Әңгіме. Үнді

Oinet.kz 05-10-2019 713

image.png

Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. Ағаштың айналасын әбден жүріп қарап болғасын, орамға шығып жолай дауыстап сұрады: - Аласа бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ құйрық кішкентай иті бар бір қарт адам көрдіңіз бе? – деп.

Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден «Ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз», - деп сұрасыпты. Сонда үнді айтты дейді: - Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді ол ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым. Адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында ит бар екенін және ол иттің өзі кіштентай, құйрығы тарақ құйрық екенін білгенім, етімді ұрлап жатқанда ит анадай бір құмақтырақ жерде отырған екен. Соның құмға түсіп қалған ізінен және былғаңдатқан құйрығының табынан байқадым, - депті-міс.

Әңгіме. Үнді
Әңгіме. Полкан деген ит
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу