Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Марат Қабанбай өмірі мен шығармашылығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
«№58 мектеп-гимназия» КММ
Камалова Толкын Мураткалиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: | М.Қабанбай «Сурет салғым келмейді». (бейнелеу пәнімен кіріктірілген сабақ) |
Жалпы мақсат: | Осы мәтін бойынша автордың не нәрсені көздегені жайында талдау жасап, өмірмен байланыстыра отырып білімдерін кеңейту. |
Сабақтың мақсаты. | Не білу керек:Әңгіменің негізгі идеясын түсіну, өз сөздерімен әңгімелей білу, кейіпкерді сипаттау, өзіндік пікір айту,өз ойларын ортаға сала білу. Не істей алу керек:топпен ақылдаса отырып, өз ойын ортаға сала білу және басқаның да ойын тыңдай отырып, саралап ақ пен қарасын ажырата алу. |
Күтілетін нәтиже | Суретшілер жайында және ана қадірі жайында біледі, маңызын түсінеді.Оқушылар әңгімені түсініп оқиды, кейіпкерін сипаттап, өзіндік пікір айтуға үйренеді. Өз ойын тиянақтай біледі,нақты,толық жауап береді. |
Ресурстар: | оқулық, презентация, суретшілер суреті, АКТ,суреттер т.б. |
Оқыту әдістері: | Сұрақ- жауап, диалог, топтық, жеке, АКТ. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин) | Кімге сурет салған ұнайды? -Салған суреттерің өздеріңе әрқашанда ұнайды ма? -Өз жұмыстарың ойдағыдай болу үшін не істеу керек? -Әр адам суретші бола алады ма? -Ол үшін қандай қасиеттер болу керек | Жеке-жеке өз ойларын айтады, бір-бірінің жауаптарын тыңдайды. |
ІІ. Жаңа сабақ (кіріспе) ( 5 мин )
| АКТ- нің көмегі арқылы «Сурет салғым келмейді» деген тақырыпты ашу үшін, суретшілер жайында деректермен таныстыру. Суретшілердің еңбегін қалай бағалар едіңдер? Қандай суретшілерді білесіңдер? | Деректермен танысу арқылы мәлімет жинау, оны дер кезінде жұмыс барысында пайдалана алу. Суретшілердің еңбегін қара сөздер арқылы дәлелдеу. |
ІІІ Мәтінмен жұмыс ( 5минут) М.Қабанбай презентация | Осындай тамаша суретшілердің жұмысына қарама- қарсы келіп тұрған мәтін «Сурет салғым келмейді» деп аталады, не себептен осы тақырып осылай аталды екен? Оның себебін мәтінді тыңдау арқылы білеміз. 2.Біз бүгін «Сурет салғым келмейді» әңгімесін оқимыз.Әңгіменің тақырыбын ашып,оны өз ойымызбен аяқтаймыз. | Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, қарындашпен түртіп отыру арқылы өзіне керекті мәліметті жинап отырады және не себептен мәтін осылай аталды деген сауалға жауап іздейді.
|
ІV.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. ( 5 минут) | -Оқушылар қай үйірмеде отыр? -Салауат ағай кім туралы айтты? -Ана тақырыбын алғаш шырқаған кімдер екен? -Қазақтың жас келіншегі қалай суреттелген? -Кенеттен қандай жағдай болды? -Ағай қандай сезімде болды? | Өз ойларын ортаға салады және басқаның да ойын тыңдай отырып, саралап ақ пен қарасын ажыратады. |
VІ. Әңгімені өз ойымен аяқтау. (5минут) | -Ержан неге сурет салмады? -Оның үйінде жазда қандай жағдай болды? -Осы әңгімеден қандай әсер алдыңдар? -Ағай не істеу керек еді? -Ержан біздің арамызда болса не істер едіңдер?Қандай ақыл айтар едіңдер? | Мәтінді талдай отырып, Ержанға болашақта анасын қайғыра бермеу үшін қандай басу айтады топпен ақылдаса отырып, басу айту.
|
VІІ. Ол кім? Ой қозғау. (топтық жұмыс) (10минут) «Боз орамал»
| «Өмірде өзгермейтін үш-ақ нәрсе бар: Ол-ананың аялы алақаны, сәбидің күлкісі, күннің нұры» деген М.Горький. Өмірде өз анасын сыйламайтын, құрметтемейтін адам болуы мүмкін бе? Қазіргі уақытта осындай ұл- қыздардың болуына не себеп болды? Неге ол балалар жаман жолға түсті, не себеп?
| Өмірде өз анасына басқаша қарайтын, басқаша құрметтейтін адамдардың болатынын, өмірмен байланыстыра отырып, суреттеу, дәлелдеу, мысалдар келтіру. Жақсы мен жаманды салыстыра отырып, «Бөз орамал» көрінісіндегідей болып жатқан іс- әрекеттердің не себептен болып жатқанын дәлелдеткізу, мысалдар келтірту. |
VІІІ. «Анаға деген құрмет» топтық жұмыс (4 мин) Ана тақырыбына әуен ойнап тұрады | Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншымасын ешқашан, Аналардың жүрегі. «Анаға деген құрмет» тақырыбына постер жасау керектігін түсіндіремін, суреттер арқылы да, мақал – мәтелдер, өлеңді шумақты пайдалануға да болатынын ескертемін | Әр оқушылар өздеріне жүктелен тапсырмаларды 4 минут ішінде орындап шығу керек, топ бір- бірімен ақылдаса отырып, жұмыс жасайды, музыка аяқталған кезде олардың да жұмысы аяқталады. |
ІХ. Қорытынды «Үш минуттық үзіліс», «Тірілген туындылар» қойылым 3 минут
| Келесі жұмысымыз атақты суретшілеріміздің салып кеткен туындыларын тірілту, ой салу, не себептен бізге ол кісілер осындай туындыларды тарту етті.
| Оқушылар, «Бурлаки на Волге», «Девочка с персиками», «Жас Абай», «Моно Лиза», «У школьной дверей», «Биші қыз» , «Жамал» туындыларын көрсетеді. |
Х.Рефлексия 2 минут | Оқушылар бүгінгі сабаққа өз ойларын айта отырып ұсыныс жасайды. | -Мен ....... деген өз пікірімді өзгерттім. -Мен ...... туралы көбірек мағлұмат алдым. - Мен ...... таң қалдым. Мен ....... сезімде болдым. |
Бағалау | Оқушының жауап бергеніне байланысты сертификаттар беремін. | Қызыл сертификат- «өте жақсы» Көк сертификат- «жақсы» |
Үйге тапсырма | Мәтіндегі ойды аяқтау. Ержанға арнап хат жазу. |
Ұлы суретшілердің шығармаларын сомдау
Г.Исмаилова «Шара Жиенқұлова» Леонардо да Винчи «Мона Лиза»
Н.Богданов-Бельский «У дверей школы» В.Серов «Девочка с персиками»
Ә.Қастеев «Жас Абай» К.Тельжанов «Жамал»
Ашық сабақтан көрініс