Ашық сабақ. Өзін-өзі тану. 7 сынып. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас
Тақырып: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер:жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік
Мұғалiм:М.С.Ерғазиева
Сынып 7 «Г»
Сабақ мақсаты: Ұжымдағы сыйластықты,жақсы қарым-қатынасты үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеті: -Ұжымдағы жақсы құндылықтарды сүйіспеншілік құндылығының негізінде түсіндіру; -қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту; - оқушыларды ұжым алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу. | Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер,слайд. |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Жалпыадамзаттық бес құндылық: Ақиқат,Сүйіспеншілік,Қиянатжасамау,Дұрыс әрекет,Ішкі тыныштық. Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» 2.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы туралы мәлімет айту. Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы, 12 ақпанда. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зайыбы. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді. «Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады. 3.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының құрметіне оқушыларға сұрақтар қою және ақпарат беру. Абай(Ибраһим)Құнанбаев 1845-1904 жылдары өмір сүрген. Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, 4.Үй тапсырмасын тексеру. №21 сабақ 84 бет «Айгүлдің әңгімесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау. Сұрақтар: · Айгүл мен әжесі арасындағы сыйластықтың сыры неде? · Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады? · Айгүлдің «Мен жер астындағы алтын, күміс емес, дос туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмінғой»,-деген сөзінен нені аңғаруға болады? Айгүлге қалай көмектесер едіңдер? · Өздеріңнің сыныптарыңдағы қарым-қатынас қандай?Оны қалай бағалайсың? · Сыныбыңдағы қарым-қатынастарды өзгерткің келеме?Неліктен? Қалай өзгертпексің? | Сабақ барысын талқылау:
Баяу әуен
Сара Алпысқызының суреті
Абай Құнанбаевтың суреті.
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқулығы |
5.Жаңа тақырып: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас Дәптермен жұмыс: Жаңа ақпарат пен дәйек сөзді дәптерге жазу. Ұжым дегеніміз (лат. collektivus – жинақ) – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Қарым-қатынас-адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы,өзара іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс. Дәйексөз. Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың дайексөзімен таныстырады.Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды. «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз-ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз» В.Сухомлинский Сұрақтар: · Дәйексөзден қандай ой түюге болады? · Өзіңе тиістіні тындыру дегенді қалай түсінесіңдер? · Бақыт дегеніміз не? · Борыш дегенді қалай түсінесіңдер? · Өз борыштарыңды қалай өтеп жүрсіңдер? Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу. Дәйек сөздің авторы Василий Александрович Сухомлинский.1918 жылы,28-қыркүйекте,Украйна елінде,Васильевка селосында дүниеге келген.Педагог,балалар жазушысы, педагогика ғылымының кандидаты. «Сердце отдаю детям», «Сто советов учителю», «Родительская педагогика» т.б. көптеген кітаптардың авторы. | Оқулық,дәптер. |
Кітаппен жұмыс:1-тапсырма.86-бет. Жағдаяттармен танысып,ұжымдағы қарым-қатынас туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
| |
6.Досымның жүрегі ойыны:Үлестірілген жүрекшеде аты жазылған сыныптасыңның жақсы қасиеттерін сипаттап жаз. | Жүрекшелер |
7.Бейнежазба: «Жақсы дос пен жаман дос» Оқушыларға сөз беру,ой бөлісу.Бейнежазбадан алған әсерлерімен бөлісу. | Бейнежазба |
8.Топтық жұмыс. 1-топ. «Татулық» тобы: Сыныптарыңмен қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын жасау.Баспалдақтың суретін салу. 2-топ. «Бірлік» тобы: Ұжымды ұйымшылдықта,ауызбіршілікте ұстайтын қасиеттерден туратын күннің суретін салу. | Әуен: «Жан досыма» Түрлі-түсті қарындаштар,маркерлер,ватмандар |
9.Сергіту сәті. Топпен ән айту. «Жан досым» Сейдолла Бәйтереков Оқушылар әнді бәрі бірге,қолдарына жүрекшелер ұстап айтады. | Аудиожазба,жүректер |
10.Үй тапсырмасы. № 22 сабақ «Алғашқы айлар» повесінен үзінді оқу, 87- бет | |
11.Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі. Бутерброд әдісі-бір мадақ айтып,сосын бір сыни пікір немесе ұсыныс айтып,тағы бір мадақ айту. | |
12.Сабақтың қорытынды сәтi. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. |
Тексерілді: