Ашық сабақ. Қазақ тілі. Бақылау жұмыстар жинағы

Oinet.kz 06-10-2019 1087

Бақылау жұмыстар жинағы

  oquzaman  0 Comments

Құрастырған:

қазақ тілі мұғалімі

Темирбулатова Раиса

Амангельдиновна


Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін

Бақылау жұмыстар жинағы

Түсінік хат

Бұл бақылау жұмыстарының топтамасы  оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 – сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.

Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей  бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.

  Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;

«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

 

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант

 Мақсаты: Оқушылардың  өткен тақрыптар бойынша алған білімдерін тексеру.

Данышпан

Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін сыйлыққа қалағаныңды ал,- депті. Данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті.Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.

Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.

(Баспасөз беттерінен, 60 сөз)

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жылдық бақылау

 Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.

Достар

Достың көп болғаны жақсы . Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті , тәрбиелі. Әрі бәрі шеттерінен өнерлі балалар. Менің достарым Аян мен Серік өте жақсы оқиды. Біз үнемі футбол ойнап спортпен айналысамыз. Аян мейірімді де, ақылды. Мен оны осы қасиеттері үшін  жақсы көремін. Біз бірге оқимыз, бірге ойнаймыз. Түстен кейін қосымша сабаққа қатысамыз. Біз үнемі біргеміз.

(Қазақстан әйелдері, № 8, 2008 ж. 54 сөз)

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама.

Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.

                                                   Домбыра

Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішінде кең таралған музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі.
Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады.
Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады.

Қазақ халқының музыка өнері көп елге танымал.
(«Ұлттық саз аспаптары» кітабынан, 80 сөз).

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын, ая  бойынша алған білімдерін тексеру.

                                                     Ата сағынышы

Бекзаттың атасы алыстағы ауылда тұрады. Бұрын қалаға келіп тұрушы еді. Соңғы кездері бірлі-жарым малына қарап, үйден шыға алмай жүр. «Демалыс кезінде келерсің» деп жазады әр хатында атасы. «Ата, дем алатын кез де таяу, барып қайтам, шын сөзім» деп жауап қатады Бекзат та.

Бекзат атасына берген уәдесін орындауға асықты.  Оқу жылы біткен күннің ертесіне-ақ Бекзат жолға шықты.

(Баспасөз беттерінен,58 сөз)

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

 Мақсаты:  Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім – білік дағдыларын тексеру.

Менің  Республикам

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.  Рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран. Астанасы – Астана қаласы. Біздің елде 130 ұлт тұрады. Қазақстанның табиғаты тамаша. Жері кең, бай. Биік тау, мөлдір көлдер, өсімдіктер  өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар  бар. Қазақстан жерінде: мұнай, көмір, темір, алтын мол.

Бізде өзен , көлдер көп. Олар: Есіл, Тобыл, Шу, Нұра, Сырдария. Суы мол өзен – Ертіс. Ең үлкен көлдері – Балкаш, Алакөл. Ірі теңіздері – Каспий.

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 63сөз)

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант

 Мақсаты: Оқушылардың  ІІ тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.

Қажымұқан

Қажымұқан  жас кезінен  күшті  болған. Бала кезінде  жалшылықта жүрген. Оның  күшіне ел таң қалады екен.

Қыстың қақаған  шағында  бала жігіт  отынға  барыпты. Шанаға  жеккен  аты  қарға  омбылап,  мұзға  тайғанақтап,  мергітіп қалыпты.  Мертіккен  атты шанаға  көтеріп салыпты да, аттың  қамытын  мойнына  іліп, шананы  ауылға  өзі сүйреп келіпті. Содан бастап  оның  атағы елге жайылыпты.

(«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан, 52 сөз)

Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі

 Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру.

Торсық

Торсық – теріден тігілген ыдыс. Торсықтың үлкен, кіші түрлері болады. Бояу қайнатындысынан шыққан теріні кептіреді. Торсық пішіледі, тігіледі. Сырты түрлі оюмен өрнектеледі. Торсықтың ішіне ыстық құм толтырып кептіреді. Құмды төгіп, ысқа іледі.

Мұндай торсық өз пішінін еш уақытта жоймайды.

(«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан,38 сөз)


Ашық сабақ. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу