Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Математикалық ойын
Бұл ойын музыка арқылы орындалады. Бірнеше ойыншы шығып би арқылы ауада сан (цифр) жазады. Ал көрермендер қандай сан жазылғанын табуы керек. Есеп жазуға да болады бірақ, оңай болуы керек мысалы: 2+5. Қалғандары шешуін тапқанша ойыншылар биін жалғастыра береді.
*****
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең бутылкаға салады. Столдың ортасына қойып айналдырады, банкінің аузы кімге қарап тұрса, сол адам қағазда жазылған тапсырманы орындайды. Қағазға жазылған тапсырма қызық болуы керек. Мысалы: стриптиз билегім келеді немесе бір бокал шампан ішкім келеді т. б.
****
Жемістер
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Үлкен екі ыдысқа су құйып ішіне алма, алмұрт, апельсин, мандарин т. б. жемістерді салуға болады. Екі ыдыстағы жемістер саны бірдей болуы керек. Ойыншының қолын артқа байлап, ыдыстың ішінен жемісті аузымен алып шығару тапсырылады. Ойын барысында жақсы әуен ойнап тұруы керек.
***
Қимыл арқылы
Бұл ойынға отырыстағы барлық адам қатысуға болады. Қағазды бөліктерге бөліп алып, отырыста отырған адамдардың аты жеке - жеке жазылып, бүктеп ыдысқа салынады. Ойыншылар бір қағаздан алады. Қағазда кімнің аты жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі қажет. Қалғандары кім екенін табуы керек.
***
«Өте маңызды мәлімет»
Тұтқындардың қолына маңызды құжат бар, сол құжаты діттеген жерге жеткізу қажет. Ол үшін ойыншылар екі топқа бөлінеді. Құжат жыртылмайтындай қағаз болғаны дұрыс. Ойыншылар екіге бөлініп қатар тұрады. Барлығының қолдары артқа байланады, қағазды аузымен бір - біріне беру арқылы соңғы адамға жеткізуі қажет. Мұнда жылдамдық қажет. Қағаз жерге құламауы керек. Қай топ бірінші болып орындаса сол топ жеңімпаз.
***
«Қолғап пен түйме»
Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс.
***
Тілектер сайысы
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.