет, 1 - 7 жатт. Сабақ үшін рахмет, сау болыңыздар! | Рефлевсивті парақ Презентация, Edmodo. com сайты | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - физикалық құбылыстың белгілерін көрсете алады; - химиялық құбылыстардың белгілерін атап өте алады; - физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды белгілейді; - физикалы және химиялық құбылыстарды ажырата алады және өз таңдауын дәлелдеп, негіздей алады. | Жұптық жұмыстың бағалау; Формативті бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс - әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |