Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 05-10-2018 782

Ашық сабақ: Ыбырай Алтынсарин

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Ашық сабақ: Ыбырай Алтынсарин

Мақала авторы: Максутова Алтынай Бектасовна
Жұмыс орны: №72 жалпы орта мектеп
Лауазымы: Тарих пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.01.2017


Ашық  сабақ.   Қазақстан тарихы.  8-сынып

Сабақтың  тақырыбы:  Ыбырай  Алтынсарин

Сабақ  негізделген оқу мақсаты: 

  1. Ыбырай Алтынсариннің  өмірі және  қызметі  туралы  білу;

  2. Ыбырай Алтынсариннің  педогогикалық қызметін  талдау;

  3. Ыбырай Алтынсариннің  шығармаларының  тәрбиелік мәнін  анықтау.

Сабақ  мақсаттары:

Барлық  оқушылар:  Ыбырай  Алтынсариннің өмірі және  қызметі  туралы  біледі;

Оқушылардың  басым  бөлігі:    Ыбырай Алтынсариннің  педогогикалық қызметінің  маңызын  талдай алады;

Кейбір оқушылар:  Ыбырай   Алтынсариннің  шығармаларының  тәрбиелік мәні мен  құндылығын  анықтай  алады.

Тілдік  мақсат: 

Оқушылар:  Тақырыпты  оқи  отырып,  Ыбырай  Алтынсариннің  өнегелі  өмірі, оқу- ағарту  ісін дамытуға сіңірген қызметі, тәрбиелік  мазмұндағы шығармалары  туралы мәліметтермен  танысады.

Тақырыптағы  негізгі сөздер  мен тіркестер:   Көрнекті  педогог, жазушы, фольклоршы, этнограф, орыс-казак  мектептері, қазақ  балаларына  арналған интернат, тұңғыш  қыздар  мектебі,  халық  ағарту  ісі, училищелер, ғылыми  және  әдеби қызметі, кредо,  ведомство, хрестоматия, аудармашы

Талқылауға  арналған тармақтар:

  1. Ы. Алтынсариннің балалық және жастық  шағы

  2. Ыбырай ашқан мектептер

  3. Шығармаларының құндылығы

  4. Қазақ тарихында алатын  орны.

Тақырып бойынша  қойылатын  дамыту  сұрақтары:

— Ы.Алтынсарин  неге  педогогикалық  қызметті  таңдаған?

— Патша үкіметі  қазақ  өлкесіндегі  оқу-ағарту   ісін жүргізуде  қандай  мақсат  көздеді ?

— Ы.Алтынсариннің  шығармаларының  және  қазақ  балаларына  арналған оқулығының  қандай құндылығы  бар?

— — Ы.Алтынсарин  қазақ  тарихында  қандай  орны алады?

Көрнекіліктер  және  ресурстар:  «Дегдар — Ыбырай  Алтынсарин»- бейне  баяны (видео),  «Ыбырай  Алтынсарин. mp4 »  слайдшоуы, флепчарт, сурет,  Қазақстанның  картасы, конвертті-тапсырмалар, интерактивті тақта, жұмыс  дәптері, әлеуметтік  желі мәліметтері

Жазылым бойынша ұсыныстар:      Постерге  жазу

Алдыңғы  сабақтағы  оқу  тақырыбы:  «ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту  ісі»

Сабақ  әдеттегідей  ұйымдастыру  кезеңінде  ынтымақтастық  ахуалды   қалыптастыру   үшін  оқушылардың  бір-біріне  бір  ауыз жылы  лебізбен  «сәттілік,  бақыт,  табыс, көңілді  күн, жақсы  баға, т.б.» сияқты  тілектер   айтумен  басталды.  Сыныптағы  27 оқушының   ұл-қызын   «Тепе-теңдік  заңдылығы»  бойынша  «Азамат», «Педогог»,  «Зият», «Қайраткер»   деп                          төрт  топқа  тең  бөлдім. Партаға  жайғасқан  оқушылар  араларынан  топ  басшысын  белгілеп  алды.

Қызығушулықты  ояту кезеңінде  алдыңғы  сабақтағы   оқу  «ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту  ісі» тақырыбы  бойынша  қайталау  сұрақтарын  «Серіппелі  сұрақтар (Серпілген сауал)»  әдісімен  қойып, мәтіннің  мазмұнын түсіну деңгейін  және талқылау дағдыларының                                                                                              даму  барысын бағаладым. Формативті бағалауды белгілеп  отыру  үшін топқа критерийімен  бағалау  қағазы  таратылды.

                                                 Бағалау  критерийі
       Білу/  түсіну    Талдау/ жинақтау                қолдану
Жауаптардағы  нақтылық:  жылдар,  елді  мекендер,  адам  аттарының  дұрыс        айтылуыАйтылған  сөздің  және  сөйлемнің  анықтығы


 

Айтылған  дәлелдемелердің  нақтылығы,  өмірмен  байланыстылығы

Оқушыларға қойылған «серіппелі  сұрақтар»:

—  Медреселерде оқу  қалай жүргізілді?

—  Медреседе  оқу жылдың қай мерзімінде  жүргізілді?  Неге?

—  Медреседе  қандай  пәндер  оқытылды?

— Патша  үкіметі  медреселерде орыс тілі пәнін оқытуда қандай мақсат көздеді?

— Медреседе орыс  тілін  оқыту  саясатына  қарсылық  білдірушілер  қозғалысының  басында  кімдер  тұрды?   т, б.

«Мағынаны тану»  кезеңінде интерактивті тақтада  слайд бойынша жаңа  сабақтың  тақырыбын  таныстырып, биылғы жыл  Ыбырай  Алтынсарин  175 жасқа толғанын  атап  өттім. Оқушыларға “Ыбырай Алтынсарин”  бейнебаянын көрсетіп, постерге  жазу  арқылы  топтық талқылауға «конверттегі»  тапсырма  бердім.   Конверттегі  тапсырма:

1- “Азамат” тобы:   Ы.Алтынсаниннің балалық  және жастық шағы

2-  “Педогог” тобы:   Ыбырай ашқан мектептер

3-   “Зият”тобы:   Шығармаларының құндылығы.

4-  “Қайраткер”тобы:   Қазақ тарихында алатын орны

Әр  топ  өз  тапсырмасын қорғап  шықты. Кейбір  оқушылар бейнебаянның  мазмұнын  жақсы  түсінгенін  көрсетсе,  біреулері  үйде  өздігінен  мәлімет жинақтап   келгенін   байқатты.   Оқушының  бірі  Ыбырай  Алтынсаринды  замандастары  «шоқынған  қазақ»  деп  кінәлағанын, болыстыққа  сайлауға түспекші   болғанда   біреулердің   жапқан   жаласынан   көп   қиналғанын айтты. Осы мәселеге сабақты  қорытындылау  кезеңінде тоқталып,  жаңа  мәліметтер  айтып  өттім.                                                                                                        Оқушылар  топтық  жұмысты  «бағдаршам» әдісімен  бағалады.

Бұдан  кейінгі  тапсырма:   “Достарыңмен  бөліс”- әдісімен  төрт  топқа екі  тапсырманы  бөліп  бердім. Бірінші тапсырмада берілген  мәтінді  орыс  тілінен  қазақ  тіліне аударып,  мағынасын  достарына  айтып  беру:

«Вчера  мы посетили  мавзолей  Ыбырая (Ибрая) Алтынсарина. Ыбырай  Алтынсарин (1841-1889)- казахский  просветитель, писатель, педогог. Он  открывал  школы, писал для  детей учебники,  переводил на казахский язык П.Н.Толстого, И.А.Крылова, создавал  варианты казахского  алфавита на основе русской  графики. Последние  годы Алтынсарин жил и  работал в  Кустанайском (раньше Николаевском) уезде. Он построил дом в 3 км. от  Кустаная. Недалеко  от  своего  дома на  берегу реки Тобол он и захоронен. Дом Алтынсарина не  сохранился,  а мовзолей  есть  до сих пор. Лет пять мы не были на  этом месте. Стоял мавзолей на певом  берегу Тобола, тихое,  спокойное, пустынное  место. Как же я была удивлена вчера, когда мы стали подходить к этому месту! Вокруг  стоят и строятся рестораны, бани, сауны,  есть  даже  стрельбише. Я испугалась – не снесли  ли  мавзолей? Вдруг помешал! Нет, мавзолей стоит,  жаль только, что он не так  ухожен, как близ  расположенные увеселительные  заведения. Дверь в Мавзолей «украшают»  ленточки тех, кто  посетил  это место.» Екінші  топтан бір оқушы  жауап  беруге  шығып,  орыс  тіліндегі  мәтінді өзінің  түсінігі  бойынша  қазақша  аударма жасады.. Оқушы  жауабынан  кейін,  Ыбырай  кесенесінің  суретін слайдпен  көрсетіп, қазіргі  жай-күйінен және ондағы  халық  қасиет  тұтып,  ленталар  мен  орамал  байлайтын  әулие ағаш туралы біраз  мәлімет  бердім.

Екінші  тапсырмада бір шумақ  өлеңнің  авторы  кім  екенін, кімге  арналып  жазылған және  қандай  әдеби  жанрға  жататынын  айту:

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа  жәрдем  берсін Хақ  тағалам.

Атаң  мұнда  анаңмен  есен-аман,

Сүйіп  сәлем  жазады  бүгін саған.

Атаңды  сағындым  деп  асығарсың,

Надан  боп  білмей қалсаң  аһ  ұрарсың.

Шырағым,  мұнда жүрсең  не  етер  едің,

Қолыңа  құрық алып  кетер  едің.

Тентіреп  екі ауылдың  арасында

Жүргенмен,  не  мұратқа  жетер  едің?! –                                                         Бұған  үшінші топтың  бір оқушысы  жауап берді. Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  Балқожа  бидің    Орынборда   оқуда  жүрген   немересі  Ыбырайға   жазған  хаты  екенін,  әдебиетте  арнау  жанрына  жататынын айтты. Оқушыларың  жауабы  «басбармақ»  әдісімен   бағаланды.  Сабақ   барысында   оқушылар  қызығушылық  танытып,  жаңа  мәліметпен  танысқан   тапсырманың  бірі  болды.

Келесі  кезеңдегі «Ыбырай оқулары»- деп  атаған  әдісімде ұстаздың  өлеңдерінің  құндылығын  ұғынып, мазмұнын  түсінсін  деп  өздеріне  ұнаған  өлеңін  жаттауға  тапсырма   берген  едім,  сол  бойынша оқушылар Алтынсарин өлеңдерінен  бір-екі  шумақтан  үзінділер  оқыды (флэшмоб).

Бұл  тапсырмаға белсенді қатысушыларды жеке бағалау құралдары «қызыл  жұлдыз», «көңілді  сары  смайлик» белгісі  бар  шағын  шаршы   қима  қағаз  беріп  бағалады.

Сабақтың  аяқталу  кезеңінде бүгінгі сабақта  алынған  білімді  бекіту үшін оқушыларға  күрделі сұрақтар  қоя  отырып, түсіну  дәрежесін бақыладым.

— Ы.Алтынсарин  неге  педогогикалық  қызметті  таңдаған?

— Патша үкіметі  қазақ  өлкесіндегі  оқу-ағарту   ісін жүргізуде  қандай  мақсат  көздеді ?

— Ы.Алтынсариннің  шығармаларының  және  қазақ  балаларына  арналған оқулығының  қандай құндылығы  бар?

—  Ы.Алтынсарин  қазақ  тарихында  қандай  орны алады?

Қорытындылау кезінде менің  оқушыларға айтқан  сөзім: Торғай  өлкесінен  екі  ұлы ұстаз, қазақтың танымал  перзенттері-  Ыбырай  Алтынсарин  мен  Ахмет Байтұрсынов  шыққан. Олардың  оқу -ағарту  саласына сіңірген еңбектерін  ақын  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  «қараңғы  қазақ көгіне  өрмелеп  шығып  күн  болам»  деген  сөзімен  бағалауға  болады.  Әлихан Бөкейханның  Ахмет  Байтұрсыновқа  жазған  хаттарының  бірінде  «сен Алтынсарының баласы  туралы  жазам  деген едің ғой. Ол  туралы  жаз. Сендер  бір-біріңе  ұқсайсыңдар.  Егер  оның заманында  болсаң  сенде  сол сияқты  болар едің. Сенің  орныңда Алтынсарының баласы  болса  сен істегенді олда  істер еді» деген  сөзінен  алашорда  қайраткерлері  ұстаздың  ісін бағалағанын  аңғару  қиын  емес. ХХ  ғасырдың 30-жылдарында Мұхтар  Әуезов Ы.Алтынсарин  туралы  көлемді  мақала  жазып, «шоқынған  қазақ» деген кінәлаушыларға да,  жала  жабушыларғада соққы  беріп,  ақтап  шықты.

-Балалар  сендерге  сұрақ:  Қазіргі  қоғамда  Ыбырай  Алтынсаринге қандай құрмет  көрсетілген?

Оқушылар Ыбырай  Алтынсарин  атымен  аталатын  мектептер,  жоғары  оқу  орындары, колледждер,  кітапханалар,  көшелер,  елдімекендер бар  екенін,  «Ыбырай  оқулары»  байқауы  өтетінін,  шығармаларын  кітап  етіп  шығарып  жатқанын, т.б.  айтты.

Оқушылардың кері байланыс  жасауына  арнайы өзін-өзі  бағалау  парақшасын  тараттым.


Ашық сабақ. Ертегілер әлемі. «Қызыл телпекті қыз» ертегісі
Ашық сабақ. Қазақ тілі. 8 сынып. Грамматика әлеміне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу