Балабақшаға арналған ойындар

Oinet.kz 06-09-2020 1590

Тышқан ұстаушы ойыны

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.

Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір - бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып,

Кеттіңдір ғой көбейіп.

Кемірумен жазаладың,

Сазайыңды берейік.

Сақтаныңдар, сақ болыңдар,

Сендерге де жетеміз.

Құрған торға тап болыңдар,

Сендерді қор етерміз!

Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).

Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.


Әткеншек ойыны

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең - әрең әлдиледі,

Әткеншегім ән биледі.

Тербеткенде ойнадым ғой,

Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү - гі - ре - міз, жү - гі - ре - міз» деген сөзді айтады.

Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.

Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:

Жаймен ғана тербетіңдер,

Әткеншекпен ер жетіңдер!

Бір, екі, бір, екі,

Ойын бітті мінеки!

Әткеншек қимылды бірте - бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.

Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.


Мысық пен тышқан

Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір - бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.

Васька әппақ қарасақ,

Құйрығы сұр тамаша - ақ,

Жебедей - ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады.

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька естісе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т. б. түзетеді


Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)

Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып, алаңның ортасында тұрады.

Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан - жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3 - 4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады.

Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30 - 40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа, басқарушыны тағайындайды.

Аққу - қаздар

Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

— Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

— Га, га, га

Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: — Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан - жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.

Үш - төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.

Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан - жағына сермейді) деп түсіндіреді.


Спорт ойындары

1. Баскетбол. Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір - біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу; допты екі қолымен жерге кезек - кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі қолымен лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.

2. Футбол. Бір - біріне допты екі аяқпен кезек - кезек соғу (тоқтату); екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып, доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау ( міндетті түрде төреші сайланады),

3. Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнап жаттығу.

4. Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резенке добын пайдаланып ойнау.

5. Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіп сайлайды.

Спорттық жаттығу лар

1. Сырғанау. 1) Аяқпен сырғанау: төбешіктен әртүрлі әдіспен сырғанап түсуге, қоса су құйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келе жатып, тік тұрып, жүресінен отыра қалып сырғанау. 2) Шанамен сырғанау: шанаға 1 - 2 баладан отырғызып сүйрету; төбешіктен еңіске қарай шананың артынан итеріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.

2. Велосипед. Тік жолмен, заттардың арасымен әртүрлі көріністер жасап тебу; 100 - 200 м. жерге жарыса тебу; артына тағы бір баланы тұрғызып алып тебу.

3. Қазақша курес. Арнаулы параллон матаның үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу; белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі - екіден шығарып, 1 минут күш санастыру, күрестіру.

4. Жүзуге дайындық. Судың тайыз жерлерінде етпеттерінен жатып, аяғымен суды шалпылдату; суға етпетінен жатып, қолды жерге тіреп жүріп, аяқпен әртүрлі қимылдар жасау.


Қимылды ойын: ҚУЫРМАШ

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.

Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

- Қуыр, қуыр, қуырмаш

- Балапанға бидай шаш

Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір - бірден саусақтарын бүгеді.

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек

- Балалар ойынды қызыға ойнайды.

- Балалар ойын ұнады ма?

- Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?

- Не білді: Қызықты ойын санауды үйренді.

Қимылды ойын: КӨЖЕКТЕР МЕН ТҮЛКІ

Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.

Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.

Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы

Беттеріңді жушы

Ну орманға барайық

Тамақтанып алайық.

Қаш: Жалаңдаған қу түлкі

Келіп қалыпты орманға

Көжектерің қайда деп.

Қуып келді соңынан

Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

Қимылды ойын: АЮ

Ойын мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Ойын шарты: Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі. Ойын 2 - 3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.

Қимылды ойын: АҚ ҚОЯН

Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.

- Қояным, қояным ұйқыңнан тұршы

Бет - қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Мәсіңді киші,

Көлегіңді киші,

Енді бізді қушы - деп балалар қаша жөнеледі.

Қимылды ойын: ДОП

Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.

Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Тапсырмалар
Ашық сабақ. Қазақ тілі. Қазақ тілінің білгірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу