Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Oinet.kz 05-10-2018 706
Бұл бет үшін навигация:
Сабақтың тақырыбы: «Патша және жер қазушы». Сабақтың мақсаты: 1. Көркем әдебиеттің бір туындысы – ертегілер туралы білімдерін толықтыра отырып, оқыған ертегідегі негізгі ойды түсіне білу және щебер мазмұндау дәрежелерінің артуына жағдай туғызу; 2. Әдеби көркем сөздерді жинақтай отырып, мәтіннің мазмұнын әсерлу жеткізе білу дағдыларын дамыта түсу; 3. .Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу арқылы еңбекті құрметтеу керектігін ұғындыру Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы; Сабақтың түрі: Аралас, жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдістері: суреттеу, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: ертегі желісіне салынған сурет, интерактив тақтасы Пәнаралық байланыс: дүниетану Сабақ жоспары: №КезеңдеріУақытыІҰйымдастыру3 минІІЖаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу33минІІІҚорытынды5 минІYБағалау2 минYІҮйге тапсырма2мин Сабақтың барысы: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Негізгі бөлім А) Қызығушылықты ояту - Әңгіме не туралы болмақ? - Ертегі дегенді қалай түсіндіре аласыңдар? - Ертегілер – тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары
Ертегі соңы кейіпкерлерді бақытқа, көздеген арманына қол жеткізумен аяқталып отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді. Осы аталған ертегілер түрлерін кезекпен атай отырып, сыныпты үш түрлі топқа бөлу «Дөңгелек үстел» стратегиясы. Топпен жұмыс Қағаз тарату 1-топқа сұрақ: Сенің өміріндегі ертегілердің рөлі 2-топқа: Ертегілердің тәрбиелік мәні 3-топқа: Ертегілер адам қиялынан, арманынан туған дегенге келісесің бе? Осы ойды топ оқушылары кезекпен жалғастырып әкетеді Топтың жауаптарын тыңдау, толықтыру Ә) Мағынаны тану Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, «Болжау» стратегиясы арқылы әңгіме не туралы болатынын анықтап көру Ертегіні оқу. Басты кейіпкерлерді анықтау. Әр кейіпкерге сипаттама бер. Дауыс интонациясы қандай болуы мүмкін. ІІІ. Шығармашылық жұмыс Ертегіні рөлдерге бөліп ойнап көру Ертегіні қойылым ретінде қоймас бұрын әр топқа тапсырма беру. 1-топ: Ертегіні күлдіргілер елінде өткізеді 2-топ: Ертегіні жылауықтар елінде өткізеді 3-топ: Ертегіні күлмейтін, жыламайтын қатал патшалықта өткізеді. Әр топ кейіпкерлерінің киімдерін, тіпті декорацияны қолда бар заттардан құрастыруы мүмкін. Бірақ уақытқа шектеу беру керек. Топтардың қойылымдарын көру Бұл жерде топ оқушыларының тапқырлығына және берілген тапсырманы көрерменге қалай жеткізе алатынына мән беру Ертегі әртүрлі қойылымда қалай өзгереді? ІV. Ойталғау Қойылымнан қандай әсер алдың? Кішігірім эссе жазу Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау Үй тапсырмасын беру |
Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.
Желілік басылым материалдары 18 жасқа толған және 18 жастан асқандарға оқуға арналған
Copyright © 2020 Oinet.kz