Ашық сабақ. Өзін-өзі тану. 11 сынып. Өмір – шексіз керуен
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: Мектеп лицей
Мұғалімі: Ибраимова З.М
Сыныбы: 11Б
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Өмір – шексіз керуен
Құндылығы: Ішкі тыныштық
Қасиеттері: Өзіне-өзі сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі құрметтеу
Мақсаты: Оқушыларды өмір атты шексіз керуенде ішкі тыныштықта өмір сүруге баулу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды өзіне-өзі сенімді болуға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ұстамдылық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.kk.wikipedia.org |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №1- сабақ. «Өмір – шексіз керуен» тақырыбында эссе жазу 2. Келесі сабақ. №2, М.Мақатаевтың «Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?» өлеңін оқып келу. Сұрақтар: 1. Уақыттың адам өміріне ықпалы қандай? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. «Жеңген адам мін-мінезін өзінің, Танытады өз қайратын,өз үнін.» Ж.Молдагалиев. Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы. Сұрақтар: 1. Адам өз мінезіндегі мінің калай жене алады? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Сабыр суы Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын. -Не амал етсем екен?. Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді. «Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейді. Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді. «Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді. Сұрақтар: 1. Ақсақалға не үшін келді? 2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді? 3. Ақсақал не үшін суды ұсынды? 4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты? 5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді? 6. Сіздер үшін сабырлы адам кім? 7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма? Қорытынды: Мінез жақсы болу үшін кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, себебін түсінуге тырысайық, өз мінезімізді қадағалауға үйренейік,сонда ғана ішкі тыныштыққа ие боламыз. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: Ішкі тыныштықта сурет салу. | |
6. Топпен ән айту. М.Өрісбаев «Өмір сыры» 1)Өмір деген – Жанымның шуағындай жарқырайды. Көңіл деген – Бар кезде шарықтап шалқымайды. Арман деген – Жүректің жұбанышы үзілмейтін. Үміттің серігің ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың. Қ/ы Бұл дүниені Жарығым қайта оянып көрер болсам Өмірге қайта айналып келер болсам Сезер – ек бақыттың шын бағасын 2)Бақыт деген – Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы Уақыт деген – Өзгермес сұрапыл соқса тағы Ақымақ деген – Жүректің жұбанышын көз ілмейтін Үмітің серігім ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың Қ/ы Жүректің жұбанышы үзілмейтін. Үміттің серігің ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың. Қ/ы | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №2 – сабақ. Жұмыс дәптерегі 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №3, Г.Молдағалиеваның «Шипалы түн» мәтінін оқып келу. | |
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |