Соңғы қоңырауға арналған іс-шара сценарийі
Батыс Қазақстан облысы,
Зерде бұзылыстары бар балаларына арналған
облыстық арнайы мектеп - интернатының мұғалімі
Тлемберлиева Айгүл Махатқызы
«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кеші
Мақсаты: түлектерге мектеп бітіру туралы аттестаттарды табыс ету.
Зал, сахна шарлармен әшекейленген.
Барысы.
Фанфары
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар!
2 - жүргізуші: Добрый вечер, уважаемые дамы и господа!
1 - жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: Мы очень рады видеть вас
В этом зале, в этот день и час!
Своих воспитанников в 51 раз
Наша школа выпустит сейчас
В большую жизнь уйдут они,
Чтоб там осуществить свои мечты,
Мы все взволнованы и чуточку грустны,
И, кажется, сейчас не до весны.
Вбегают дети с колокольчиком (звучит детский смех и звон колокольчиков), дают звонок и уходят
Сразу начинается музыка
Школьный вальс (танцевальная группа)
1 - жүргізуші: 2014 - 2015 оқу жылында 28 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
2 - жүргізуші: В прекрасный тихий летний вечер
Мы в этом зале собрались.
Сегодня праздник бесконечен
Мы Звезды выпускаем в жизнь!
Уж все готовы, всё готово:
Цветы, улыбки и слова.
Встречайте в этом светлом зале
Виновников большого торжества!
1 - жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын! Дей отырып мектебіміздің түлектерін ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Сегодня покидают стены школы 28 юношей и девушек. В зал приглашаются главные герои сегоднешнего торжества: выпускники 2015 года.
9»а» класс, классный руководитель..............., воспитатель....................
1 - жүргізуші: 9»б» сынып, сынып жетекшісі........., тәрбиеші.........
2 - жүргізуші: 9»в» класс, классный руководитель........... и воспитатель.......
(выходят выпускники)
2 - жүргізуші: Друзья, мы рады сообщить вам, что сдача экзаменов успешно завершена. Сегодня вам будут вручены свидетельства об окончании школы. Событие это радостное и грустное одновременно. Радостное – потому что наши выпускники вступают в самостоятельную жизнь, а грустное – потому что именно сегодня они прощаются с нашей школой.
1 - жүргізуші: Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алады,
Қашанда ақ тілекпен шыға алады.
Басшымыз тілек айтсын, түлектерге -
Деп, сөз кезегін, мектеп директоры
................... береміз.
(директор поздравляет)
2 - жүргізуші: Уважаемые друзья, мы переходим к самой торжественной
части нашего вечера – вручению аттестатов!
1 - жүргізуші: Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
9 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
(вручает свидетельства об окончании)
2 - жүргізуші: Уважаемые выпускники! Вот и наступил ваш звездный час! Тот самый великолепный момент в жизни, когда судьба за все ваши старания, за смелость и отвагу, за терпенье и труд говорит вам «С долгожданной премией!»
Как замечательно, что в школе есть ребята,
Чьи ум и знания приносят славу ей,
Ведь именно о них произнесут когда - то:
Вы - гордость и надежда наших дней!
(песня выпускников «Ұстазым»)
1 - жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, деп сөз кезегі директордың орынбасарларына беріледі:
- оқу - ісі жөніндегі директордың орынбасары –............;
- заместитель директора по воспитательной части –.............;
- түзету директордың орынбасары –......;
- методист школы –......;
- интернат меңгерушісі –.....
Айдана: Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез - даналық,
Ұсынғалы адалды үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс, амандық!