Ашық сабақ. Қазақ тілі. Етістік

Oinet.kz 06-10-2019 709

Қазақ тілі сабағы Қазақстан. Грамматикалық тақырып: “Етістік””

  oquzaman  0 Comments 

Оксана Сейсенбаева

Петропавл қаласындағы №19 Бастауыш

Мектебінің қазақ тілі пәнінің   мұғалімі


Сабақтың тақырыбы:ҚазақстанГрамматикалық тақырып:Етістік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.Оқушыларды қазақша сөйлету,қазақ тілінен білім деңгейін арттыру,сауатты жазуға және сауатты сөйлеуге дағдыландыру,сөздік қорын кеңейту,сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

2.Тәрбиелік.Отанға, елге,жерге деген сүйіспеншілігін ,құрметін арттыру.

3.Дамытулық.Дұрыс оқу,сауатты жазу дағдыларын жетілдіріп,дамыту.

Cабақтың түрі – жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,Қазақстанның картасы,суреттер,сызбалар. .(Тақтада Қазақстан Республикасы тақырыбына байланысты Астана қаласының суреті,Қазақстанның картасы және табиғат суреттері ілулі тұрады. )

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін кім кезекші?Сабаққа барлық оқушылар қатысып отыр ма?

2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.

-Дәптерлеріңді ашып үй жұмысын қайталап алыңдар.Қолымызды көтереміз.

3.Жаңа сабақ :

Балалар біздің бүгінгі өтетеін тақырыбымыз «Қазақстан» деп аталады.Қазақстан –тәуелсіз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанның астанасы –Астана қаласы.Қазақстанның туы,елтаңбасы,әнұраны,теңгесі бар.Қазақстанның мемлекеттік тілі -қазақ тілі.Балалар біз өз елімізді ,тілімізді,отанымызды құрметтеуіміз,сүюіміз керек.Себебі біз Қазақстанда туып өстік,білім аламыз,өмір сүреміз.Біздің туыстарымыз,достарымыз осы елде тұрады.Бір сөзбен айтқанда Қазақстан біздің ортақ үйіміз!

1-тапсырма.Суретке қара.Оқы

1.Менің елім Қазақстан тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.

-Балалар енді мына суретке қарап өз ойларыңды айтыңдар.

-Біздің отанымыз- Қазақстан Республикасы.

-Қазақстанның жері кең әрі бай,табиғаты әдемі!.

-Еліміздің астанасы Астана қаласы.

-Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

-Қазақстанда көп ұлт өкілдері өмір сүреді.

-Әр халық Қазақстанды өз отаным деп атайды,оның заңдарына бағынады және тату тәтті өмір сүреді.

-Өте жақсы!

2.Сурет бойынша сұрақ қою . Жазылым.Тақта алдында жұмыс жасау.

-Балалар,біз қай елде өмір сүреміз?

-Біз Қазақстан Республикасында өмір сүреміз.

-Еліміздің табиғаты қандай?

-Еліміздің табиғаты әдемі.

-Президентіміз кім?Бас қаламыз қалай аталады?

-Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев.Бас қаламыз Астана қаласы.

-Жақсы балалар!Енді дәптерімізге Қазақстан жайлы мәліметтер жазайық.

Тақтаға балалар кезекпен шығып Қазақстан туралы сөйлемдер жазады,оны оқып шығады және дәптерге жазады.

2-тапсырма.Оқы.Үлгі бойынша сөйлес.

Оқушылар кезекпен диалогты оқиды.Аудармасын айтып отырады.

-Сен қайда тұрасың?                  Где ты живеш?

-Мен Қазақстанда тұрамын.     Я живу в Казахстане.

-Қазақстанның жері қандай?   Какая земля Казахстана?

-Қазақстанның жері үлкен.       Земля Казахстана большая.

-Жақсы ,балалар!

3-тапсырма.Кесте бойынша оқы.Тақтамен жұмыс.Кесте тақтаға жазылады,жалғаулардың асты сызылады.Дәптерге жазу.

жері

Қазақстанның        астанасы

президенті

-Балалар,қараңдаршы жер Қазақстанға меншік болып тұр (Ребята,здесь земля принадлежит Казахстану поэтому к слову Қазақстан мы соединяем окончание -ның то есть окончание Родительного падежа (Ілік септік),а к слову жер окончание –і который является окончанием III –лица( III –ж. жалғауы) ).

