Ашық сабақ. Ұлттық тағам - ырысым

Oinet.kz 06-10-2019 1121

Ұлттық тағам - ырысым

06 маусым 2014, Жұма

Категориясы: Бала-бақша

Тлектес

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс – әрекет: Жапсыру
Тақырыбы: «Ұлттық тағам - ырысым»
Мақсаты: 1. Ұлттық тағамдарды пайдалана отырып, балаларға олардың қандай еңбекпен жасалатынын түсіндірумен, қатар қандай жолмен алынатынын, түрлерін үйрету арқылы құндылықтарды және тағамдарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Балаларды ұлтжандылыққа, көргенділікке, шапшаңдыққа терең ойлай білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
3. Ұқыпты жұмыс істеуге, жапсыру жұмыстарына дағдыландыра отырып дамыту.
Сабақтың әдісі: Жапсыру, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: Жапсырма, табақша тәріздес бетше, құрт, қаймақ, ақірімшік (брынза), ірмшік, бауырсақ, қазы – қарта, шұбат, қымыз.

Тәрбиешінің іс – әрекеті: Балаларға сабақ басталғаннан хабарлап, назар сабаққа назар аударту.

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі іс – әрекетімізді бастаймыз.
Балалар барлықтарымыз маған қараймыз.

Салтын сүйген баламыз.
Жұлдыздардай жанамыз,
Ұлттың асын ардақтап.
Үйрену жолын табамыз.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз « Ұлттық тағам - ырысым»
Балалар алдымен «Шаттық шеңберін» құралық.

Балалар: Қазақ ұлты дарамыз,
Өсіп келеді санамыз
Жылуыңа жылу қос,
Болашаққа бірге барамыз. (Балалар қол ұстасып айтады)
Балалар орнымызға барамыз.

Интерактивті тақтадан төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі.
Түйе, Қой, Жылқы, Сиыр.

Тәрбиеші: 1. Балалар, мына төрт – түлік малдың аттарын білесіздер ме?
Кім айтады? ( жауап береді)

Тәрбиеші: Айтыңдаршы балалар,
Қандай өнім береді?
Ойсылқара ұрпағы,
Түйе малы киелі.
Қамбар ата ұрпағы,
Қошқар ата ұрпағы,
Қойды бәрі біледі.
Зеңгі баба жалғасы
Ал, сиыр бізге не береді?

1 - бала: Түйе өнімі бағалы,
Айран, сүзбе, шұбаты
Уыз дәмі тым тәтті,
Есіңе түсер шын аты.

2 – бала: Бал мен қаймақ дәмі бар,
Таңдайыңда қалады.
Балқаймақты, құртты да,
Түйе сүтінен алады.

3 - бала: Қамбар ата ұрпағы,
Жылқы малы киелі.
Жылқы сүтінен алынған,
Қымызды бәрі сүйеді.

4 - бала: Қойдың сүті қорғасын,
Құнарлы ол болғасын,
Ірімшік өнімін беретін,
Қошқар атам қолдасын.

5 - бала: Төрт – түліктің бірі ол,
Бізге берер өнім мол.
Қаймақ, ірімшік, қатықты,
Сиыр малынан алып көр.

6 - бала: Қазы – қарта, жал – жая,
Бұжы, қуырдақ тағы бар.
Пейілі кең қазақтың,
Дастарханынан табылар.

7 - бала: Ақ бауырсақ шашылып,
Құшағымыз ашылып.
Нан атасы - ақ бидай.

Тәрбиеші:
Өте жақсы, барлығымызда ұлттық тағамдардың түрлерін, қайдан алынатынын жақсы білеміз екен. Мен сіздердің сөздерінің
толықтырып өтейін.

Балқаймақ - Түйе сүтінен немесе айраннан пісірілетін тағам.
Құрт - Ашытылған түйенің сүтінен немесе ашылатын жасалатын сусын.
Шұбат - Тайлақты түйенің сүтінен ашытылған жасалатын сусын.
Ежегей - Жаңа төлдеген малдың уызына қант қосылып пісірілетін тағам.
Айран - Жас түйенің сүтінен алынатын сусын.
Қымыз - Жылқы сүтінен алынып ашытылатын сусын.
Ірімшік - Сиыр сүтінен қант қосылып пісірілетін тағам.
Бұжы - Малдың іш майына ұн қосылып ішекке салынып пісірілген тағам.
Қазы - Жылқы етін тұз бен бұрыш қосып, ішекке салып пісірілетін тағам.

Қуырдақ - Төрт – түлік малдың етінен май араластырып пісіретін тағам.

Бауырсақ - Бауырсақты білмейтін қазақ жоқ шығар, ұлттық тағамның ұлы асы. Ұн мен майға пісірілетін тағам.

Дидактикалық ойын: « Затты орнымен сал» ойынын ойнату.
Енді, балалар қолдарымызды берілген ыдысқа құрт пен балқаймақ тағамдарын бөлек – бөлек салу керек, құртты бір бөлек, ал балқаймақты бір бөлек орналастырып салу керек олай болса жұмысқа кірісеміз.

Тәрбиеші: Балалар, енді мына суреттерге назар аударалық.
(Тақтаға ұлттық тағам түрлерінің суреттерін ілінеді, балалар тағы бір қайталап айтып өтеді).

Тәрбиеші: Дастарханымызға береке берсін,
Бастарымыз мереке берсін.
Астарымызға адалдық берсін,
Елімізге амандық берсін.
Әумин, әумин!

Тәрбиеші: Балалар мына ыдыстағы дәмнен қонақтарға ұсынайық.
Бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатынастыңдар.
Рахмет! Қонақтар да риза болды.


Тәрбие сағат: Елімнің бақыты - Тәуелсіздік!
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу