Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану. Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Сабақтың тақырыбы: Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту…
Сабақтың міндеттері:
● Ұстамдылық, сабырлылықтың мәнін түсіндіру
● Өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Көрнекі құралдар: Суреттер, жүрек
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, ойын
Сабақтың барысы:
Балалар шеңберге тұрып бір - бірімен амандасады.
Сәлемдесу
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз
Шаттық шеңбері:
Қане қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қолды созайық
Бір – бірімізден озайық
Құшақтасып әр кез де
Тату - тәтті бол
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2. Әңгіменің мазмұнын қысқаша айт
«Бізге ашық күн керек» өлеңі қайталайық.
Бізге ашық күн керек
Бізге ашық күн керек.
Жеңдіріп біз ашуды
Аспан керек мөп – мөлдір. Ақылға әркез келеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп, Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр. Бақытты өмір төккен нұр.
Ағаларға ереміз
ІІ. Әңгімелесу - Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды, Ақылға әркез
келеміз», - дегенде нені түсіндіңдер?
- Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
- Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?
«Ашу - дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер? (балалардың Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзін де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым - қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз жауаптары тыңдалады)
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесі сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында оқылып, талданады.
- Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
- Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды? (балалардың жауаптары тыңдалады.)
Дәйек сөз
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқаны.