Ермек Көшербаев Түркия президенті Ердоғанға Тоқаевтың сәлемін жеткізді

Oinet.kz 03-02-2026 42

Анкараға ресми сапары аясында сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болып, мемлекет басшысының сәлемін жеткізді. Бұл туралы сыртқы ведомствоға сілтеме жасаған Oinet.kz хабарлайды.

Screenshot_3.jpg

Сұхбат барысында Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталған.

Өз кезегінде Ермек Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар еткен.

Бұдан бөлек, тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылаған.

"Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды", - делінген хабарламада.

Ойнақтаған от басар: Серік Сәпиев қызметінен босатылды
Қазақстанның табиғи байлығы төрт жыл бойы заңсыз түрде шетелге шығарылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу