Ашық сабақ. Информатика. 6 сынып. Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат
Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат
Ашық сабақтар, Информатика
Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат
Мақала авторы: Изтелеуова Қаламқас Сабитқызы
Жұмыс орны: "Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"КММ
Лауазымы: информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.05.2016
Пәні, сыныбы: Информатика, 6 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.
Жалпы мақсаты Мәтіндік редакторды іске қоса алады; мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; құжаттарды құра және сақтай алады.
Оқу нәтижелері Мәтіндік редакторды іске қоса алады (барлығы);
Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);
Құжаттарды құра және сақтай алады (кейбіреуі).
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
тапсырмалар
Көрнекілігі ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
Түйінді идеялар Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5 мин Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Кездесу» ойыны
Смайлик арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
Тұсаукесер
Уақыты: 5 мин
Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.
Негізгі бөлім
Уақыты:25 мин
Мағынаны тану.
1-топ: «Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік»
2-топ: «WORD бағдарламасын іске қосу»
3-топ: «Құжаттарды құру және сақтау»
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей
Word мәтіндік редакторын іске қосу әрекеттерін тізбек түрінде жазып көрсетіңдер.
В-деңгей
Word редакторының мүмкіндіктері қандай?
С-деңгей
Терезенің негізгі элементтерін атап, олардың міндеттерін жазыңдар.
Сергіту сәті.Көзге арналған жаттығулар.
Беркіту тапсырмасы:
«Кім білгір» ойыны арқылы сабақты бекіту.
1. Сиқырлы шарлар
2. Тосын сұрақтар
3. Жұмбақтарды шешу
Қорытынды
Уақыты: 6 мин
Рефлексия
Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Не білемін?
Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин Үйге: тақырыпты оқу және интернеттен қосымша мәліметтер алу. 6-сыныптың информатика оқулығынан Word мәтіндік редакторының батырмаларымен танысу және атқаратын міндеттерін жаттау (155-156 бет, 2012ж)
Бағалау
Уақыты: 2 мин
Бағалау парағы
Peфлeкcия «Бағдаршам»
Әр топтағы оқушылар жасаған жұмыстары бойынша топ басшысы бағалайды