Қазақстанның –ның ілік септігінің жалғауы, астанасы –сы тәуелдік жалғауының III-жағы;

Қазақстанның –ның і.с.жалғауы,президенті –і т.ж.III-жағы.

4-тапсырма. Айтылым.Үлгі бойынша сөйлеу.Әр оқушыға жеке жеке көңіл бөлу.Оқулықтағы кесте бойынша жұмыс.

-Балалар, мына кестеге қарап сөйлем құраймыз.Жаңа айтылған мәліметті қолдана отырамыз.

                                

 

                                   ҚАЗАҚСТАН

                                   /               \           \ жер

                                             Астана           \

                     президент             \               үлкен  

                          /                       Астана

Нұрсұлтан Назарбаев             қаласы

 

Қол көтеріп құрастырған сөйлемдерін айту.

1 – оқушы: -Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

2 – оқушы: -Қазақстанның астанасы Астана қаласы.

3 – оқушы: -Қазақстанның жері үлкен.

-Жақсы балалар!

 

Енді біз сендермен ЕСТЕ САҚТА! Деген көгілдір түсті тапсырмаға назар аударайық!

 

елбасы(Глава государства)

/

ЕЛ \                                                          СТРАНА

елорда (столица)

Қазақстанның Президенті –Қазақстанның елбасы

Қазақстанның астанасы-Қазақстанның елордасы.

-Балалар, есте сақтап жүріңдер!Елбасымыз- Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның елордасы-Астана қаласы.

Жақсы,балалар!

 

5-тапсырма. Оқылым.Оқушылар өз парталастарымен жұмыс жасайды.Мәтінді оқушылар кезекпен оқиды.Аударады.

Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстанның жері үлкен.

Қазақстанның елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.Астана – әдемі қала.

 

Я живу в Казахстане.Земля Казахстана большая.

Глава нашей страны -Нурсултан Назарбаев.

Главный город нашей страны-город Астана.Астана-красивый город.

-Жарайсыңдар, балалар!

Етістікті түсіндіру.Тақтамен жұмыс .Дәптерге жаздыру.

-Балалар,Давайте вспомним часть речи глагол и на какие вопросы отвечает ?

-Глагол это часть речи которая обозначает действие предмета или лица,отвечает на вопросы что делать ?что сделать?

-Иә,дұрыс.Қазақ тілінде глагол сөзі Етістік болып аударылады ,ал сұрақтары не істеді?қайтті?.

Мысалы : не істеді ? ойланды, тамақ ішті,жүгірді,биледі,оқыды.(подумал,ел,бегал,танцевал,прочитал.)

-Дәптерге мысалдарды жазып алайық..

Тағы балалар өз бетінше сөйлем құрастырады,дәптерге жазады.М:Мен мәтін оқимын.Біз Қазақстанда тұрамыз.Күз келді.

Жақсы балалар!

5.Үйге тапсырма.

Жазылым. Үй жұмысына дайындық жасау.

-Балалар, енді күнделіктеріңді алып, үй жұмысын жазып алыңдар.Оқулықтың 41-бетіндегі № 6 тапсырманы орындап келіңдер.Тапсырмада сұрақтар қойылған.Сол сұрақтың біріншісіне жауап тауып көрейік.

Сен қайдай тұрасың?Где ты живешь ?

Мен Қазақстанда тұрамын.Я живу в Казахстане.

Міне балалар осындай жауап болуы тиіс.

6.Қорытынды.Жаңа сабақты бекіту,пысықтау. Оқушыларды сөйлету.

а)Жаңа сөздерді қайталау.М:Елбасы,елорда,Қазақстанның жері,астанасы,президенті.

ә)Қазақстан туралы мәліметтерді айтқызу.М:Қазақстанда көп ұлттар тұрады.

7.Бағалау. Жақсы жауап берген балаларға бестік деген баға қойылады.Сабаққа орташа қатысып отырғандарға төрт деген баға қойылады.

-Балалар,осымен сабағымыз аяқталды ,сау болыңдар!


Наурызға арналған бата - тілектер
Ашық сабақ. Қазақ тілі. Үш тілді меңгеру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу