Ролан Ибрагимов Қожанасыр ма?
19-11-2020
Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, су шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінде ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басып соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып: - Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! – депті.