«Толағай» спорттық сайысы

Oinet.kz 07-10-2018 2807

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
"Бейнеу лицейі"ММ әлеуметтік педагогы
Мөлдір Қарайдарова

Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара.
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты: Жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған отбасы балаларына
жайдарлы отбасылық мейрам сыйлау.

Ашылуы: «Қазақ биі»
1. Салем достар
2. Армысыздар құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Толағай»
Толағай спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп директоры:
-------------------------- беріледі.
Мөлдір: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда
Камшат: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Мөлдір: Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Барыс»тобын шақырамыз.
Камшат: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз
Мөлдір: Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын

Камшат: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
----------------
Камшат: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
(Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу)
Мөлдір: IV кезең: «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
V кезең: «Ептілік сайысы»
(Шелектегі суды қасықпен тасу)
VI кезең: Секіртпемен жүгіру
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Камшат пен Мөлдір бірге: Сайысымызды бастаймыз.
Камшат: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Бейбарыс тобы топтың ұраны: (4 адам)
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға

«Қыран»тобының ұраны. (4 адам)
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға

Тұлпар тобының ұраны: ( 4 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Камшат: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)

Мөлдір: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.

Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам»
Шарты: Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу»

Камшат: Сайысымыздың 4 бөлімі «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Би: «Испан» орындайтын: --------------------------
Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса

5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Шелектегі суды қасықпен тасу
Мөлдір: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 - сайыс «Секіртпемен жүгіру»
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Камшат: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Мөлдір: Сонымен қатар міндетті оқу қорының атынан оқушыларымызға
сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Камшат: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.

«Толағай» әні орындалады.

Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану. Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану. Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу