Ұл балаға бата

Oinet.kz 06-09-2020 851

Бір үйдің баласы болма,

Бүкіл елдің санасы бол!

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала!

Өзегің талса, ел ішін арала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзің - өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!

Әумин!

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Дауыссыз дыбыстарың емлесі
Жастарға бата
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу