Ашық сабақ. Өзін-өзі тану. Отбасы бақыт мекені
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Ақтоғай орта мектебі Мерзiм: 18.09 № 3
Тақырып: Отбасым – бақыт мекені
Құндылық: ақиқат Қасиеттер: сүйіспеншілік, адамгершілік
Мұғалiм: Әділшиева Ләззат Сынып: МАД
Сабақтың мақсаты: «Отбасы» ұғымының маңыздылығын ашу. Сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. |
Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер) бояу, шар жүрекшелер, дәптер ,оқулық, тауық балапанның суреті |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 2. Жағымды көңіл-күй орнату - Бүгін біз «Өзін – өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. Осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші.
| Сабақ барысын талқылау: Балалар мұғаліммен бірге қайталап іс-қимыл жасадйы. |
3. Дәйексөз. «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік беру. | Дәйексөздің мағынасын балаларға мұғалім түсіндіреді.
Балалар ата – аналарының қалай еркелететінін айтады.
|
4. «Бес саусақ» ойыны Бес саусаққа ата, әже, әке, ана және өзінің суреттерін бір – бірлеп жапсыру.
| Балалар үйден әкелген отбасылық суретті әдемілеп жапсырады. |
5. Сергіту сәті Біз кішкентай баламыз, | Балалар мұғалімнің айтқанын қайталап бойларын сергітеді. |
6. Дәптермен жұмыс Шығармашылық жұмыс жасау. Дәптерге өз отбасыларының суретін салады.
| Тапсырманы орындайды. |
7. Ойын Шеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне ұқыптылық туралы сөздер айтады
| Сәлем! Рахмет!Қалың қалай? Қош келдің! Кешіріңіз! Өтінемін! |
8. Қорытындылау - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, бірін – бірі құрметтей, сыйлай білуі керек. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. | Балалар өздерінің жылы сөздерін отбасы мүшелеріне арнайды. |
Соңғы тыныштық сәті Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар
|