Балабақша: Құлыншақ
Құлыншағым, құлдырап,
Құйрық-жалың судырап,
Ұшып кете жаздайсың,
Көз ұшында бұлдырап.
Ойлы-қырлы жер де көп,
Болар ма екен жел бөгет.
Көзің алды мұнартып,
Кетті ме екен дөңгелеп.
Шыңылдады-ау құлағың,
Тіл алмайсың, пырағым.
Тимей кетті жерге де
Топылдаған түяғың.
Жер басқаның жаңа ғой,
Бері қарай шаба ғой.
Көп ойнадың құйғытып,
Деміңді енді ала ғой.