Балабақшамен қоштасу кешіне арналған іс-шара сценарийі

Oinet.kz 07-10-2017 877

Балабақшамен қоштасу "Қош бол, балабақшам"
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі "Ертегі" мектепалды даярлық тобының "Қош бол, балабақшам" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
1бастаушы: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

2 бастаушы:
Қоштасу кеші!
Біз бәрін шақырдық па мерекеге?
1 бастаушы:
Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
2бастаушы:
Жоқ
1 бастаушы
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың

2 бастаушы: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!

Қоштасу вальсі
Қарсы алыңыздар 2012 жылдың балдырғандарын!
(балалар шармен кіріп жарты шеңберге тұрады)
Тақпақтар:: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
(тақпақ айтып болғасын балалар шахмат болып тұрады)
Санжар: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп - көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде

Нұрай: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Ахмет: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын

Тимур: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз

Раушан: Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Азамат: Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.

Гүлназ: Мектепке енді барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Ән: «Қош бол, балабақшам»
Тақпақтар
Ән: "Балабақшам" Серікбол
(ән соңында шарларын жоғары ұшырады да орындарына отырады)
(есік жақтан жылаған дауыс шығады) «Мен бәрібір мектепке барамын»
Күтушілермен патша шығады
- Ой, ой, ой не істесем екен? барлық патшалықты аяғынан тұрғызды
- Отырыңыз патшам, демалыңыз
- Оқығысы келеді оның. Жоқ дедім! Демек жоқ! Оқу – бұл патшалықтың ісі емес! Ешкім де тыңдата алмады. Аққу, қаздарды шақырдым. Бәрі ештеңе істей алмады. Бәлкім сіздер айтарсыздар не істеуге болатынын? Мүмкін ұзатармыз! Ал сіздер қыздарыңызды ұзаттыңыздар ма?
(жылаған дыбыс естіледі)
Патша:
Ақ саусағынан ұстап аққуымды әкеліңдер
Күтушілер:
Қазір бір минут патшам!
- Патша:
- Мектепке жібермеймін! Осыны біл!
- Мектепте жақсы, онда бестік алады дейді ғой
Патша:
- Жарайды, біз сағана қанша бестік керек сонша әкеліп берейік. Күтуші аналар әкеліңдер бестікті
(күтуші аналар 2лік әкеледі)
- Сіздер не әкелдіңіздер! Бұл деген екілік емес пе? Жылайды
- Патша:
Ой біз әбден құрыдық
1 бастаушы;
Қапаланбаңыз патшам! Біз сізге көмектесеміз. Бізде «5-ті қағып ал деген» өте қызық ойын бар! Қазір біздің балалардың бесті қалай қағып алғанын қараңыз.
(Ханшайым қағып алады, қуанады.)
Ханшайым: Ура! Мектепке барғым келеді!
Патша: Не істейсің мектепке барып?
Ханшайым: Мен ештеме істей білмеймін онда мені билеуге үйретеді.
2 бастаушы: Ханшайым қараңыз біздің балалар қалай билейді.
Би: «Қаражорға»
Патша: Айналайын сен осыны да білмеймісің? Сен бұдан да күшті билейсің. Біз қазір саған музыка ойнаймыз сен билейсің. Күтуші аналар музыкалық аспапты әкеліңдер.
(Патша, күтуші аналар музыка ойнайды. Ханшайым билей алмайды жылайды)
Ханшайым: Әне сендер дұрыс ойнай алмайсыңдар сондықтан мен келістіріп билей алмадым.
Патша: Міне қызық, бізді ешкім үйреткен жоқ сосын білмейміз.
1 бастаушы: Біздің балалар әртүрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтып біледі. Қане балалар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Оркестр: Ән: «Тұлпарым» Нұрхан
Патша: ОЙ! Қандай тамаша! Жаны елжіреп әндетеді.
(Ханшайым жылайды)
Патша: Бұл не деген жылау. Әкесіне бір минут та тынығу жоқ.
Ханшайым: Мектепте мені өлең айтуға да үйретер еді.
2 бастаушы: ханшайым сен ән айтқанды жақсы көресің бе, ендеше тыңда.
Ән: « Қош бол, балабақшамыз»
Патша: Қызым, тәттім, біз саған ән үйрететін мұғалімнің ең жақсысын табамыз.
Ханшайым: Мен ән сабағын жалғыз емес балалармен бірге оқығым келеді. Жалғыз болғаннан жалықтым қызық емес.
Күтуші аналар: Балмұздақ жегің келіп тұр ма?
- Жоқ.
- Әлде тоқаш жейсің бе?
- Жоқ.
- Марс немесе сникерс?
- Жегім келмейді.
Патша: құлпынайым менің, жемісім. Әр түрлі қонақтарды шақырайын сенің көңіліңді көтерсін. Күтуші аналар қонақтарды шақырыңдар.
Күтуші аналар: тыңдап тұрмыз, патшам.
(Қонақтар келеді)
Ән: ағылшынша.
Патша: Ой, қандай тамаша!
Ханшайым: Мен бұлай айта алмаймын, бұл ән тіпті қиын.
Патша: Мен айттым ғой саған мектепте бәрі қиын деп. Оқу, білім алу – қиын жұмыс.
Күтуші аналар: ҰБТ тапсыру керек. Тапсырмаларды орында қиын.
Патша: Сен оны істей алмайсың.
Күтуші аналар: Басың қатады.
1 бастаушы: Ханшайымды қорқытпаңдар. Мектепте бәрін үйретеді. Тапсырмаларды орындау тіпті қиын емес. Аздап ойлансаң жауабы дайын.
Тапсырмалар: 4 баланың неше құлағы бар?
5 әтеште неше құйрық бар?
Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті. Көгалда неше қоян қалды?
Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық тығылған?
Ханшайым: Ура! Мен таптым мектепке барғым келеді.
Патша: Баяғы әдеті. Сен білесің бе мектепке ерте тұру керек. Таңғы асыңды тез ішіп портфель жинау керек.
Ханшайым: Портфель! Портфель керек!
Патша: күтуші аналар тез портфельді әкеліңдер. (Чемодан әкелінеді)
Ханшайым: Бұл деген чемодан ғой.
Күтуші аналар: Біздің патшалықта бұдан басқасы жоқ.
Ханшайым: маған кәдімгі балалардың портфелі керек.
2 бастаушы: міне саған нағыз портфель. Жинап көр.
(Жинайды. Келістіре алмайды)
1 бастаушы. Сен ренжіме алғашқы уақытта саған күтуші аналар көмектеседі. Сосын өзің де үйреніп аласың. Қара біздің балалар портфельді қалай жинайды. Ал аналары мектепке тамақ әзірлейді.
Ойын: "Портфельді жина".
Ханшайым: Менің қолымнан ештеме келмейді.
Патша: Сенің көңіліңді қалай тапсам екен?
(Музыкамен Емеля кіреді)
Емеля: Сәлем халайық. Сәлем патшам.
Патша: Сәлем, Емеля.
Емеля: Ханшайым неге жылап отыр.
Ханшайым: Мені мектепке жібермейді.
Емеля: Жылама. Одан да мектеп туралы көңілді ән тыңда.
Ән сабағында ән айтып би билейді.
Ән:"Домбырасыз ән қайда" Гүлназ
Би:"Атамекен"
Ханшайым: Емеля сен мектепке барғың келеді ме?
Емеля: Әрине.
Ханшайым: Менің де барғым келеді.
Емеля: Жүр менімен.
Патша: Әй, Емеля, тоқта! Тағы не ойлап таптың? Ешқандай да мектеп жоқ.
Емеля: Онда барлығы дым білмес болады ғой.
Патша: Ал, менің қызыма оқу не үшін керек? Бізде сандық толы алтын бар, күміс бар.
Емеля: Ол ақшаны да санай алмайды ғой.
Патша: Қалайша! Сенікі де шындық.
Емеля: Жазып қол қоя да білмейді.
Патша: Иә, бұл да дұрыс.
Емеля: Барлығы оны кішкентай деп мазақтауы да мүмкін. Бала деген осы.
(2 кіншкентайлар тобының балалары тәрбиешімен бірге кіріп, шеңбер жасап шығып кетеді).
Емеля: Патшам көрдіңіз бе?
Патша: Мені сендірдің, Емеля. Қанша айналдырсаң да оқымысты болған жақсы. Әйтпесе барлығы алдап кетеді. Қалайша біз соны түсінбедік. Емеля мектеп алыс па?
Емеля: Жоқ. Жүріңдер мен сіздерге көрсетейін.
(Шығып кетеді)
1 бастаушы: Міне қандай керемет.
Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек

Данияр: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі - бәрі дап - дайын.
Қамымызды ойлаған
Алтыншаш Есенқызына мың алғыс!

Біздің апай Райхан
Маманы оның әдіскер.
Бұл апайға қарасақ,
Ақылына көркі сай.
Мақтан етем әрдайым,
Аман болшы апатай.

Нұрсұлтан: Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітінде ақтармыз.
Гүлмира, Келісті апайлар
сізден алған ақылды
Есімізде өмір - бақи сақтармыз.

Ислам: Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен.
Қоймашы Айман апайға мың алғыс!

Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші Бағдагүл, Ғайникамал,
Құндыз апайлар сіңірген
Еңбегіңізді ақтаймыз.

Жанель: Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Жанат, Баян
апайларға рахмет!

Әнуар: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Райса, Гүлдана апайларға
Айтамыз біз мың алғыс

Абай: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайларға мың рахмет

Назерке: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Шынар апайға көп рахмет

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
«Біз мектепке барамыз» әні.
Абайда бүгін мереке,
Мектепке алғаш барады.
Барша жұртты қаратып,
Адамдар кетіп барады.
Бірақ, Абай жалғыз емес,
Соңында кім келеді?
Қараңдаршы, балалар поезд жүріп келеме?
Жүргізуші: Абайдың артында асығып келе жатқан кім?
Мамасы: Мен мамасы боламын.
Жүргізуші: Абайдың соңында кім жүгіріп келеді?
Папасы: Мен ғой, папасы.
Жүргізуші: Абайдың соңында кім ақсаңдап келеді?
Әжесі: Мен ғой, әжесі.
Жүргізуші: Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді?
Атасы: Мен ғой атасы.
Жүргізуші: Айтыңдаршы, неліктен Абайға тіркесіп алдыңдар?
Немене Абай Паровоз ба, вагондарын сүйреп жүретін?
Мамасы: Көйлегінің ілгегін кім салады?
Папасы: Портфелін кім ұстап жүреді?
Әжесі: Қарны ашса, бауырсақты кім жегізеді?
Атасы: Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар: Өзі
Мамасы: Ол әлі кішкентай ғой
Папасы: Ол әлі әлсіз ғой
Әжесі: Ол әлі жүдеу ғой
Атасы: Ол көп ауыра береді.
Мамасы: Менің кішкентай ғана баламды аяңдаршы.
Папасы: Мен әдейі жұмыстан сұрандым, портфелін көтеру үшін.
Әжесі: Немерем жүдеп кетеді – деп бауырсақ алып жүрмін.
Атасы: Жіберіңдерші мені бауын байлап берейін.
Жүргізуші: «Білім»- деген теңізде,
Желкенді ақ қайықтай
Абай біздің қалқиды.
Абай біздің мектепке,
Дайындықпен барады.
Қорықпаңдар үлкендер,
Абай нық басып барады.
Шақырады асу арманға,
Аппақ асқар сағымдай.
Сол білімнің шыңында,
Толқындайық тынбайық.
Болашағы елімнің,
Ертеңі сен, ұл - қыздар.
Барлық бала бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош - сау бол!
Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Алтыншаш Есенқызына береміз.

Меңгеруші апай балаларды құттықтап, алғыс хат, мадақтамаларын тапсырады.

Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек"балабақшасы
Имангалиева Р. С

Сабақ жоспары: Көпмүшені көпмүшеге көбейту
Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2018
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу