Балабақша: Бұзауқан

Oinet.kz 07-09-2020 614

Жылы жерде балбырап,

Жан-жағыңа жаудырап,

Жатамысың, әукешім,

Жалғыз өзің маужырап.


Тұрмаймысың, батырым,

Жетпей ме әлі батылың?

Жердің қандай екенін

Көрші, жүріп ақырын.


Табан тіреп, бекініп,

Кетесің тез жетіліп,

Қатты ма, әлде жұмсақ

Көрші, кәне, секіріп.


Айналаңды шолып көр,

Қалай екен, желіп көр,

Содан кейін, енеңді

Өзің барып, еміп көр.


Сүрінерсің, жүрерсің.

Күннен-күнге түлерсің.

Аухауласам, ұстатпай,

Алыстан құлақ түрерсің.

Балабақша: Ботақан өлеңі
8 наурыз Аналар мерекесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу