Әңгіме. Ата насихаты

Oinet.kz 05-10-2019 1243

image.png

Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына беріп: - Сындырыңдар! – деді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.

Әкесі сабауларды алып шешеді де: - Бір-бірлеп сындырыңдар! – дейді.

Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады: - Араздасып, араларың ашылса, сендерде осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі киын болар!

Күз туралы эссе
Эссе: Білікті маман – қоғам сұранысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу