Ашық сабақ. Үй жануарлары
Сабақ «Үй жануарлары»
Нұрмұханбетова Назгүл Бейсенбайқызы
Тіл маманы
«Балдәурен» балабақшасы КМҚК
Мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы, малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік бере отырып мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу. Бір-біріне қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу. Балалардың ой-қиялын, шығармашылығын дамыту.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Жануарлардың суреттері, слайд,бейне таспа, венн диаграммасы, мақал – мәтелдер,өлең, ойын,т.б .
Сөздік жұмыс: Сow; Cat; Sheep; Goat ; horse.
Билингвалды компонент: Сиыр-Корова-cow .Мысық- Кошка-Cat.
Қой-Баран-Sheep. Ешкі-Коза-Goat .Ат-Конь-horse.
І.ә.к. | Т.і.ә. | Б.і.ә |
М.қ. | -Good morning boys and girls.How are you today? Бір-біріне жылы лебіздер айтайық.Мен сендерге бақыт тілеймін. -Жарайсыңдар. – Балалар бүгін біз мал фермаға барамыз. -Саяхатқа автобуспен шығамыз. -Кәнеки бәріміз автобусқа мінейік. -Бәріміз автобус сияқты дыбыстайық.Ш-Ш-Ш-Ш-Ш | Амандасады. Бір-біріне тілек айтады. Назар аударады. Мінеді.
Дыбыстайды.
|
Ұ.І.
Р.К. | -Міне жеттік. -Тәрбиеші бейне таспаны қосады. -Балалар ал енді тақпақ тыңдайық. «На ферме!» Что за шум что за гам -Кәнеки балалар жаңа сөздерді қайталайық. Сиыр-Корова-cow Мысық- Кошка-Cat Қой-Баран-Sheep Ешкі-Коза-Goat Ат-Конь-horse –Сендер шаршаған сияқтысыңдар ғой.Кәнеки сергіту жасайық. Сергіту сәтін орындау. And now stand up! Jump like a rabbit! Walk like a tortoise! Swim like a fish! Fly like a bird! Very good children! Sit down now! -Ойын ойнаймыз ба? « Қай малдың төлі» ойынын ойнайық!(тәрбиеші мал дыбыстарын қосады) Ойын шарты: суреттегі малды атап, төлдерін тап. Қане, осы малдар қалай дыбыстайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Түйе боздайды. Қой маңырайды. Ешкі маңырайды. -Жарайсыңдар.
-Енді біз балабақшаға қайтуымыз керек.
-Балалар сендер фермада нені көрдіңдер? -Фермада көрген үй жануарлардың ермексаздан мүсін жасайық.
Кәнеки «Old Macdonald» өлең айтайық. |
Тыңдайды.
Қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Қызығып ойнайды.
Ермексазбен жұмыс істейді.
«Old Macdonald» өлең айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Ойын арқылы қызығушылықтары артады,логикалық сұрақтарға жауап беруді.
Түсінеді: Бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа,
тапқырлыққа, логикалық ойлау дағдысын түсінеді. Логикалық сұрақтарды түсініп, тез жауап береді.
Қолданады: Ойынға қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап бере алады. Ермексазды қолданып жануарларды жасайды.