Ашық сабақ. Әліппе. Вв дыбысы мен әрпі
Вв дыбысы мен әрпі
Ашық сабақтар
Вв дыбысы мен әрпі
Мақала авторы: Садықова Сәнімкүл Серікбайқызы
Жұмыс орны: №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2016
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. Вв дыбысы мен әріп таңбасының ерекшеліктерімен таныстыру. В дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. В әрпін әдемі, көркем етіп жазуға үйрету.
Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, «қар тазалау», «шырша» ойыны, ассосация.
Көрнекіліктер: В дыбысына байланысты суреттер, электрондық оқулық, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде,
Оқып, жазу жазамыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
«Қар тазалау» ойыны.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Жарайсыңдар! Қазір сабағымызды бастау үшін сыныбымызды қардан тазалап алайық. Кейбір парталардың үстінде қар жатыр. Сол қарда сұрақ жазылған. Егер сұраққа толық, дұрыс жауап берсек, қардан тазалаймыз.
«һ» дыбысы қандай дыбыс?
«һ» әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
«Қаһарман» деп кімді айтамыз?
Еліміздің қаһарман қыздары мен ұлдарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабағымыздың тақырыбын білу үшін бәріміз тақтаға қарайық? (Пойыздың даусын шығару)
Балалар, ненің даусы шықты?
Пойыздың.
Пойыз не істеді?
Пойыз тоқтады.
Пойыз қайда тоқтайды?
Вокзалға.
«Вокзал» сөзін буынға бөлейікші.
Қандай дыбыстан басталып тұр?
В (оқушыларға в дыбысын айтқызу)
В қандай дыбыс екен?
В – дауыссыз, ұяң. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі.
Велосипед – дыбыстық талдау жасату. (текшелер арқылы)
-Дыбысты немен таңбалаймыз? (Әріппен)
-В әрпінің баспа түрі.
ІV. Оқулықпен жұмыс:
Ва гон (суреті), вок зал, ав то бус, трам вай, ве ло си пед,
Велосипедтен әлемдік жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық азаматтың есімін білесіңдер ме?
Винокуров
Сендерден де сондай спортшылар шығады деп сенемін.
ак ва ри ум, во лей бол, ви та мин.
Оқушыларға бағандағы сөздерді оқыту.
Мәтінмен жұмыс.
Вокзал.
Бұл – темір жол вокзалы. Оған пойыздар үздіксіз келіп, кетіп жатады.
Біз вокзалдың жанында тұрамыз. Әжемді күтіп алуға вокзалға бардым. Пойыз бірінші жолға тоқтады. Мен әжемді қарсы алдым.
Мәтінді оқып беру. Оқушыларға оқыту. Мәтін бойынша сұрақтар қою.
Бұл не?
Оған нелер үздіксіз келіп, кетеді?
Олар қайда тұр?
Ол қайда барды?
Пойыз қайда тоқтады?
Ол кімді қарсы алды?
Үлкенге құрмет – балаға міндет. (оқушылардың ойын тыңдау)
Сурет арқылы толықтырып, түсіндіру.
Сергіту сәті. «Шырша» ойыны.
-Балалар, жазба әріпті не үшін пайдаланамыз?
-Ендеше, В әрпінің жазба түрімен танысайық.
В жазылуын көрсету.
Ауада жазу.
Тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтың төменгі жағындағы сөздерді оқыту.
Жұптық жұмыс:Екі қатарға сөз беріледі. Әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрайды.
Вагон автобус вокзал
Сабақты қорытындылау.
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Ассосация» әдісі.
В
Дауыссыз
Ұяң
Автобус
Вазелин
Витамин
Вокзал
Трамвай
Вагон
VII. Бағалау.
Жұлдызша – өте жақсы
Төрт бұрыш – жақсы
үшбұрыш – әлі де дайындықты қажет етеді.