Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала
Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»
Қасиеттері: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.
Сабақ мақсаты: Балаларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Міндеттері:
ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.
сыпайылылық қарым - қатынастарын дамыту
ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу
Ресурстар құралдар, суреттер
Сабақтың
көрнекі құралдары: тақырыпқа арналған суреттері, оқулық, дәптер
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
•Балалар ыңғайланып отырады;
•Қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қояды;
•Аяқтарын айқастырмайды;.
•Арқаларын тік ұстайды;
•Жайлы әуен тыңдайды;
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену Балалар, қайырлы, күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірімізге қуанышты көңіл күйде жылы күйде жылы жүрекпен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. Балалар Ертай Ашықбаевтың «Мен өсемін» өлеңін қосылып айту.
Мен өсемін, өсемін
Жасыма жас қосылып.
Інімнің де төсегін
Жинап берем.
Осыны ұқ
Бұзауды да бағамын
Айран керек, сүт керек,
Дейді әжем: «Қарағым,
Сенен соны күткен ек».
Баламын ғой мен деген,
Керек ойын сауық та
Бірақ қазір жем берем
Қаз, үйрекпен тауыққа
Қызықсам да жиі мен
Шуылына көшенің
Көмектесем үйіме
Мен осылай өсемін.
Балалар, енді өз орнымызға отырайық. Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамды бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.
3. Дәйексөз: «Ұқыптының уақытты мол» деген сөзін жазып қояды.
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралын, киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де өзгелердің де уақытын қадірлейік.
Дәйек сөздің мағынасын түсіндіру.
Бәріне хормен айтқызу
Ұлдарға айтқызу
Қыздарға айтқызу
4. Әңгімелесу.
* Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ұқыптылық не үшін керек?
* Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс. «Ұқыптылық»
* Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
* Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
* «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Оқулықтағы берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақалдар мен жаңылтпашты оқиды. Оларды түсініп оқып есте сақтап, өмірде қолдана білуге үйрету.
Мақалдар.
1...... ның тоны тозбас,
...... дың ісі оңбас.
2..... – тылық – істің көркі.
Жаңылтпаш.
...... бала –
Кітапты түптеп тастады.
..... бала.
Кітапты бүктеп тастады.
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Жаттығу – ойлану.
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіру.
Әңгімелесу
Мәтінді оқып беріп түсіндіру.
Мұғалім сыйы
6. Шығармашылық жұмыс топпен.
Көшеде, көлікте, жол үстінде және табиғат аясындағы мінез – құлық ережелерін сахналап беру.
Балалар үш топқа бөлінеді.
Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіру.
тапсырма беру өз ойларын жазу
7. Топпен ән айту.!
Өтебай Тұрманжанов «Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарын сан саласына
Ей балам шамаң келсе жақсылық ек
Ақ пейіл адамзаттың арасына
Егерде жол үстінде тіккен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер
Соны көрген соңы жас солай етер
Жақсы үлгіні жалпы дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер
8. Үйге тапсырма. Ұқыпты ұқыпсыз бала туралы өз ойларын кестеге жазу. Дәптермен жұмыс
9. Соңғы тыныштық. Жай әуен мен көзді жұма отырып бүгінгі сағаты елестету сабақ ұнады ма? тұжырым жасау.