Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Айткалиева Жанара Азаматовна “Пойма бастауыш мектебі” КММ. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»
К.Д. Ушинский.
Мен, Айткалиева Жанара Азаматовна осы ұстаздық қағидамен 6 жыл ұстаздық жолында еңбек етудемін. Мен 2003-2006 оқу жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжін оқып бітірген соң, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығым бойынша 2006-2007 оқу жылы алғашқы еңбек жолымды бастадым. Ұстаздық жұмысымды атқара жүріп, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде 2007-2010 жылдары сырттай оқып, білімімді тереңдеттім.
Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, оқытудың көптеген әдіс-тәсілдеріне үйрендім. Өзара сабақтарға қатынасып, іс-тәжірибе алмастым. Әдістемелік тақырыбым – «Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында тірек сызбаларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру». Мұндағы мақсатым: білім, білік, дағды қалыптастыру. Қазақ тілінде тірек-сызбалар технологиясын, көмекші құралдарын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру және қазақ тілін тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру. Және де оқушыларды сауатты жазуға үйрете отырып, олардың есте сақтау қабілетін, тілін дамытып, өзара түсіне білуге, еркін сөйлей/сөйлесе ала білу деңгейіне көтеру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Осындай мақсаттарды орындау барысында 3б сыныбында «Қол сағаты», «Нәтиже сабақ», 4б сыныбында «Кім көп біледі?», «ҚР-ның мемлекеттік Туы», «Бейбітшілік қаласы» атты ашық сабақтар өткіздім. Үш тұғырлы тіліміз қазақ тілінен басқа орыс және ағылшын тілдерінің пәнаралық байланысы бар «Ана тілім – ардағым» атты ашық тәрбие сабағымды өткіздім. Аудандық семинарда «Как развивать коммуникативные способности ребенка?», мектепішілік педагогикалық кеңесте ««Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді?» және «Қазақ тілі сабақтарында оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру», ата-аналар жиналысында « Қазіргі қоғам және қазақ тілі» тақырыптарында баяндамалар оқып, ой бөлістім, тәжірибе алмастым. Мектеп бойынша өткізілетін тәрбие жұмыстары мен іс-шараларға қатысып, ат салысамын. Атап айтсақ, мектеп мұғалімдерімен бірлесіп, «ҮІІ қысқы Азия ойындары», «Желтоқсан желі ызғарлы…», «Жүрек жылуы», т.б. тақырыптарында тәрбие сағаты мен іс-шараларды өткіздім.
Мұғалім – озық ой мен шынайы практикалық қызмет иесі десек, мақсат – түпкі нәтижеге қол жеткізу болатын, ал түпкі нәтиже – ол білім сапасы, оқушылардың жетістігі деп ойлаймын. 2010-2011 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 4б сынып оқушысы Бакаушина Раиса І орын алса, 2011-2012 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 3б сынып оқушысы Радковец Сергей ІІІ орынға ие болды. Аудандық ББ-нің №232 бұйрығымен Пойма бастауыш мектебі жанынан «Мектеп өміріне еңбек сіңіргені үшін» деген мадақтамамен марапатталдым. Осы 2012-2013 оқу жылы Аудандық ББ Бастауыш сыныптардағы негізгі пәндері бойынша «Ең үздік тесттер жинағы-2012» сырттай байқауынан номинацияға ие болдым. 2012-2013 жылы «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту» жобасы бойынша ұйымдастырылған семинарларға қатысып, сертификат алдым. Бұл семинарда оқытудың көптеген әдістерінен хабардар болдым. Сабақ барысында жаңа оқу тәрбие әдістерімен уақытылы танысып, жаңа тәжірибелерді игеруге тырысамын.