Ашық сабақ. Қазақ тілі. Үш тілді меңгеру
Мақала “Үш тілді меңгеруді жетелдіру жолдары”
Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ташенева Карлыгаш Крыкбаевна
Ұсынылып отырған мақалада үш тілділікті меңгерту жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, өзге тілді меңгертуде мәтінмен жұмыс істеу жолдары көрсетілген. Мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері көрсетілген. Сөздікпен жұмыс істеу жолдары қарастырылған.
Тірек сөздер: көптілділік, ана тілі, бағдарлама, аударма, мәтін, үштұғырлық, тіл дамыту, лексика.
Тіл – қоғамның ең маңызды байланыс құралы. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес. Ана тіл – кез келген адамға ана сүтімен бойына дарыған ерекше құбылыс, қасиет. Дүниеге келген сәбидің осы қасиеттін әрі дамытып, ойын кемелдендіріп, тілін байытып, сөздік қорын молайту – бала бақшадағы тәрбиешілер мен оқытушылардың арқалаған ауыр жүгі. Баланың тілін дамыту арқылы оның сана-сезімін, дүниеге деген көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесін бірге дамытамыз. Негізінен тілдің ғылыми тұрғыдағы қазметтеріне тоқталатын болсақ, қарым-қатынас құралы болу, ойды жарыққа шығару, адамның көңіл-күйді білдіруі, таным құралы болуы, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы және т.б. осындай қызметтер. Ал осы қызметтерді үш тілде меңгерген адам, болашақта жан-жақты дамыған, саналы, ойлы, ең бастысы өмірде өз орнын таба білетін тұлға болып шығады.
Ендеше «тілдің үштұғырлығы» қазіргі таңда елеулі және көкейтесті мәселелердің бірі болу керек. Ол үшін біздің елімізде тұратын кез келген адамға ең бірінші «Мемлекетті сүю баспалдағы мемлекеттік тілді сүюден басталады» деген асыл ойды бойына сіңіре білу керек. Қазақ тілі қазіргі таңда Қазақстанда тұратын барлық халықтардың қарым-қатынас құралына айналыуы тиіс. Заман дамыған сайын қазақ тілі – ілгерлеудің күшті құралы ретінде қоғамдық қызмет атқаруы керек. Қазір қазақ тілі – кемеліне келген, лексикасы бай, икемділігі мол, орамды, саяси-әлеуметтік қызметі барынша өскен жүйелі де, көркем тіл. Ал келешекте ғылым мен техниканың алуан саласы бойынша ақпарат алудың негізгі көзі, жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынас жасау үшін сондай-ақ ағылшын тілі де керек болып отырғанын ұмытпағандары жөн.
Елбасы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру үшін ағылшын тілін де меңгеру мүмкіндігі туып отырғанын атап айтады.[2] Оның әр оқыған, көзі ашық азамат өзінің үш тілді бірдей меңгеруі арқылы кез келген салада өзін жан-жақты көрсете алатындығын ұмытпағаны жөн деген көріпкелдікпен айтқан ойында үлкен мән-мағына бар. Осыған орай тілшілер, тіл оқытушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгертуге жағдай жасап, тіл үйренушілерді қызықтыра білулері керек.
Бастауыш деңгейдегі тіл үйренуші үшін ең бастысы – ауызекі тілде сөйлеу, өз ойын жетік жеткізу, берілген сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрай алуы болып табылады. Тіл мамандары үшін тіл үйретуде қиындық тудыратын мәселенің бірі – қазақ, ағылшын тілдерінен тілдік ортаның қалыптаспауы, жоқтығы. Олар алдағы уақытта бұл тідердің олардың өміріне керексіз деп табуында болып отыр. Өйткені жұмысқа орналасуда олардың дипламдары мен біліктіліктері ғана ескеріледі. Тіл білу, білмеуі қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге ғана қойылатын талап болып отыр. Ал егер осы мемлекеттік тілді меңгеруі кез келген жұмысшыға, қызметкерге қойылаатын талап болса тілге деген көзқарас өзгерер еді. Негізінен мемлекет қазақ тілін үйренуді өзге ұлт өкілдеріне мәжбүрлей емес, саналы да сапалы оқып-үйрену саясатын алға тартып отыр. Тіптіден мемлекет тарапынан түрлі озық әдістемелер ұсынылып, түрлі сайыстар, ақшалай сыйақылар тағайындалып немесе басқа да барлық жағдайлар мен мүмкіндік жасап отыр.
Осыған қарамастан тіл үйренушілер тілді жетік меңгеру үшін, оқытушылар шағын мәтіндер құрастырып, соны үш тілде қайталтып отырса, оқушыларға бірдей талап қойса тілді меңгертуге болады деп ойлаймын. Тіл үйренуде негізгі мәселе – мәтіндерді іріктеу және оған ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінде. Бұндай жұмыс түрлерін неміс ғалымы Габриел Нойф Мюнкел төрт типке бөлген. [1]
сөйлеу үдерісін дайындауға бағытталған жаттығулар;
сөйлеу үдерісін құрастыруға бағытталған жаттығулар;
сөйлеу үдерісін жүйелеуге бағытталған жаттығулар;
ауызша коммуникацияны іске асыруға арналған жаттығулар.
Ал мен мәтінмен байланысты жұмыстарды төмендегідей жүргізуді ұсынамын:
мәтінді (мәнерлеп) оқу,
сөздікпен жұмыс жүргізу,
аударма жұмысын жүргізу,
мәтін бойынша сұхбат құрастыру,
мәтінді ауызша баяндау.
Бұл жаттығулар оқушының тілін дамуына бірден-бір септігін тигізеді. Осы жұмыстарды орындата отырып сұхбат жұмыстарының да бірнеше түрін ұйымдастыруға болады. Мысалға:
нақты жауап беретін сұрақтар,
жорамал немесе жалпы жауап беретін сұрақтар,
өзінің жеке жауабын беретін сұрақтар беру,
немесе берілген сөйлемге сұрақтар құрастырту,
нақты бір сөзге сұрақ қойғызу,
риторикалық сұрақ қойғызу секілді көптеген ауызша-жазбаша жұмыстар жүргізуге болады.
Бұндай сұрақ қою түрлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті шығарған «Әдістеме әлемінде» атты ғылыми жинақта толық беріледі.[3] Бұл тіл үйренушіге берілетін тапсырмалардың бір түрі ғана. Біліктілігі жоғары, іздемпаз ұстаз осындай әдіс-тәсілдердің неше алуан түрін өз сабағында қолдана алады және оны үш тілде шебер қолдануға оқушыға қолайлы жағдай жасайды.
Бұл жұмыстарды орындауда тіл үйренушінің тілімен қоса, жан дүниесі, өй-өрісі дамиды, қызығушылығы артады. Сонымен қатар ол қоршаған ортаны терең түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты сауатты жазу дағдыларын және грамматикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында көптеген жаттығу түрлерін құрастырып отыру керек. Өйткені тілдерді сауатты түрде меңгеруде грамматиканың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Давлетбахова Л.И. Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетерінің студенттеріне шет тілін оқытудағы озық технологиялар және оның тәрбиелік мәні. //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2010 №1 – 26 б.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауы – 2010 жыл.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Әдістеме әлемінде. Ғылыми жинақ. Алматы «Руханият» 2008. 57 б.