Ашық сабақ. Ертегілер әлемі. «Қызыл телпекті қыз» ертегісі

Oinet.kz 05-10-2018 867

Ертегілер әлемі

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Ертегілер әлемі

Мақала авторы: Адильханова Шынар Сеитбековна
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы
Лауазымы: тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 22.01.2017


 

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Денсаулық», «Әлеуметтану»
ҰОІӘ түрі: Қорытынды сабақ
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты: Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білу; көктем мезгілі, көктем айлары туралы тусініктерін тиянақтау
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті Ескерту
Мотивациялық қозғаушы 1. Ойын «Ой жүгірту»
Жұмбақ жасыру
Слайд көрсету
«Қызыл телпекті қыз» ертегінің кейіпкері. Оның сұрақтары
Балалар сұраққа жауап береді
Қандай ертегіде екенін табады
«Қызыл телпекті қызбен саяхат»
Жауап береді
Іздену ұйымдастырушы Қызыл телпекті қызбен саяхатқа шығу
Тапсырмалар береді
Жұмбақ жасырады
Сергіту сәті Әр турлі жолдарын атап беру
Тапсырманы орындайды
Жауабын табады
Әртүрлі қимылдар жасайды
Рефлексифті коррекциялаушы Қасқырмен кездеседі
Математикалық есептер тапсыру
Қызыл телпекті қызды құтқару
«Саңырауқұлақтарды тереміз»
Балалар қасқырдан құтқарады
Әжесіне жібереді
Нәтиже: Жыл бойы алған білімдерін бекіту
Білу керек: Жыл мезгілдерін, апта күндерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Математикалық есеп шығара білу, математикалық белгілерді тани білү + — ═ > <; әріптермен сөз құрастыра білу, салыстары білу
Қорытынды ҰОІӘ конспектісі
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты:
Мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, досына көмектесе білу.
Көктем мезгіл туралы түсініктерін тиянақтау, көктем айларын, атап беру. Апта күндерін атап беру,
Кеңестік қатынастарды қайталау (оң, сол, жоғары, төмен).
Сандарды қайталау, математикалық белгілерін білу, логикалық есептерді шешу.
ҰОІӘ барысы
Таңғы шеңбер: Армысың асыл күн,
Армысың асыл жыл,
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Болайықшы жақсы дос.
Балалар біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Амандасып жіберейікші.
Тәрбиеші: Балалар, ертегі еліне барғыңыз келе ме?
Ендеше? Сұрақтардың жауабын табайық! Келістік пе? Бастайык.
Ойын «Ойды ойға жүгіртіп жіберейікші»
• Тәулік неше мезгілге бөлінеді? (Таңертең, түс, кеш)
• Кештен кейін не болады?
• Аптада неше күн?
• Бүгін қандай күн? Кеше қандай күн болды? Ертен қандай күн болады?
• Дүйсенбі мен сәрсенбінің арасында аптаның қай күні?
Балалар, ертегі әлемін білу үшін ертегілерді есімізге салайық.
Тәрбиеші: Тамаша! Рахмет балалар, жұмбақты шешсендер, ертегі еліне саяхатқа барамыз!
«Мен кішкентай қызбын, бәрі жақсы көретін әжеме барамын, бәліш апарамын»
— Қандай ертегіден? (Қызыл телпекті қыз)
Авторы Шарль Перро
француз жазушы
Тәрбиеші: Міне, Қызыл телпекті қыздын өзіде келді (слайд көрсету). Хаттың сұрақтары бар екен.
Хат
— Жылдың қай мезгілі?
— Көктем айларын атап беріндер.
— Бір жылда неше мезгіл болады?
— Бір жылда неше ай бар?
Қызыл телпекті қыз: Рахмет, достарым. Енді әжеме барайық!
Тәрбиеші: Орманда көкжал қасқыр бар, ол қызыл телпекті қызды ренжітуі мүмкін. Біз әжесімен аман – есен кездесуіне көмектесейік!
Тапсырма
— Қызыл телпекті қыз жолға шыкты, жол қандай сызық?
— Түзу
— Қызыл телпекті қыз бір ағашқа келді. Кандай ағаш?
— Аққайың
— Қалай таптындар?
— Діні аппақ, қара дақтары бар.
— Қызыл телпекті қыз қараса … Не көріпті?
— Аққайынның он жағында көбелек, сол жағында ара, астында саңырауқұлақтар. Сол жағында жоғарда аққұлар, он жағында жоғарда күн мен бұлт. Артында гүл дала (слайд көрсету)
— Қандай гүлдер өседі?
— Түймедақ, қоңыраугүл
Қыз жатқан гүлдерді жинады. Көмектесіндер!
Қандай гүлдерді, қанша гүл жинады?
Тапсырма
Тақтада көрсету
— Қанша түймедақ?
— 4
— Қанша қоңыраугүл?
— 5
— Цифрмен белгілендер, қайсысы артық қайсысы кем , салыстырыңдар, математикалық белгіні қойыңдар.

Қызыл телпекті қыз: Рахмет, көмегіңізге!
Білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Медина)
«Білім қымбат – білу қиын»!
Білім инемен құдық қазғандай.
Тәрбиеші: Қызыл телпекті қыз тағы бір жолға түсті. Қандай жол? (Қисық) Ағаштың артында аңдар тығылып жатыр. Бұл қандай аңдар екен? Қасқыр емес пе? Қызыл телпекті қызға тағы көмектесейік.
Ал, кәнекей кім мақал- мәтел айтқысы келеді?
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»
Ойын «Аңды жина»
— Қандай геометриялық пішіндерді аңдарға пайдаландыңдар? Қанша? (түлкі, аю, қоян)
Тағы орманның ішінде жолмен келе жатыр, бұл қандай жол? (Ирек) Нені көрді? Табу үшін жұмбақты шешіңдер!
«Өз қалпағын жасынан, тастамайды басынан (саңырауқұлақ).

Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз
Міне біздер қандаймыз.
Саңырауқұлақтарды ерінбей,
Орман ішіннен тереміз.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досымай!
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты женіп біл
Құшағы гулге толады.
Қызыл телпекті қыз: «Жақсы жолдасын болсын» дейді. Рахмет, достарым!
Қызыл телпекті қыздың алдынан аш қасқыр шыға келіпті
Тәрбиеші: Қане, қасқырды алдайық, қызыл телпекті қызды құтқарайық, тез есеп шығарайық, бәліштерді қасқырға берейік. Келістік пе?
Тапсырма
Математикалық есептердің шешуін тап.
3 тен кем болса бәлішті қасқырға береміз
3 тен артық болса әжесіне береміз
1 + 3 =
5 – 4 =
3 + 2 =
4 – 2 =
5 – 1 =
1 + 4 =
Қай бәлішті қасқырға береміз? 3 тен кем болса.
Қасқыр бәлішті жегенше, қызыл телпекті қызды әжесіне жеткізейік!
Міне, әжесі қарсы алды! (слайд)
Халқымыз бекер айтпаған «Қайырымдылық – жылы жүректен, шамаң келсе көмектес!»
Қызыл телпекті қыз: Көмегіңізге Рахмет!


Ашық сабақтар. Этикет. Өзін-өзі тану. 8 сынып. Өнер — өмір өрнегі
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу